Валюта бағамы: $ 379.36 424.47 5.88 ¥ 54.95

Ақша-кредит нарығының ағымдағы жай-жапсары

Жетпісбай Бекболатұлы,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУпрофессоры
e-mail: Zhetpisbay.Bekbolatuly@kaznu.kz

Үстіміздегі жылдың басынан бері еліміздің ха­лықаралық резервтері алдын ала деректер бойынша 29,2 млрд АҚШ долларына парапар болды. Ұлттық қордың активтерін толықтыру және үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар жүргізу, сондай-ақ ұйымдардың бас банкте сақталатын шетел валютасындағы қалдықтарының төмендеуі үкімет шоттарына валютаның түсуі және банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттарындағы шетел валютасындағы қалдықтарының ұлғаюы арқылы бейтараптандырылды.
Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда, 2019 жылғы ақпанның соңында 88,2 млрд АҚШ доллары болды. Ақша базасы 2019 жылғы ақпанда 6,7 пайызға тарылды және 6 519,0 млрд теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 5 874,8 млрд теңгеге дейін 9,0 пайызға тарылды. 2019 жылғы ақпанда ақша массасы алдын ала деректер бойынша 7,9 пайызға төмендеп, 19 720,8 млрд теңге болды, айналыстағы қолма-қол ақша 2 135,0 млрд теңгеге дейін 1,6 пайызға төмендеді. 2019 жылғы ақпанның соңында Ұлттық банктің ашық позициясының көлемі тікелей РЕПО операциялары бойынша 192,7 млрд теңге, Ұлттық банктегі банктік депозиттер көлемі 393,6 млрд теңге болды. Депозиттік аукциондар арқылы алынатын өтімділіктің көлемі ақпанның соңында 322,1 млрд теңгені құрады. Бас банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы ашық нарықтағы операциялар бойынша 2019 жылғы ақпанның соңындағы жағдай бойынша 3,9 трлн теңге болды. Ақша нарығында ақша-кредит саясатының операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы 2019 жылғы ақпанда басым түрде Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің пайыздық дәлізінің төменгі шегі деңгейінде қалыптасты. Ақпанда TONIA-ның орташа алынған мәні жылдық 8,26 пайыз болды. Қысқа мерзімді ноттар эмиссиясының көлемі 2019 жылғы ақпанда 6 903,8 млрд теңге болды. Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі 2019 жылғы ақпанда 7 553,6 млрд теңгені құрады. Орналастырылған 7 күндік ноттар бойынша орташа алынған кірістілік 8,85 пайыз, 1 айлық ноттар бойынша 8,91 пайыз, 3 айлық ноттар бойынша 8,85 пайыз, 6 айлық ноттар бойынша 8,96 пайыз және 1 жылдық ноттар бойынша 9,12 пайыз болды. 2019 жылғы ақпанда Қаржы министрлігі 101,2 млрд теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырды. 4 аукцион өткізілді, оларда 14 жылдық, 15 жылдық, 18 жылдық және 20 жылдық МЕУКАМ орналастырылды. Олар бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 8,66 пайыз -8,74 пайыз аралығында болды. Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру нәтижесінде 2019 жылғы ақпанның соңында 7 431,3 млрд теңгеге дейін ұлғайды. 2019 жылғы ақпанда кірістілік қисығы неғұрлым ұзақ мерзімді құралдардың кірістілігімен салыстырғанда қысқа мерзімді қазынашылық облигациялардың ұлғаюы нәтижесінде инверсиялық қалыпты сақтады.
Сонымен қатар кірістілік қисығы жоғары қа­рай ығысты, бұл құралдардың барлық түрі бойынша кірістіліктердің көтерілгенін растайды. 2019 жыл­ғы ақпанның қорытындысы бойынша депозит на­рығы резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 8,6 пайызға қысқара отырып, 2019 жылғы ақпанның соңында 17 585,8 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 9 148,3 млрд теңгеге дейін 14,6 пайызға төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері 8 437,6 млрд теңгеге дейін 1,0 пайызға төмендеді. Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 9 917,5 млрд теңгеге дейін 7,4 пайызға қысқарды, шетел валютасында 7 668,4 млрд теңгеге дейін 10,2 пайызға төмендеді. Долларлану деңгейі 2019 жылғы ақпанның соңында 43,6 пайызды құрады. Заңды тұлғалардың ұлттық валютамен депозиттері 2019 жылғы ақпанда 5 262,2 млрд теңгеге дейін 13,7 пайызға, шетел валютасында 3 886,1 млрд теңгеге дейін 15,9 пайызға төмендеді. Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 655,3 млрд теңгеге дейін 1,0 пайызға ұлғайды, шетел валютасында 3 782,3 млрд теңгеге дейін 3,4 пайызға төмендеді. Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 4,8 пайызға төмендеп, 11 450,6 млрд теңгені құрады. Олардың құ­ры­лымындағы ұлттық валютамен салымдар 6 544,8 млрд теңгені, шетел валютасымен 4 905,9 млрд теңгені құрады. Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,2 пайызды, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 9,5 пайызды құрады. 2019 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша кредит нарығы банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2019 жылғы ақпанның соңында 12 489,3 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғаларға берілетін кредиттердің көлемі 7 132,6 млрд теңгеге дейін 0,3 пайызға азайды, ал жеке тұлғаларға кредиттер көлемі 5 356,7 млрд теңгеге дейін 0,7 пайызға ұлғайды. Қайта құрылымдауды бастан өткеріп жатқан және лицензиядан айырылған банктердің кредиттік қоржынын есепке алмағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсуі 11,4 пайызды немесе 1,2 трлн теңгені құрайды.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру