Валюта бағамы: $ 385.76 427.89 6.04 ¥ 54.79

Мұнай үлесі азайған

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) республика бойынша экспорт пен импорттың осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдайына талдау жасады. Еліміз экспортының түйінді тауар номенклатурасы арасында абсолюттік түріндегі негізгі төмендеу мұнай еншісіне тиесілі екен.

Айта кету керек, республика­мызда наурыз айында ОПЕК+ мәмілелері аясында келісілген 40 мың баррель орнына мұнай өндіру тәулігіне 60 мың баррельге төмендеген, бұл ірі кен орын­дарындағы жөндеу жұмыс­тарына байланысты жүзеге асқан. Ірі мұнай-газ жобаларындағы жөндеу жұмыстары 2018 жылғы 90,4 млн тоннамен салыстырғанда (-1,5%) ағымдағы жылғы мұнай өндірудің 89,0 млн тоннаға дейін төмендеуіне әкеліп соғады деп күтілуде. Осы айтылғандардың әсерінде қазақстандық экспорт құрылымындағы мұнайдың үлесі бір жыл бұрынғы 59,3%-дан 55,9%-ға дейін төмендеген, бірақта бұл газды экспорттау (5,1%), органикалық емес химия өнімдерін (3,1%), сондай-ақ басқа да тауарларды шет елдерге сату есебінен ішінара шығындардың орнын толтырған (1-таблица. Негізгі экспорттық тауарлар).


Қазақстан мұнайының негізгі сатып алушылары арасында атал­мыш тауар импортының абсолют өрнектегі күрт төмендеуі Ита­­лия мен Нидерландта айқын аңғарылады. Бұрынырақ бұлардың біздің «қара алтынымызды» им­порттаудағы жиынтық үлестері 45,9%-ды құраса, енді ол 40,4%-ға дейін төмендеп кеткен. Еске салар болсақ, ХВҚ сәуірде аталмыш елдер экономикасының ағымдағы жылғы өсім болжамын 0,6%-дан және 2,6%-дан 0,1%-ға дейін және 1,8%-ға дейін (тиісінше) қысқартқан болатын. Бұған қоса біздің еліміз бұдан бұрын қазақстандық мұнайды сатып алу бойынша көшбастаушылардың арасында тоғызыншы орында болған Жапонияға көмірсутегін экспорттамапты. Сонымен қатар Қазақстан мұнайының абсолют өрнектегі импортының өсуі Корея Республикасы мен Түркия елдерінде айқын байқалады (2-таблица. Қазақстан мұнайының негізгі сатып алушылары).


Өз кезегінде, тауарлар импортында мұнай мен мұнай өнімдерінің, сондай-ақ табиғи газдың негізінен төмендегені белгілі болған. Энергетика министрлігі 2 наурыздан бастап Ресейден жанармай тасымалдауға шектеу енгізгенін айта кету керек. Бұл шара үш айға созылады және тауарбастылыққа жол бермеуді көздейді. Сонымен бірге абсолюттік өрнектегі мейлінше жоғары өсім жеңіл автомобильдер мен дәрі-дәрмектердің импорты бойынша айқын болып отыр. Сондай-ақ, ҚР Ұлт­тық Банкінің болжамдары бойынша, тұтынушылық және инвести­циялық сұраныстардың кеңеюі ағым­дағы жылы импорт өсімінің басты драйверіне айналады (3-таблица. Негізгі импорттық тауарлар).


Сөйтіп, әдетте профицитті болып табылатын, импортқа (-2,7%) қарағанда тауарлар экспортының (-4,3%) қарқындырақ баяулауы, еліміздің сауда теңгеріміне жайсыз әсерін тигізуі мүмкін. ҚР ҰБ-нің алдын-ала болжамдары бойынша, былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі 6,2 млрд АҚШ долларымен салыстырғанда ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы сауда теңгерімінің профициті $7,1 млрд құрапты. Сонымен қатар төлем теңгерімінің ағымдағы шоты екінші тоқсан қатарынан профицитті үйлесіп, 834,8 млн АҚШ долларын құраған.

Иса ҚАМБАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру