Валюта бағамы: $ 386.05 428.25 5.84 ¥ 54.65

Жастарға жағдай жасалса…

Елбасы биылғы жылды Жастар жылы деп жариялады.Бұл оларға жүктелген жоғары жауапкершілік және зор сенім. Соның үдесінен шығу жолында терең білімдері мен еселі еңбектерін, күш-қайраттары мен ынтымақ-бірліктерін жарқыратып көрсетулері керек. Шын мәнінде бүгінгі таңда осылай болып отыр ма? Жамбыл облысы Меркі жерінде «Жас келсе – іске!» деген тақырыпта өткен республикалық жастар форумында осы хақында жан-жақты әңгіме қозғалды.

Форум жұмысына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Сайыров, Ұлттық білім және инновация палатасының төрағасы Мұрат Әбенов қатысты.
ҚРКФ төрағасының орынбасары Е.Сайыров: «Бұл форум жастардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктері мен әлеуметтік жағдайларын жақсартуға, ке­шенді түрде қолдау көрсетуге бағытталып отыр. Еңбекші жас­тардың да өзекті проблемалары жетерлік. Бүгінгі форум сол көкейкесті мәселелерді талқылайтын ком­му­ни­кативті алаң болатынына сенім­дімін. Сондықтан, көкей­дегі ойла­рыңыз бен идеяла­рыңыз­ды еш қы­сылмастан ортаға салыңыз­дар. Оның бәрі жинақ­талып, ес­керілетін болады, оның жолдарын шешуге кәсіподақтар тарапынан ықпал жасаймыз», – деп атап өтті.
Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға барынша қамқорлық жасау мақсатында қоғамдық ұйымдарға жүктеген міндеттерін жүзеге асыру үшін жан-жақты жұмыс жүргізіп келеді. Негізгі күш-жігер жастардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктері мен жағдайларын жақсартып, кешенді түрде қолдау көрсетуге бағытталып отыр.
Қазіргі уақытта еңбекші жастар бәсекеге қабілетті болуы керек. Заман талап етіп отырған ма­мандықтарды меңгеруге ұмтыл­ғаны жөн. Қарапайым еңбек адам­дарының мәртебесі мен абыройын асқақтатуға мемлекет тарапынан ерекше көзқарас бар екенін күнделікті өмірде байқап жүрміз.
Еңбек адамының құқығы мен мүддесін қорғау саласындағы ең ірі қоғамдық ұйым ретінде Кә­сіподақтар федерациясы аза­маттық қоғамның барлық жасампаз күштерін, барлық әлеуметтік әріптестерді, сондай-ақ жастарды адам капиталын жан-жақты және сапалы дамыту, еңбеккерлер­дің өмір сүру сапасын арттыру, эко­номикалық және әлеуметтік қорғау жолында бірлесе, күш-жігер жұмылдыруға шақырды.
Бұл басқосудағы әңгіме өзегі­нің бірі – жастар қарапайым жұ­мысшы мамандықтарын мең­геруге арланбағаны жөн. Әсіресе, ауылдық жерлерде бұл күрделі мәселе болып отыр. Механизатор, малшы мамандықтарына жастардың ынта-ықыласы жоқ. Мұның себеп-салдары неде? Не істеген жөн? Қандай қарекет жасау керек? Осы жөнінде сындарлы ұсыныс-пікірлер айтылды.
Ауыл дегеннен шығады, бүгінгі таңда Қазақстанның ауылдық жерлерінде денсаулық сақтау жүйесін дамыту да маңызды мәселе. Өйткені, халықтың сау­лығы мен денсаулық сақтау жүйе­сінің жай-күйі – мемлекеттің даму деңгейін сипаттайтын ең негізгі көрсеткіштердің бірі.
Мемлекеттің тұрақты дамуы әлеуметтік-экономикалық көр­сеткіштермен ғана емес, сондай-ақ, халықтың өмір сүру ұзақ­тығымен де сипатталады. Әлеу­меттік қажеттіліктерді қана­ғат­тандыру, соның ішінде меди­циналық көмекті қамтамасыз ету әлемнің кез-келген мемлекеті үшін басты мақсат.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 2 сәуір­дегі отырысында Премьер-министр Асқар Мамин алғашқы медициналық-санитарлық кө­мек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға қатысты нақты тапсырмалар берген болатын. Соның бірі – ауылдық елді мекендерде қызмет ететін жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету.
Осы орайда облыстық және аудандық медициналық мекемелерге қажетті жас мамандарды қолдау мақсатында Кәсіподақтар федерациясы «SENIM» салалық кәсіподағымен бірлесе отырып, ынталандыру үшін қосымша 500 000 теңгелік Сертификат бекітті.
Оған үміткерлерді іріктеу бастауыш кәсіподақ ұйымының өтініші негізінде жүзеге асырылып, «SENIM» кәсіподағының облыстық атқару комитеті мен облыстық денсаулық сақтау бас­қар­масының бірлескен отырысында шешім қабылданады.
Сертификат иегерімен арнайы шарт жасалады. Осы шарт негізінде жас маманға кем дегенде 2 жыл медициналық мекемеде жұмыс істеу міндеттеледі. Бүгінгі таңда батыс және оңтүстік өңірлердің 36 маманы осы серти­фикатқа ие болды.
Жалпы жыл соңына дейін жалпы көлемі 40 млн. теңгені құрайтын 80 сертификат табыстау жоспарлануда.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы еліміздегі жұмыс беру­шілерді аудандар мен ауылдарда қызмет ететін денсаулық сақтау саласының жас мамандарын әлеуметтік қолдау жөніндегі осы бастамаға белсенді атсалысуға шақырып отыр. Жастар форумында осы жайында айтылды.
Жас мамандарға қолдау көр­сету арқылы еңбеккерлердің ден­саулығы жақсарып, жұмыс орын­­дарындағы әлеуметтік қыз­мет­керлердің беделі артатыны анық.
Кәсіподақтар федерациясы жастар саясатын трансформациялау және дамыту жөнінде осындай тың бастамалар мен ұсыныстарды осы форум барысында ортаға салды.
Әлеуметтік мәселелерді шешу­дегі өзара түсіністік пен серіктестік Елбасының әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруға жәрдемдеседі. Осындай келелі кезеңде кәсіподақ ұйымдары, әлеуметтік әріптестер мен жастардың күш-жігер бірік­тіруі өте маңызды.
Қазіргі таңда еліміздегі ең ірі қоғамдық ұйымға айналған Кә­сіп­одақтар федерациясы мүше­лерінің қатары екі миллионнан асты. Соның ішінде 32 пайыздан астамы – жастар. Барлық аймақта құрылған «Келешек» жастар кеңесі кәсіподақ қозғалысын одан әрі дамыту бағытында идеялар мен жобалар ұсынып, игі іс-шараларды белсенділікпен жүзеге асыруда.
Кәсіподақтар жастардың ең­бек нарығындағы бәсекелестігін арт­тыруға, мүдделерін қорғауға және азаматтық белсенділігін қа­лып­тас­тыруға қолдау көрсетіп отыр. Бұл Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы мен жастар саяса­тын толық жүзеге асыру бағытын­дағы нақты қадам.

Ғалым ОМАРХАН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру