Валюта бағамы: $ 383.43 432.47 6.12 ¥ 55.78

Қызғалдақ фестивалі

Қаратау мен Алатаудың түйіскен тұсында орналасқан Шұбайқызыл шоқысында жылдағы дәстүрге сай «Ақсу-Жабағылы алауы, Шұбайқызыл-жалауы!» аты қызғалдақтар фестивалі басталды.

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Шұбайқызыл шоқысы – еліміздің «Қызыл кітабына» ен­гізілген Грейг қызғалдағы ең көп өсетін аумақ. Бұл қызғал­дақтар Қазығұрт, Төлеби, Бәйдібек өңірлеріндегі таулы ау­мақ­тар­да кездеседі. Жылына бір рет небәрі 10-15 күн ғана гүл­­­дейтін қызғалдақтар тіршілік жаңар­­ған шақта 15-20 гектардай жер­ді алып жатқан алқап қызыл кі­лем­ге оранғандай әсем түрге енеді.
Былтырғы жылдан бастап табиғатымыздың көркем сый­ларының бірі қызғалдақты дә­ріптеп, кейінгі ұрпаққа бар ма­ңыз­­ды­лығын жеткізу мақ­са­тын­да «Ақсу-Жабағылы алауы, Шұбайқызыл-жалауы!» атты қызғал­дақтар фестивалін өткізу Түркістан өңірінде дәстүрге ай­налған.
Айтулы шарада алғаш болып сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев жиылған жұртты биылғы қызғалдақ фестивалінің ашылуы­мен құттықтады.
Дәстүрлі шара барысында «Шұбайқызыл – Қыз­ғалдақтың Отаны» театр­лан­дырылған қойы­лымы мен «Шұбайқызыл Қыз­ғалдағым» сазды-хореогра­фия­лық көрі­ністері қойылды.
Фестиваль аясында «Шұ­рай­лым, Шұбайқызылым» атты жас қаламгерлер мен композитор­лардың байқа­уы жаңа форматта өткізілді. Шара барысында атал­мыш байқаулардың жеңім­паздарын марапаттау рәсімі өтті.
Сондай-ақ, фестивальде «Ұлы дала ұраны – Қызғал­дақ фестивалі» табиғатты қор­ғау­шылар шеруі өтіп, «Таби­ғат сақшылары» атты облыс ай­мағын­дағы мемлекет­тік қо­рық­­тардың көрмесі ұйымдас­тырылды. Сонымен қатар, жи­налған жұрт «Қызғалдақ сарайы» облыстық суретшілер көр­месін тамашалап, шара «Шұбайқызыл» шоқысы­на жал­пы­халықтық саяхатқа ұласты.

Салтанат ҚАЖЫКЕН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру