Валюта бағамы: $ 384.05 432.79 5.96 ¥ 55.46

Бюджет шығындары 2 трлн теңгеге жуықтаған

Мемлекеттік бюджеттің ағымдағы жылдың қаңтар-ақпанындағы шығындары, соңғы біржылдық кезең аралығында 19,3%-ға артып, 1,9 трлн теңгені құраған. 2018 жылдың осындай кезеңіндегі шығындар сомасы 1,6 трлн теңгедей болып, жылдық өсім 9,6%-ды құраған, деп мәлімет таратады finprom.kz сайтынан.

Мемлекеттік бюджеттің шы­ғын­­дары 94,9%-ға, республика­лық бюд­жеттікі – 95,6%-ға, жергі­лікті бюд­­жеттердікі – 95,9%-ға орын­далған. Рес­публикалық бюджеттің шы­ғын­дары 86 млрд теңгеге орындалмай қалған, оның ішіндегі үнемдеу 11 млрд теңгені құраған. Игерілмеген сомасы – 75 млрд теңге, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 54 млрд теңгеге аз* (портал бұл мәліметті primeminister.kz сайтына сілтемемен жариялап отыр).
Жергілікті бюджеттердің шығын­дары 24 млрд теңге көлемінде орын­далмаған. Барлық аймақтардағы да игерілмеудің негізгі себептері – қазынашылық органдарында ке­лісім-шарт­тарды бекітудің созылып кетуі және тіркеудің кешіктірілуі, жұмыстардың атқарылу мерзімінен кешеуілдеуі. Алматы бойынша негізгі себеп – әкімдіктегі басқармалар құрылымының өзгеруі (1-диаграмма).


2019 жылдың екі айының қоры­тындысы бойынша мемлекеттік бюд­жет шығындарының неғұрлым басым үлесі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету еншісінде: шығындардың жалпы сомасының 27,1%-ы немесе 522,7 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 19,5%-ға артық. 2018 жылы шығындар 437,3 млрд теңгені құрап, жылдық өсім 19,8%-ға тең бо­лыпты.
Білім беруге және денсаулық сақтауға мемлекеттік бюджеттен, тиісінше, 338,5 млрд және 276,5 млрд теңге бөлініп, жиынтығында жыл мен жыл аралығында осы сала­ларға шығындар 16,5%-ға артқан.
Қарыздарды қамтамасыз етуге қарыздар 152,3 млрд теңгені құрап, бір жылда 19%-ға артыпты. Қорғанысқа бөлінген мемлекеттік бюджеттің шы­ғындары, 2018 жылдың осындай кезеңіне қарағанда, бірден 72,8%-ға артып – 136,4 млрд теңгеге жетіпті (2-диа­грамма).


«Әлеуметтік қамқорлық» шараларын іске асыруға 2019 жылы мемлекеттік бюджеттен 444,3 млрд теңге бөлінбек. Осындай қара­жат аясында, жалақысы төмен қыз­меткерлердің еңбекақыларын кө­теру және мүгедектігі бойынша жәр­демақыны қоса есептегенде, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қол­дауды арттыру – атаулы әлеу­меттік көмек тағайын­даудың параметрлерін өзгерту сомасы 224,3 млрд теңгеге – күшейтіледі деп жоспарланған. Бұдан басқа, жағдайы төмен отбасыларға жалдамалы үйлер құрылысы және жеңіл­детілген кредиттеуді енгізу үшін Тұрғынүйқұрылыс жинақ банкі ар­қылы 100 млрд теңге; аймақтық инфра­құрылымды және «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын дамытуға, тиісінше – 90 млрд және 30 млрд теңге бөлініп отыр*.
Жастар жылын өткізу аясын­дағы шараларды жүзеге асыруға 24,6 млрд теңге, бірінші президенттің 2017-ші және 2018 жылдардағы жолдауларын орындаға – 286 млрд жұмсалады деп күтілуде (3-диаграмма).

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру