Валюта бағамы: $ 384.05 432.79 5.96 ¥ 55.46

Туризм саласындағы ауқымды жоба

Мәскеуде MITT-2019 халықаралық туристік көрмесі аясында «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының төрағасы – Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын кепілдендіру жүйесінің әкімшісі – Инна Рей Ресей «Турпомощь» Ассоциациясының (шығу туризмі саласындағы туроператорлардың бірлестігі) басшысы Александр Осауленкомен кездесті.

Тараптар 2018 жылғы наурызда қол қойылған өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум аясындағы өзара іс-қимыл барысын талқылады. Кездесуде тараптар халықаралық қатынастар саласында туристік саланы дамыту, туристік өнімді түпкі тұтынушының мүдделерін қор­ғау деңгейін арттыру мақ­сатында одан әрі өзара іс-қимыл жасау ниетін растай отырып, туристік кәсіпкерлікті дамыту саласында өзара қы­зы­ғушылық тудыратын ақпа­ратпен алмасты.
Сонымен қатар, 2019 жыл­дың аяғынан бастап күшіне енетін Еуразиялық эконо­микалық одақтың (ЕАЭО) туризм саласында бірыңғай нарық ашу туралы шешімі талқыланды. Тараптар бір-бірінің аумағында орналасқан туристердің құқық­тары мен мүдделерін барынша толық­қанды қамтамасыз ету мақ­са­тын көздейтін қосымша келі­сімдер әзірлеуге келісті. Қа­зақстан Республикасы аза­мат­тарының шығу туризмі сала­сын­дағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі 2016 жылдан бастап жұмыс істейді және Қазақстан Республикасының азаматтары, турагенттер, туроператорлар, туроператорлар-жалдаушылар, жүйе әкімшісі және туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган арасындағы құ­қықтық қатынастардың жиын­тығын білдіреді.
2017 жылдан бастап қазақ­стандық туристерге шетелге ТурКод-пен демалысқа шығу ұсы­нылады. Арнайы құрылған «Туристік Қамқор» КҚ шетелде аяқасты күтпеген жағдайларға тап болған туристерге отанына оралуға көмек көрсету мақ­сатында құрылған. Бірінші кезекте бұл теріс пиғылды тур­фирмалардың қызметіне байланысты зардап шеккендерге қатысты. Осылайша, қолында ТурКод болған жағдайда Қа­зақ­станнан келген турис­тер шұ­ғыл жағдайда кепілді қол­дауға ие болады.
ТурКод дегеніміз не? ТурКод 11-13 (шығу еліне байланысты) әріптік-сандық символдардан тұрады. Ол әр жолдаманы рәсімдеу кезінде автоматы түрде беріледі. Бұл шифр әрбір турист үшін бірегей. Шұғыл жағдай туындаған кезде турист қормен байланысады, өз тур кодының нөмірін хабарлайды және жақын арадағы 24 сағатта шұғыл көмек көрсетуді күтеді.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру