Валюта бағамы: $ 389.59 429.06 6.05 ¥ 55.07

Маңызды шаралар қолға алынған

Осы сейсенбідегі Үкімет отырысында аса маңызды мәселелер – ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселесі қаралды. Ағымдағы жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың, өңірлер әкімдерінің баяндамалары тыңдалды, деп хабарлайды үкімет сайтынан.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасын іске асыру аясында Үкімет алдында 2022 жылға дейін өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын кемінде 2,5 есе өсіру міндеті тұрғанын атап айтты. «Ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік талаптарының сақта­луын қа­мта­масыз ету қажет», – деді А.Мамин.
Айта кету керек, 2017 жы­лы Қазақстанның барлық өңір­лері аусылдан таза аймақ мәртебесін алды. Осының арқа­сында, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясына мал шаруашылығы өнімдерінің экспортына қойылған шектеу алынды, тиісті шарттар келі­сілді. Қазіргі таңда Израиль, Қытай, Оңтүстік Корея және тағы да басқа елдермен осы бағытта келіссөздер жүргізілуде. Биыл наурызда қазақстандық фитосанитарлық қызмет 30 ұн кәсіпорнын тексеріп, олар ҚХР бидай ұнын экспорттаушылар тізіміне енгізілді.
«Ветеринарлық және фито­санитарлық кедергілерді алу және өткізу нарықтарын кеңейту бойын­ша жұмысты жалғастыру қажет. Қазақстанның жоғары сапалы және экологиялық таза өніммен қамта­масыз ететін сенімді көзге айналуға барлық әлеуеті бар», – деді А.Мамин өз сөзінде.
Осыған орай, Ауыл шаруа­шылығы министрлігі өңірлердің әкімдерімен бірлесіп, келесі мәселелерге ерекше назар ау­дарып, нақты шараларды қолға алулары қажет. Атап айтқанда: тұрақты эпизоотиялық ахуалды қамтамасыз ету; мал қорымдары орындарының ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес болуы; егіс алқаптарын зиянк­естерге қарсы өңдеу шара­ларын уақтылы қабылдау; тиімді ветеринарлық және фитосанитарлық бақылауды қамтамасыз ету мәселелері жү­зеге асырылмақ.
«Бұл ретте, Еуразиялық эконо­микалық одақ елдерімен өзара саудаға қатысты жаса­лынған келісімдер аясында тиісті рәсімдерді жүргізу қажет», – деді ҚР Премьер-Министрі А.Мамин. Үкімет басшысы Қазақстан жоғары сапалы және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімінің сенімді жеткізушісіне айналуы тиіс екеніне баса назар аударды.
Бұл ретте Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігінде саланы қарқынды дамыту мақсатында басқа да нақты шаралар қолға алынғанын атап айту қажет.

Мәселен, елімізде әз-Наурыз мерекесі тойланып жатқан күндері – 20-24 наурыз аралығында ауыл шаруашылығы саласында өзара ынтымақтастықты кеңейту мақсатымен және 2018-2027 жылдары ҚР етті мал шаруашылығын дамытудың салалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР Ауыл шар­уашылығының вице-ми­нистрі Гүлмира Исаеваның басшылығымен қазақстандық делегация Аргентина, Бразилия және Уругвайға барып, ауыл шар­уашылығы минис­трлігі­нің басшылығымен, вете­рина­риялық қызметтерімен және оңтүс­тікамерика елдерінің басқа уәкілетті органда­рымен келіс­сөздер жүргізді.
Қа­зақстандық делегация құ­рамына АШМ Ветеринариялық бақылау мен қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдолданов, АШМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әмина Ахметжанова, «Қазақстанның ет одағының» бас директоры Мақсұт Бақтыбаев, бизнес өкілдері: «Жаке», «Астана Агропродукт», «Агроэкспорт LTD», «Жаңа Береке», «Алтын Таға», «SC Food» ШҚ және Қазақстанның Ангус Республикалық палатасы ұжымдарының өкілдері де кірді.
Атап айту қажет, кездесу қоры­тындысы бойынша агро­өнер­кә­сіптік кешен сала­сындағы ынты­мақтастықты кеңейту, соның ішінде ауыл шар­уа­шылығы ғылымын да­мыту, жаңа технологиялар мен үздік тәжірибелерді беру туралы келісімге қол жеткізілген.
Жоғарыда аталған елдер үшін ауыл­шаруашылық экспорты маңыз­ды. Сонымен, Аргентинада ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорт­тағы үлесі 60%, Бра­зилияда – 44%, Уругвайда – 64% екен. Әлемдегі ІҚМ (ірі қара малы) жиынтығының 30%-ы және барлық ет экспортының жартысынан астамы осы елдердің еншісінде екен.
Бразилияның әлемдік нарықта соя, ет және қант қамысы, кофе жетекші жеткізушілерінің бірі ретіндегі ұстанымы 1973 жылы құрылған және ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және азық-түлік министрлігінің ұйымдық құрылымындағы бразилиялық EMBRAPA ауыл шаруашылығы зерттеу корпорациясының табысты қызметінің арқасында қалыптасты. Бұл EMBRAPA кор­порациясының басшылығымен өткен кездесуде атап өтілді, оның жылдық бюджеті шамамен 1 млрд.долларды құрайды, оның 80%-ы – мемлекеттік қаражат және 20%-ы – өзін-өзі қаржыландыру есебінен. Бұл ретте жаңа технологиялар мен сорттарды енгізу, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құру тиімділігі 9 млрд.долларға бағаланады.
Анықтама үшін. 201 миллионға жуық тұрғыны бар Бразилияның ЖІӨ шамамен 2,2 трлн. доллар. Аргентина тұрғындары мен ЖІӨ 44,5 млн. адам және 0,6 трлн. долларын құрайды. Уругвайда халық саны 3,4 млн, ЖІӨ – 52,4 млрд. долларды құрайды, ал ЖІӨ-нің өсуі 1,5% құрайды.
Бұл аймақ жануарлардың негізгі қауіпті аурулары үшін қолайлы болып табылады. Сонымен, қазақ­стандық делегациямен аусыл­ды бақылау бойынша елдердің тәжіри­бесі зерделенді: Аргентина мен Бра­зилия аусылдан таза елдер ретінде вакцинациясы бар және вак­цина­цияланбаған аймақтары бар ХЭБ мәртебесіне ие, Уругвай да аусыл­дан таза ел ретінде ХЭБ мәртебесіне ие.
ДСҰ талаптарына сәйкес, аусыл бойынша қолайлылығы бойынша ХЭБ-ның тең мәртебесі бар елдер арасында тірі жануарлар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуға болады. Қазақстан аусыл бойынша вакцинацияланбаған аусылдан бос аймақтар (9 облыс) және вакцинациялаумен аусылдан бос аймақтар (5 облыс) мәртебесі бар қолайлы ел болып табылады. Бұл Аргентина, Бразилия және Уругвай мал дәрігерлік қызметтерімен келіссөздер кезінде асыл тұқымды және пайдаланатын ірі қара малға екі жақты ветеринарлық сертификаттарды келісуге мүм­кіндік берді.
Cонымен қатар, сапар бары­сында Оңтүстік Америкадағы ірі компаниялары «Minerva», «Mercurio», «Agroexport», «Estancia del Sur» және бразилиялық ABEG мал шаруашылығы экспортерлері қауымдастығымен де келіссөздер жүргізілді, деп хабарлады минис­трліктің баспасөз қызметі.

Иса ҚАМБАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру