Валюта бағамы: $ 384.87 432.52 6.11 ¥ 55.95

Бала денсаулығы – басты назарда

Елордада «Азық-түлік пен тамақтанудың тұрақты жүйелерін басқару үшін әлеуетті арттыру» атты халықаралық симпозиум өтті. Толыққанды тамақтанбаумен күресуді жеделдетуге бағытталған шешімдерді ілгерілету мақсатында өткен шараға Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Бірнеше күнге созылған басқосу барысында балаларға арналған дұрыс тамақтану жүйесін қамтамасыз ету және оны басқаруды жақсарту жайындағы өзара іс-шаралар талқыланып бекітілді.

Симпозиумның қатысушы­лары тамақтану мәселелерімен айналысатын негізгі тұлғалар мен қатысушылардың мүмкіндіктерін кеңейтудің өңірлік тетіктерін әзірледі. «Қазақстан ауруларды алдын алу және оларды бақылау бойынша жаһандық күш-жігерді қолдайды және оларды еніп жатқан жақсы ойластырылған ішкі саясат пен дәлелденген деректерге негізделген қоғамдық денсаулық сақтау стратегиялары арқылы біріктіреді»,-деді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров өзінің сим­позиумға қатысушыларға жолдауында. Ол Қазақстан халқының арасында семіздіктің қазіргі тара­луын жақсарту бойынша қабыл­данған шаралар туралы айтып берді: 6-9 жас ара­лығындағы ба­лалардың шамамен 20 %-ы артық салмақтан зардап шегуде, ал мектеп жасындағы балалардың 50 %-ы тұрақты түрде қанты бар сусындарды тұтынады.
«Дұрыс тамақтанбаудың қос ауырт­палығының феномені кіші жастағы миллиондаған балалардың аман-саулығына жағымсыз түрде әсер етіп, олар­дың өсуіне және когнитивтік дамуына кедергі болады,сондай-ақ жұқпалы емес аурулардың, мүгедектіктің және ерте қайтыс болудың қатерін туғызады». Бұл не­гізінен қазіргі балалардың дие­тасының құрамы оған қажетті тағамдық рацион саны, жиілігі, не сапасы жағынан да қанағаттан­дыра алмағандығынан», – деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный.
Азық-түлік жүйесінің бар­лық қатысушылары – барлық сек­торлардың басқарушы топтары, азық-түлік өндірушілері мен жеткізушілері – әдетте азық-түлік және ауыл шаруашылық саясаттарының өсіп-өнуіне, өнді­рілуіне, таратылуына және сатылуына байланысты ұлттық сая­сатты айқындаудабалалар мен жасөспірімдердің нәрлі элементтерге деген қажеттіліктерін ескермейді.
Кең ауқымда және қол жетімді бағамен тұрғындарға техно­ло­гиялық қайта өңдеуден өткен және тағамдық құндылығы төмен азық-түлік өнімдері ұсынылады, ал сіңімді тағамдар көбіне қымбат және қолжетімді емес. Азық-тү­лік ортасы көбінесе балалар мен жасөспірімдердің тағамдық рационын қолдамайды және ықпал етпейді. Жергілікті, ұлттық және дүниежүзілік азық-түлік жүйелері балалар мен жасөспірімдерді бүгін және келешекте нәрлі, қол­жетімді және тұрақты рационмен қамтамасыз ету үшін жауапты болуы қажет.
«Біз секторлар арасында – парламенттермен, денсау­лық сақтау, қаржы, ауыл шаруашы­лығы, білім, әлеуметтік қорғау министр­ліктерімен, азық-түлік және тамақтану, денсаулық сақ­тау, білім беру және әлеуметтік қорғау секторларының басшылары­мен тығыз ынтымақтастықта болуға тиіспіз. Көптеген жеткі­зілімдер жүйесін пайдалана­тын үкіметтердің тек жүйелік және бірлескен сектораралық көзқарасы қазіргі тамақтанудың қосарлы ауыртпалық жағ­дайын жақсартады. Жоғарыда келтірілген жеткізу жүйелері арасындағы азық-түлік жүйе­лерінің маршруты барлық секторлар тарапынан тұрақты және оң өзгерістерге қол жеткізу үшін бірегей моби­лизациялық рөл атқарады, яғни, тамақ өнім­дерін өндіруден бастап, тамақтың баланың табағына келіп түскеніне дейін», деп атап өтті ЮНИСЕФ-тің Еуропа мен Орталық Азия елдері бойынша Өңірлік бөлім­шесінің денсаулық және та­мақ­тану саласының ма­маны Амирхосейн Ярпарвар.
Форумда ЮНИСЕФ-тің Еуропа мен Орталық Азия бойынша Өңірлік бюросы (ЕОА) Қазақстан Республикасының Үкіметімен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік мәселелері жөніндегі Тұрақты комитетімен ынтымақтастықта ұйымдастырылды және тамақ­тану саласындағы әлеует пен әріптестікті дамытудың Өңір­лік платформасы Іс-қимыл жос­парының бір бөлігі болып табылады, ол 2018 жылдың жазында­ғы жоспарлы іске асыру бойын­ша міндеттемелерді өзіне қа­былдаған 8 елдің қатысуымен іске қосылған болатын. Қазақстан үкіметі Өңірлік платформаның хатшылығын екі жыл бойы басқа­рады.
Симпозиум аймақтағы дұрыс тамақтанбаудың барлық түрлерін, оның ішінде өсудің артта қалуын, семіздік пен микроэлементтердің жетіспеушіліктерін қоса алғанда, аймақтағы тамақтану жүйесін толығырақ түсіну мен оны бас­қаруды жақсарту арқылы шешуге бағытталды. Кавказ және Орталық Азия аймағы қос ауыртпалықты бастан кешуде, онда балалардың семіздігі мен бойының өспей қалуы бар. Осылайша, балардың және жасөспірімдердің толық­қанды тамақтанбауының салдарынан балалардың 10%-дан астамы олардың әлеуетінің өсуіне жетпейді, ал өз кезегінде, семіздік көрсеткіштері 2000 жылдан бастап 80%-дан астам артқан.
ЮНИСЕФ барлық бағытта баланың құқықтарын және әл-ауқатын жылжытады. Өз серік­тестерімізбен бірге әлемдегі бала­лардың әл-ауқатын жақсарту үшін ең осал және ғаріп балаларға ерекше назар аудара отырып, мін­деттемелерді нақты іс-қи­мыл­ға айналдыру үшін әлемнің 190 елінде жұмыс істейді.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру