Валюта бағамы: $ 384.87 432.52 6.11 ¥ 55.95

Бюджетті басқару нәтижелі болуы тиіс

Еліміздің алдында тұрған маңызды экономикалық және әлеуметтік міндеттерді табысты шешудің бір шарты – мемлекеттік басқарудың құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттік аудит және қаржылық қадағалау органдарының нәтижелі қызметі болып табылады. Мемлекет активтерін, бюджет ресурстарын тиімді басқару оларды пайдаланудың нәтижелері туралы толық ақпаратсыз қиын. Осыған орай Алматы қаласы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тұрақты түрде аудиторлық іс-шаралар жүргізіп отырады. Мәселен, 2019 жылдың бірінші тоқсанында департамент 56 іс-шараны жүзеге асырды.

Департаментте прокуратура, қыл­мыстық қудалау органдарының тапсырмалары, сондай-ақ соттың ұйғаруы бойынша мамандар тара­пынан 12 тұжырым берілді.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелеріне сәйкес, анықтал­ған заң бұзушылықтардың жалпы сомасы – 8 583,6 млн теңге болды, оның ішінде:
– қаржылық бұзушылықтар – 2 143,8 млн теңге;
– процедуралық сипаттағы бұ­зу­шы­лықтар – 6 439,8 млн теңге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу рәсім­дерін жүргізу кезінде мемле­кеттік сатып алулар туралы заңнама нормаларын бұзу бойынша жалпы сомасы 859,7 млн теңге.
Есеп беру кезеңінде департамент жүргізген қаржылық қадағалау ша­раларының нәтижесінде бухгал­терлік есеп, жұмыстарды, қызмет көрсетуді және тауар жеткізуді орындау бой­ынша бюджетке 1 985,5 млн теңге қайтарылды. Бұзушылықтардың орны толтырылған және қалпына келтірілген жалпы сомасынан бюд­жетке қайтарылғаны – 4,8 млн теңге.
2018 жылы жүргізілген ауди­торлық іс-шаралар бойынша бюджетке 814,3 мың теңге қай­та­рылды. Сондай-ақ осы кемші­ліктерге жол берген жауапты тұл­ғаларға қатысты 53 ұйғарым шы­ғарылды. 37 жауапты тұлға тәр­тіп­тік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының әкім­шілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес, 51 әкімшілік іс қозғалды және 5,6 млн теңге толық көлемде бюджетке қайтарылды.
Бухгалтерлік есеп саласындағы бұл кемшіліктер мүдделі тұлға­лардың толық әрі шынайы ақпа­ратпен қамтамасыз етілмегенін, бухгалтерлік қызметтің сапалы жүр­гізілмегенін көрсетеді.
Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен әлеуетті жеткізушілердің арасында адал бәсекелестікті қамтамасыз ету мәселесінде де заң бұзушылықтар орын алғаны анықталды. 2019 жылдың бірінші тоқсанында Департамент басқа мемлекеттік органдардың ұсынуымен 7,0 млн теңге сомасындағы 57 әкімшілік іс қозғады және бюджет кірісіне толық көлемінде әкімшілік айыппұл өндірілді.
Мемлекеттік сатып алулар жүй­есінің басты мәселесі – тұтыну­шы үшін бұл жүйенің тиімділігі мен пайдалылығы екені белгілі. Осы орайда Алматы қаласының тап­сырыс берушілері жүзеге асырған мемлекеттік сатып алуларды каме­ралдық қадағалау аясында 45 090 тексеру шараларының 379-ында 9 727,8 млн теңге сомасындағы заң бұзушылықтар анықталды және оларды жою жөнінде тиісті ха­бар­ламалар жолданды. Есептік ке­зеңде 349 хабарлама толық көлемде орындалғанын айта кету орынды. Ал қалған 30 хабарламаның орындау мерзімі әлі өткен жоқ.
Осы кезеңде уақытында орын­далмаған екі хабарлама бойынша ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне мемлекеттік аудит нысандарының кодтары мен есепшоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату жөнінде хаттар жолданды. Мерзімінде орындалмаған хабарламалар бой­ынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық тура­лы кодексінің 462-бабына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде 2 хаттама жасалды және сотқа тапсырылды.
Аталған іс-шаралар мемлекеттік аудит органдарының нәтижелі жұмысты қамтамасыз етудегі қызметін білдіреді. Бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қама­та­масыз ету жөніндегі бұл жұмыстар осы бағытта жалғасын табады.

Әсия МАСИМОВА,
Алматы қалалық
ішкі мемлекеттік аудит
департаментінің бөлім басшысы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру