Валюта бағамы: $ 384.87 432.52 6.11 ¥ 55.95

Сыр бойындағы сындарлы істер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына сапары барысында «Жан-Арай» агроиндустриялық кешенінің қызметімен танысып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен әңгімелесті.

– Ауыл шаруашылығы – әлеуеті өте зор, стратегиялық маңызды сала. Бұл саладағы мәселелерді жақсы білеміз. Мемлекет оларды шешудің барлық мүмкіндіктерін қарастырады, – деді Президент, өңір еңбеккерлеріне зор табыс тілеп.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сырдария өзенінің сол жағалауын дамыту жөніндегі шаһардың бас жоспары таныстырылды. Аумағы 1,5 мыңнан астам гектар жерді қамтитын бұл құрылыс алаңына тиісті инфрақұрылымдар жүргізілген. Мемлекет басшысына алдағы уақытта бұл жерде неке сарайы, өрт сөндіру депосы, 900 орындық орта мектеп, тұрғын үйлер, отбасылық медицина орталығы және басқа да әлеуметтік нысандар салынатыны жөнінде баяндалды.
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының құрылыс саласындағы көрсеткіші жоғары екенін атап өтіп, шаһардың өркендеп келе жатқанына тоқталды.
– Қала құрылысына осы саладағы үздік тәжірибелерді қолдану керек. Жаңа теxнология мен құрылыс материалдарын пайдаланып, «Ақылды қала» жүйесінің компоненттерін белсенді түрде енгізу қажет, – деді Қазақстан Президенті.
Байқоңыр қаласының дамуын әңгімелеу барысында Қазақстан Президентіне қаланың қазіргі аxуалы мен әлеуметтік-экономикалық даму барысы және оның негізгі көрсеткіштері баяндалды, «Байқоңыр» арнайы экономикалық ай­мағын құру жөніндегі тұ­жырымдама таныстырылды.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру