Валюта бағамы: $ 386.05 428.25 5.84 ¥ 54.65

Болашағымыз әр салада қолдау табады

«Келесі жылды Жастар жылы деп жариялап, іс-шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек», деп тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы жылды бізге, яғни, жастарға арнап отыр. Әрине, қазір қарыштаған, дамыған заманда жастардың атқарар жұмысы өте көп.

Алайда, Жастар жылы деп арнайы жыл арнамай-ақ, аяқ-қолы жұмыс жасайтын әр азамат өз тіршілігі үшін, өз дәрежесі үшін, елі үшін қай кезде болсын аянбай еңбек етуі тиіс. Тіпті, бұрынғы ата-бабаларымыздың заманында еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін елі, жері үшін қыз­мет жасап, болашақ өмірдің амандығына ұмтылған. Сонау ғасырлар бойы атамекенімізді қасық қаны қалғанша аман алып қалуға талпынған ата-тек­теріміздің еңбегін аяқ асты етпе­уіміз керек. Қанша жыл өмі­рін тәуелсіз елді құруға арнаса, қа­зіргі жастарда соншама уақытын осы қазақ елінің өркендеп, дамуына арнауы керек.
Ал қазір оңға қарасақ та, сол­ға қарасақ та тыңбай еңбек етіп жүрген дамыған елдер. Әрине, бұл жердегі айтылар ой көршілерге қарап еліктеу емес, жанымызға қарап бой түзеу. Мәселен, мен де қазіргі таңда жастар қатарын­дамын, белгілі бір маман иесі болу үшін студенттік өмірді басымнан өткеріп жатырмын.
Жақында ғана болған Пре­зи­ден­тіміздің арнайы өт­кіз­ген Жастар жылы форумында: «Жас­тарға арналған баспана» деп жас­тардың баспана про­блема­сының өзектілігін ескере отырып, ірі қа­лаларда жылына 1 мыңнан кем емес пәтер жұмыс істейтін баспана салынатынын, еліміздегі кәсіп көзін дамытып отырған «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының тәжірибесінің оңтайлы екенін ескеріп, жастарды кәсіпке баулу мақсатында «Жас кәсіпкер» бағдарламасын ұсынған еді. Тіпті, «Дипломмен – ауылға» бағ­дар­ла­ма­сын алға жүзеге асыру үшін, ауылға баратын жастардың саны­ның артатыны, тағы сол сияқ­ты, жас ғалымдар грантын арттыру және әскери-патриоттық тәрбие­нің жұмыстарын жақсарту туралы айтып өтті. Ең қызығы, тағы бір еліміздегі жеңіл өнеркәсіпті дамыту керек, деп, отандық костюм мен отандық аяқ киім шығарылуы тиіс, деп, алдағы жылдың жоспарларымен таныстырды. Мінекей, Елбасының жастар үшін барын салып, нұсқау беріп отырғаны – біз үшін үлкен мәртебе.

Құралай Жандарбекова


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру