Валюта бағамы: $ 379.36 424.47 5.88 ¥ 54.95

SANTO экспорттық шекараны кеңейтуде

SANTO компаниясына Қырғызстан Республикасы БАҚ және жетекші дистрибьюторлық компанияларының өкілдері, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласына арналған тауарларды импорттайтын Моңғолияның жетекші компаниясы және көтерме сауда желілерінің ең ірі ұлттық компаниясы, Ресейден фармацевтикалық өндірістік компания өкілдері жұмыс сапарымен келді. Тараптардың кездесуі кезінде Өзара тиімді ынтымақтастықты ары қарай дамыту және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту туралы меморандумға қол қойылды.

Делегаттар құрамында Қыр­ғыз­стан Республикасы фар­ма­цев­тикалық дистрибьюторлары – «Медсервис.KG», «Эляй», «НЕМАН ФАРМ», «ЭРАЙ ФАРМ» ком­­­панияларының өкіл­дері, Қырғызстанның ірі БАҚ жур­налистері, «Monos pharma» дистрибьюторлық компания­сының (Моңғолия) және «ФармВИЛАР» фармацев­­тикалық өн­дірістік компания­сының (Ресей) өкілдері келді.
SANTO зауытының директоры Рустам Байғарин қонақтар­ға компания жайлы, оның көп жылдық тарихы және Қазақстан фармацевтикалық нарығында ойнайтын маңызды рөлі жайлы айтып берді. Серіктестерге GMP талаптарына сәйкес өндірісті кеңейту және қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесінің қажеттіліктерінқамтамасыз ету үшін өнім қоржынын ұлғайту жоспарлары туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, SANTO Қазақстандағы ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге, Ресей, Украина, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түркі­менстан, Тәжікстан сынды елдерде экспортты кеңінен дамытып отырған жетекші фар­ма­цевтикалық компания болып екендігі жайлы атап өтілді.
Қонақтарға арнап ампулалар мен инфузияларды өндіре­тін, антибиотиктерді асептикалық жол­мен бөліп салатын және қат­ты пероралды дәрілік заттарды шы­ғаратын цехқа экскурсия ұйымдастырылды. Аталмыш цех тазалық, зарарсыздық, желдету талаптарын қатаң қадағалау арқасында сапалы әрі қауіпсіз дәрілік заттарды өндіріп отыр.
Уағдаластықтарды күшейту және де ары қарайғы ынтымақ­тастықтың іргетасын құру үшін Ынтымақтастық туралы мемо­рандумдарға қол қою салтанаты өтті. Іс-шараға қатысқан Шымкент қаласы әкім орынбасары Данат Жұмин және «Атамекен» АКП директоры Нұрлан Кәбіштаев Қа­зақстан Республикасының үшін­ші орында тұрған мегаполи­сі – Шымкенттің экспорттық әлеуетін дамыту және де Моңғолиямен, Ресей Фе­де­рациясымен екіжақты бай­ла­ныстарды нығайту қанша­лықты маңызды екендігіне өз сөздерінде тоқталып өтті. Сондай-ақ, іс-шараға «Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық кластері» ЗТҚ президенті Бекайдар Нұрмашев және «Оңтүстік Қазақстан фар­мацевтикалық кластері» ЗТҚ вице-президенті Максим Тимо­шенко қатысты.
Тараптар компаниялар ара­сындағы сыртқы экономи­калық байланыстарды нығайту және дамыту; Ақпараттық-сабағаттық және маркетингтік өзара әрекет­тестікті дамыту; Іскерлік білім беру және тәжірибе алмасу саласында ынтымақтастық жүргізу сынды ынтымақтастық бағыттарына басымдық беруге келісті.
Атап айтқанда, тараптар ком­па­ниялардың өнімдері мен қыз­меттерін ілгерілету үшін әлеуетті серіктестерді іздеу кезінде; тауарлар мен қызметтерді жеткізумен байланысты мемлекеттік байқау саудаларына қатысу мәсе­ле­сінде, нарық конъюнктура­сын, коммерциялық сұраныс пен ұсынысты, фарма­цевтикалық саладағы тауарлық-фирмалық және баға қоюмен байланысты мәліметтерді зерттеу кезінде; өзара тиімді ынтымақ­тас­тықты қолдау үшін ақпараттық инфра­құрылымды дамыту барысында өзара қолғабыс көрсетуге келісті.
Компания өз өнімдерін Қа­зақстан, Ресей, Қырғызстан, Тә­жік­стан, Моңғолия, Түркімен­стан, Украина, Өзбекстан, секілді сегіз елдің нарықтарына экспорттайды.

Салтанат ҚАЖЫКЕН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру