Валюта бағамы: $ 386.7 427.15 6.06 ¥ 54.57

Қоқыс өңдеу – заман талабы

Қазіргі таңда бүкіл әлем жұртшылығының назарындағы мәселесі ол – қоқыс. Жапония, Сингапур, АҚШ сынды өркендеген елдер қоқыс өңдеудің жаңа экономикалық бағытын тапты. Осының нәтижесінде сұрыптап, қалдықты кәдеге жаратудың модернизациясын пайдалануда.

Статистикаға сүйенсек, жылына орта есеппен үлкен қаланың әр тұр­ғыны 500 килограмм қоқыс шыға­рады, ал шағын қаланың әр тұрғыны 150-200 килограмм қоқыс төгетін көрінеді. Осы бағытта жүргі­зілген зерттеулердің қортындысы бойынша, қағаз ыдырау үшін 5-10, полиэтиленге 250-500, шыныға 1000 жыл керек. Мәселен, біз күнделікті тұтынатын пакеттер шіруіне 300 жыл уақыт қажет. Енді есептей береніз: біз айналасы бірнеше жылдан, ғасырларға ұласқан ұзақ мерзімдерде қандай ауа жұтудамыз.
Көптеген экологтардың айтуы­на қарағанда, ол қалдықтардан бөліне­тін улы заттар түрлі бактерологиялық аурулардың тууына себеп болады екен. Әсіресе, СПИД-тің таралуы, ауамен келетін ауру-сырқаулар бір­тіндеп қоқыс төгілетін полигондар маңындағы елді мекендер артынан барша қала, мемлекет, әлемге зардабын тигізеді. Өткен XX ғасырда барша дүниеде ғылыми техникалық өрлеудің нәтижесінде технология дамып, зауыттар мен фабрикалар салына бастады. Ал, өнеркәсіп орындары көбіне елдің экономикалық ахуалын дамытты, бірақ оның екінші тұсы да бар еді. Біртіндеп өндіріс орындары нулы-тоғайлы, өзен көлдер маңайына салынды. Үлкен-үлкен фабрикалар кәсібін домалатып, қоршаған ортаның ластануын естен шығарды. Содан бері будақтаған түтін, керексіз сұйық қалдықтар биосфера қабатын ластауда. Орман тоғайлар оталып, өзен-көлдің сулары тартылып жатты. Сөзімізге тұздық, бір ғана мысал – Арал теңізі. Әлемдік ғалымдар Ги­малайдың басынан Аралдан ұшқан тұздың қалдықтарын тапқан. Демек, бұл – ғаламдық проблема.
Жапония, Сингапур, Америка Құрама Штаттарында қоқысты кәсіп етіп, нәсіп тауып отырған кәсіп­орындар бар. Қарапайым ағаштың жаңқасынан қалған қиқымды арзанға сатып алып, одан түрлі шкаф, есік, тағы сол секілді тұрмыстық заттарды жасап, тұтынушыға екі үш есе бағасында нарыққа жөнелтеді. Ал оның сыртында шетелге экспорттау бар.
Біздіңше, бүгінгінің ең өзек­ті мәселесі – азық-түлік қауіп­сіздігі­нен кейінгі орындағы «қо­қыс» проблемасы деп білеміз. Жаһан күн сайын өзгеріп жатыр. Сол үде­рістен қалмау үшін әлем елдері өз экономикаларын әртараптандырып әлек. Бізде келешекте дамыған өр­кениетті мемлекеттердің көшінен қалмайық десек, таза қала, таза ауа, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін қоқысты кәдеге жаратайық. Қоқысты экономикаға айналдыру – бүгінгінің кезек күттірмейтін талабы демекпін.

Олжас ЖОЛДЫБАЙ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру