Валюта бағамы: $ 379.36 424.47 5.88 ¥ 54.95

Қытайға қандай тауарлар ұсынудамыз?

Қазақстан Қытай нарығына 13 түрлі ауыл шаруашылығы өнімін жеткізетін болды. Мұндай уағдаластыққа Алматыда өткен Қазақстан мен Қытай арасындағы ІІ өңіраралық форумда қол жеткізілді.

– Екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайту мақсатында Қазақстан металлургия, машина жасау, химия мен тағам өнеркәсібі саласында отандық тауар түрлері ассортиментін көбейтеді. Осы тауарлар пози­циясы шеңберінде Қа­зақстанда бірқатар кәсіп­орын жұмыс істеп тұр, – деді Премьер министрдің бі­рін­ші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, Қы­тайға экологиялық таза тауар­ларды жеткізу әлеуеті жоғары. Бүгінде отандық ауыл шаруашылығы өнім­дерінің, атап айтқан­да, ет, балық, бидай, соя бұр­шақтары, бал, ұн өнім­дерінің 13 түрін Қы­тайға жеткізу бойынша келі­сімге қол жеткізілді.
Өңіраралық ынтымақ­тастық форумы өнеркәсіптік кооперация тақырыбын талқылауға, инвестициялар тарту және Қазақстанның экспорттық әлеуетін іске асыру бойынша Қазақ­стан мен Қытайдың өңірара­лық және шекарамаңы ын­ты­мақ­тастығын дамытуға бағытталған.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру