Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Жол қауіпсіздігі басты назарда

Түркістан облысында заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатында кезекті рейдтік іс-шаралар өтті.

Сарыағаш ауданында өткен ауқымды шараның негізгі мақсаты –жолаушылар қауіпсіздігін қамта­масыз ету.
Облыстық жолаушылар кө­лігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастырумен өткен рейдтік шараға Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Сарыағаш ауданының мемлекет­тік кіріс­тер басқармасы, Түркістан облысының Көліктік бақылау инспекциясы мен Сарыағаш ауданының полиция бөлімі атсалысты.
Өткізілген рейдтік іс-шара­лар нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Ко­дексіне сәйкес, жолаушылар кө­лігіне қатысты 25 хаттама түзілді. Бірлескен шара алдағы уақыт­та жалғасын табады.

Ернар Орманов


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру