Валюта бағамы: $ 378.56 424.44 5.91 ¥ 56.36

Бір жылда 500 млрд теңгеге кредит алынған

Қазақстанда микрокредиттік қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындардың жалпы саны 2018 жылы 20,1%-ға, яғни 824 компанияға дейін қысқарып кеткен.

Солардың ішіндегі 600 кәсіпор­ны (өткен жылға қарағанда 23,1%-ға аз) – кредиттік серіктестіктер; 224 ком­пания (бір жылғыдан 10,8%-ға аз) – микро­кредиттік ұйымдар (МКҰ) (1-диаграмма).

МКҰ-лардың және кредиттік серіктестіктердің жиынтық кре­диттік қоржыны 2018 жылдың соңына бір жыл бұрын­ғыдан 16,6%-ға артық көлем­дегі соманы – 668,8 млрд тең­гені құраған.
336,9 млрд теңге немесе жи­ынтық кредиттік қоржынның 50,4%-ы – жеке тұлғаларға берілген қарыздар; 331,8 млрд теңге немесе 49,6%-ы – заңдық тұлғалардікі. Бұдан бұрын заңдық тұлғалардың қарыздары басым болған: 2017 жылдың соңына – 55,2%, 2016-да – 58,5% құрапты (2-диаграмма).

2018 жыл бойына микро­кредиттік қызметпен айналысқан компаниялар сомасы 500,7 млрд теңге – 2017 жылғыдан 7,5%-ға көп қарыздар беріпті.
Жеке тұлғаларға 346,2 млрд теңге – бір жыл бұрынғыға қарағанда, 32,9%-ға артық кредиттер берілген. Мұндай кредиттердің үлесі бір жылда 55,9%-дан 69,1%-ға дейін өскен. 2018 жылдың қаңтар-желтоқсанында заңдық тұлғаларға 154,5 млрд теңгеге, 2017 жылға қарағанда 24,7%-ға аз, кредиттер беріліпті.
Жеке тұлғаларға кредиттердің жартысынан астамы кәсіпкерлік мақсатқа: 215,5 млрд теңге, 2017 жылға қарағанда 55,1% артық берілген. Бұндай қарыздардың үлесі 53,3%-дан 62,3%-ға дейін өскен. Тұтынушылық мақсатқа 130,7 млрд теңге, 2017 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 7,5%-ға ғана артық беріліпті (3-диаграмма).

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру