Валюта бағамы: $ 378.65 430.07 6 ¥ 55.1

Қазақстан Республикасындағы халықтың 2018 жылғы табыстарының саралануы

Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2018 жылы 4,3% құрады.

Сонымен қатар, қалалық және ауылдық жердегі табыстардың айтарлықтай саралануы сақталуда. Осылайша, қалалық жерде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2,5%-ды, ал ауылдық жерде 6,7%-ды құрады. Ауылдық жердегі кедейліктің деңгейі қалалық деңгейден 2,7 есеге жоғары.
Өңірлер бөлінісіндегі кедейлік деңгейін қарастыратын болсақ, 2018 жылы кедейліктің ең жоғары мәндері Түркістан (10,6%), Шығыс Қазақстан (6,3%) облыстарында, ең аз үлесі – Нұр-Сұлтан (0,9%) қа­ласында байқалғанын атап өткен жөн.


Өңірлік бөліністе елді мекен типі бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесінің саралануы бойынша ауыл­дық жерлерде кедейліктің жо­ғары мәндері Шығыс Қазақстан (11,7%), Түркістан (11,1%) және Маңғыстау облыстарында (7,3%) байқалғанын көруге болады.
Табыстарды бөлудегі саралануды бағалау үшін табыстары үлестері бойынша халықтың әрбір 10 пайыздық топтары та­быстарының жалпы көлемі бойынша салыстырмалы деректер қолданылады.
Джини коэффициенті 2018 жылы 0,289 құрады.


Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) – тұтынуға жұмсалған ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар халық санының халықтың жалпы санына пайызбен өлшенген қатынасы.
Джини коэффициенті әркел­кілік дәрежесін сандық бағалауға мүмкіндік береді. Ол халықтың сан жағынан тең топтары бойынша олардың теңдей бөлу сызы­ғы арқылы табыстардың нақты бөлінудің ауытқу дәрежесін бел­гілейді.

*2018 жылғы 1 қаңтардан бас­тап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы өзгерді. Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыс­тардың тіркелген үлесі ең төменгі азық-түлік себеті құнының 45%-ы мөлшерінде белгіленді (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 296 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 354 бірлескен бұйрығы).


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру