Валюта бағамы: $ 379.36 424.47 5.88 ¥ 54.95

Кредиттеу 10,3 пайызға өскен

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2019 жылдың наурыз айының аяғында 12 473,2 млрд теңгені (бір айда 0,1%-ға азайған) құрапты. Заңды тұлғаларға бөлінген кредиттер 1,3%-ға, 7 036,9 млрд теңгеге дейін азайған, жеке тұлғаларға кредиттер көлемі 1,5%-ға, 5 436,3 млрд теңгеге дейін артқан. ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен осылай деп хабарлайды (диаграмма).

Қайта құрылымдаудан өтіп жатқан және лицензияларынан айырылған банктердің кредит қоржындарын есептемегендегі, экономиканы несиелендірудің жылдық өсімі 10,3%-ды, немесе 1,1 трлн тең­гені құрапты.
Ұлттық валютадағы кредит­тердің көлемі бір айда өзгерген жоқ және 10 012,3 млрд теңге құраған. Бұлардың құрылымындағы заңдық тұлғалардың кредиттері 1,7%-ға кеміген, жеке тұлғаларға бөлінген кредиттер 1,6%-ға артқан. Шетелдік валютадағы кредиттер көлемі 0,7%-ға, 2 460,9 млрд теңгеге дейін азайып кеткен. Бұл құрылымдағы заңды тұлғалардың кредиттері 0,6%-ға, жеке тұлғалар үшін – 2,6%-ға азайыпты. Теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы осы жылғы наурыздың соңына 80,3%-ды (2019 жылдың ақпанында – 80,2%) құрапты.
Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 0,3%-ға, 10 621,8 млрд теңгеге дейін ұлғайған, қысқа мер­зім­ді кредиттердің көлемі 2,4%-ға, 1 851,4 млрд теңгеге дейін кеміген.
Шағын кәсіпкерлік нысандарын кредиттеу бір айда 1,2%-ға, 2 191,3 млрд теңгеге дейін (экономиканы кредиттеудің жалпы ауқымының 17,6%-ы) артқан.
Салаларға бөлгенде банктердің экономиканы кредиттеуінің неғұр­лым басым сомасы өнеркәсіп (жалпы көлеміндегі үлесі – 15,3%), сауда (13,7%), құрылыс (5,8%) және көлік (3,9%) сияқты саларға тиесілі екен.
2019 жылдың наурызындағы, банктік емес заңдық тұлғаларға ұлттық валютамен берілген, кредиттер бойынша орташа өлшемделген сыйақы мөлшерлемесі 12% (2019 жылдың ақпанында – 12,4%), жеке тұлғаларға – 17,8% (18,2%) құрапты.

Мерзімі өтіп кеткен кредиттер үлесі де артқан

Наурыз айында Қазақстанда мерзімі өткен кредиттер (NPL) 8,6%-ға дейін өскен, деп жариялады Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ).
«Нарықта кредиттерді проблемалы деп тану жалғаса түскен: NPL-дің үлесі наурызда 8,3%-дан 8,6%-ға дейін артыпты. Мұндай өсімге «Цеснабанктің» (+Т23,7 млрд) және AsiaCredit Bank-тің (+Т10,1 млрд) проблемалық қарыздарын тану негіз болып отыр», – делінген осы жұмада таратылған хабарламада.
Қаржыгерлер екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) жиынтық актив­терінің ақпандағы айтарлықтай төмендеуінен кейін наурызда минималды өзгеріс (-0,6 млрд теңге) болғанын атап көрсетеді.
«Сонымен қатар қарыз қоры біркелкі төмендеуді (-Т22,5 млрд) байқатады, сонымен бірге жаңа кредиттердің брутта-берілуі ақпан аймен бір деңгейде (Т1 трлн) сақталып қалған», – деп айғақтайды ҚҚҚ.
Сондай-ақ наурызда Халық банктің (-Т220,7 млрд) және First Heartland Bank (-Т158,4 млрд) заңды тұлға клиенттерінің салымдары айтарлықтай төмендегені байқалады, сөйте тұра осы сектордағы депозиттік базаның төмендеуі жалпы алғанда Т296,7 млрд құрапты.
«Мұндай төмендеу банктердің қаржыларын басқа да кредиторларды (+Т98,5 млрд) тартуы, сондай-ақ туынды қаржылық құралдары­мен (+Т105,4 млрд) операциялар жүр­гізу есебінен ыңғайландырылған. Мәселен, бұл сектордың жиын­тық міндеттемелері тек Т69,2 млрд төмендепті. Сонымен қатар сек­тордың жиынтық шығыны бір айда Т102,1 млрд-тан Т50,3 млрд-қа қысқарған», – делінген хабарламада.
Наурыздың негізгі трендтері қа­тарында: ЕДБ-тердің қалдықтары бойынша қарыз қоржыны наурызда 22,5 млрд теңгеге (-0,2%) шамалы төмендеген; қайта құрылымдаудан өтіп жатқан және лицензияларынан айырылған банктердің кредит қоржындарын есептемегендегі экономиканы несиелендірудің жыл­дық өсімі 10,3%-ды, немесе 1,1 трлн тең­гені құраған; шетелдік валютадағы кредиттер үлесі наурызда 19,8%-дан аз ғана 19,7%-ға дейін немесе Т2,5 трлн азайған; ЕДБ-тер меншікті капиталы наурызда 68,6 млрд теңгеге (+2,3%) 3,1 трлн теңгеге дейін өскен; ЕДБ-тер депозиттік қоржыны наурыздың қорытындысы бойынша 296,7 млрд теңгеге төмендегенін байқатты; кор­поративтік салымдардың күрт азаюы (-Т305,5 млрд) және бөл­шек сауда серпіні бейтарап (+Т8,8 млрд) сақ­талғаны байқалады; депозиттерді дол­ларландыру дең­гейі жыл басынан бері 7%-ға төмендеген; «Цеснабанкті» есепке алмағанда, сектордың пайдасы 158,7 млрд теңгені құрапты.

Исатай Қамбаров


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру