Валюта бағамы: $ 386.7 427.15 6.06 ¥ 54.57

Сурет әлеміне саяхат

Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Жиенбай Орынбаевтың «Менің көрмем» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде суретшінің 40-тан астам туындылары көрерменге ұсынылды.

Жиенбай Орынбаевтың шы­ғармашылығы көп жанрлы бол­ғанымен жанына жақыны ол – ауыл көрінісінің лирикалық пейзажы мен табиғаттың шексіз сұлу­лығы. Суретші көрген табиғат кө­рі­нісінен алғашқы бір сәттік мезет әсерін жеткізуге ұмтылады. Табиғатта құбылған ашық түсті бояу үндестігін ол алдымен көріп, содан соң қабылдап барып бояу түстері арқылы жүзеге асырады. Ол бір өлкенің тамсанарлық табиғат сұлулығын жылдың әр мезгілінде жалықпай бейнелеуге дайын. Кез келген керемет сәттерін шебер жеткізеді.
Суретші бояу массасын теңестіруге, композицияның барлық элементтерін ырғақ­ты ұйымдастыруға, әлемнің мәнерлілігін бұзбай, формалар­дың өзіндік әуенін жасауға тырысады. Жиенбай Орынбаевтың автопортретінде ашық бет әлпеті мен ойлы көздері суретшінің рухани ішкі дүниесін көрерменмен бөліскендей. Ал, «Ауылдағы күз» шығармасында жоғары қарай өрлеген қаздардың қимыл-қоз­ғалыс формаларының дәл бей­неленуі байқалады. Сонымен қатар, «Балалық шақ туралы естелік», «Құрбылар» атты туын­­ды­ларында ақ кимешектегі ұр­шық иіріп отырған әжелердің бей­не­лерінен сонау балалық шақтың естелігі мен туған жерге деген сағы­ныштың сезімі сезілгендей. Су­­ретші табиғат жағдайының нюанстарын, сырғып бара жатқан сезімтал бір сәттік сұлулықты нә­зіктікпен қабылдап, лириктің көзімен көреді.
Қылқалам шебері 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында дүниеге келді. Ташкент педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін тәмамдады. Көптеген халықаралық және республикалық көрмелердің қатысушысы. Ж.Орынбаев өзі­нің шығармашылық қызметін оқытушылықпен ұштастырып, қазіргі кезде Ә. Қастеев атындағы көркемөнер және дизайн мек­тебінде ұстаздық қызметін ат­қарады.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру