Валюта бағамы: $ 383.98 430.63 6.11 ¥ 55.83

Үш айда 2,9 трлн теңге кредит берілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша жиынтық есептемесінің сараптамасын жариялады. Соған сәйкес, ақпан айындағы айтарлықтай төмендеуден кейін ЕД-тердің жалпы активтері (алашағы) наурызда ең төмен (-0,6 млрд теңге) өзгерісті көрсеткен, деп хабарлайды Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы.

Бұл ретте қарыз қоржыны бір­қалыпты төмендеуді (-22,5 млрд теңге) аңғартқан, ал жаңа кредиттер брутто-беру ақпандағы деңгеймен (1,0 трлн теңге) бірдей күйде сақ­талған. Сонымен қатар нарықта проблемалық кредиттерді мойындау одан әрі жалғасуда: наурызда NPL (мерзімі өткен кредиттер) үлесі 8,3%-дан 8,6%-ға дейін өскен. Аталмыш өсім негізінен Цеснабанктың (+23,7 млрд теңге) және AsiaCredit Bank-тың (+10,1 млрд теңге) проблемалық қарыздары ескерілуімен айқындалып отыр.
Наурызда Халық Банк (-220,7 млрд теңге) пен First Heartland Bank-тегі (-158,4 млрд теңге) заңды тұлғалар салымдарының айтарлықтай төмендеуі байқалған, ал депозиттік қор секторындағы төмендеу жалпы алғанда 296,7 млрд теңгені құраған. Аталған төмендеу банктердің басқа да кредиторларды (+98,5 млрд теңге) тартуымен, сондай ақ туынды қаржы құралдарымен операциялар (+105,4 млрд теңге) жүзеге асыру арқылы реттелген. Мәселен, жиынтық міндеттемелер секторы тек 69,2 млрд теңгеге ғана қысқарған. Сонымен бірге сектордың жиынтық шығындары бір айда ақпандағы 102,1 млрд теңгеден 50,3 млрд теңгеге дейін қысқарыпты.
Сонымен қатар активтердің жиынтық төмендеуі бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 666,7 млрд теңгені (24,6 трлн теңгеге дейін) құраған, бұл қарыз қоржынының (-718,0 млрд теңге) жайсыз қайта қаралуы мен міндеттемелер төмендеуінің (-705,4 млрд теңге), соның ішінде депозиттік қордың (-385,3 млрд теңге) да төмендеуі аясында осылай болып отыр. Оның үстіне осы ЕДБ-тің жиынтық активтері жыл басынан бері 97,5 млрд теңгеге немесе 0,4%-ға өскен – Цеснабанкты есепке алмағанның өзінде осындай жағдай орын алған.
Осы ретте алғашқы тоқсанда – өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғандағы 2,7 трлн теңгеге (+8,5%) қарағанда – 2,9 трлн теңге сомасында жаңа кредиттер берілгенін айта кету қажет. Сонымен бірге наурыздың соңына айналымдағы ноттар көлемі 3,8 трлн теңге деңгейінде (ағымдағысы 4,3 трлн теңге) немесе жүйедегі қарыз қоржынының 30%-ына жуық деңгейде болды. Кредиттік тәуекелдердің жоғарылығы мен қор жинау базасының мәні «қысқалығы» белсенді түрде кредиттер берудің түйінді кедергілерінің біріне айналып отыр (1-диаграмма).

Долларландыру деңгейі жыл басынан бері 7,0%-ға төмендеген

ЕДБ-тердің депозиттік қоржыны наурыз қорытындысы бойынша 16,7 трлн теңгені немесе қор жинау жүйесінің 68%-ын құрап, 296,7 млрд теңгеге (-1,8%) төмендегенін аңғартқан. Оған қоса корпоративтік салымдардың (-305,5 млрд теңгеге) күрт азайғаны және бөлшек салым­дардың (+8,8 млрд теңге) іс жүзіндегі бейтарап серпіні байқалады. Осының аясында бөлшек депозиттер үлесі 50,4%-дан 51,3%-ға дейін артқан. Солай бола тұра, жыл басынан бері депозиттік қоржын 2,3%-ын (17,0 трлн теңгеден) жоғалтқан.
Депозиттерді долларландыру наурызда 43,6%-дан 41,5%-ға дейін (жыл басынан бері -6,9%) төмендеген. Шетелдік валютадағы салымдардың 6,8%-ға азаюы жағдайында жиынтық депозиттер жүйесіндегі салымдардың көлемі наурызда 1,4%-ға өсім көрсетіп отыр. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша ағымдағы шекті мөлшерлемелер 2019 жылдың екінші тоқсанының соңына дейін сақталады да, сосын оларды базалық мөлшерлемелердің төмендеуі аясында төменге түзетілуі мүмкін (2-диаграмма).

Сектордың таза залалы  екі есеге қысқарған

Наурыздың қорытындысы бойынша сектордың таза залалы ақпан айында 102,1 млрд теңгеден 50,3 млрд теңгеге дейін қысқарған. Халық Банктің (+16,5 млрд теңге) және Kaspi банктің (+10,8 млрд теңге) табыстарының одан әрі өсуі, сондай-ақ Цеснабанк (-6,5 млрд теңге) шығындарының қысқаруы банк секторының қаржылық нәтижелерін қолдаған фактор болып отыр. Сектордың, Цеснабанкті есептемегендегі, табысы былтырғы осындай салыстырмалы кезеңдегі 203,6 млрд теңгеге қарағанда, 158,7 млрд теңгені құраған. Таза пайыздық маржа (NIM) көрсеткіштері мен таза пайыздық спрэд (NIS), тиісінше, 5,02% және 3,86%, тиісінше – (бұдан ертеректегі көрсеткіштерде 5,05% және 3,93%) құрап отыр.
Залалдарды қысқарту аясында активтер тиімділігінің орташалан­дырылған көрсеткіштері мен меншікті капитал тиісінше жақсаруды көрсетіп отыр. ROAA (активтердің тиімділігі) көрсеткіші -0,4%-дан -0,2% (01.04.18 жылға 0,9% құрапты), ROAE (капитал тиімділігі) -3,4%-дан -1,7%-ға дейін (01.04.18 жылға 7%).

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру