Валюта бағамы: $ 383.98 430.63 6.11 ¥ 55.83

Балалардың құқығын қорғау әрқашан бірінші орында

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ) және Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) бірлесіп ұйымдастырған республикалық жиналыста заңмен байланысқа түскен балаларға көрсетілетін қызмет түрлерін дамыту мәселелері талқыланды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәжі­лісінің депутаттары, орталық және жер­гілікті мемлекеттік органдардың, халық­аралық және үкіметтік емес ұйым­дардың, сондай-ақ балаларға әлеу­меттік қызмет көрсе­тетін ұйым­­дардың өкілдері қатысты.
Жиналысқа қатысушылар жа­қында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңна­ма­лық актілеріне баланың құқық­тарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар­дың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда көрсетілген оң өзгерістер­дің маңыздылығын атап өтті. Осындай өзгерістер қиын жағдайға тап болған және заңмен байланысқа түскен балаларға көрсетілетін қызмет түрлерін дамытуға жақсы негіз болып табылады, себебі бала құқықтарымен айналысатын ұйым­дарды құру мен олардың жұмыс істеуіне қатысты мәселерді жан-жақты шешуге бағытталған деп қорытындалды. Сонымен қатар, заңда балаларды қайта әлеуметтендіру мен тәрбиелеу, кәмелетке толмаған бала ата-анасының немесе заңды өкілінің міндеттерін негізсіз орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті алып тастау сияқты өзгерістерді қамтиды.
ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ержан Ерсаинов заңнамадағы негізгі өзгерістер және осы өзгерістердің заңмен байланысқа түскен балалардың құқықтарын қорғаудағы әсері туралы айтып өтті. «Заңдағы басты өзгерістердің бірі – ұлттық алдын-алу механи­змі­нің (ҰАМ) мандатының кеңеюі, ол балалар құқықтарын қорғау функцияларын жүзеге асыратын ҰАМ ұйымдары қатысатын объектілер, сондай-ақ арнайы әлеуметтік қызметтерді («Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы») ұсынатын субъектілерді қосу арқылы жүзеге асады».
«ЮНИСЕФ жаңа заңнамалық нормалар қиын өмірлік жағ­дай­ларға тап болған және заңмен байланысқа түскен балаларды қолдау және оңалту тетіктерін жетілдіреді деп үміттенеді», – деп атап өтті Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Өкілі Юрий Оксамитный. Сонымен бірге ол қиын өмірлік жағдайдағы балалар үшін кәсіби және жоғары кәсіби қызметтерді күшейту арқылы балалардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуды жалғастыру қажеттігін айтты. «Мұндай қызметтерді дамыту кезінде Бала құқықтары туралы конвенцияда бекітілген халықаралық принциптерді сақтау маңызды, бұл бала мүддесін қорғау, конфи­денциалдықты қамтамасыз ету, отбасылық жағдай орнату және кемсітушілікке жол бермеуді қа­м­ти­ды», – деді Юрий Оксамитный.
Қиын өмірлік жағдайға тап болған немесе заңмен байланысқа түскен балаларға мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік қызметтер көрсетудегі отандық және халықаралық тә­жірибелер қарастырылды. Қа­тысушылар заңмен байланыс­қа түскен балаларға қызмет көрсе­тудегі практикалық аспек­ті­лер мен стандарттарды, оның ішінде арнайы әлеуметтік қызмет­тер көрсету стандарттарын талқы­лады.
Жиналысты ұйымдастыру­шылар құқық бұзушылық жасау қаупі бар балаларға қызмет көрсетудің балама үлгісі туралы бейнероликтерді көрсетті, әділсот жүйесіндегі балалармен жұмыс істеуге қатысты практикалық құ­рал­дарды таратты, заңмен бай­ла­нысқа түскен балалар, ата-аналар мен мамандарға арналған ақпараттық чек-парақшалар мен брошюраларды ұсынды.
«Қиын өмірлік жағдайдағы немесе заңмен байланыста болған барлық балаларға тең қызмет көрсету маңызды. Мұндай балалар көбінесе кемсітушіліктің құрбаны болып табылады, мысалы, білім мен қызметтер алуда, жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болады», – деді Юрий Оксамитный.
Іс-шараға қатысушылар заң­намаға қатысты қабылданған түзетулерді ескере отырып, бала­лар­дың құқықтарын қорғауда келешек әрекет жасау жоспарын бекітті.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру