Валюта бағамы: $ 378.9 422.74 5.87 ¥ 54.8

Қолданушылардың саны өсті

Tele2 және Altel бірлескен компаниясы былтырғы жылдың қорытындысын шығарды. Абоненттік база көлемі 2017 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 7,160,000 адамға өсті.

Абоненттік базаның және әр абоненттен түсетін орташа кірістің өсуі компанияның қаржылай нәтижелеріне оңынан әсер етті. 2018 жылдың 4-тоқсаны ішіндегі жиынтық ақшалай түсім 33,3 млрд теңгені құрады (2017 жылдың 4-тоқсанында 28,5 млрд теңге), ал 2018 жылдың нәтижесі бойынша 122,2 млрд теңге құрады (2017 жылы – 104 млрд. теңге). Компанияның 2018 жылдың 4-тоқсанындағы абоненттік ақшалай түсімі 26,4 млрд теңге (2017 жылдың 4-тоқсаны – 22,1 млрд теңге), ал 2018 жылы барлығы 96,1 млрд теңге құрады (2017 жылы 80,2 млрд теңге). 2018 жылы EBITDA 69%-ға, яғни 41,9 млрд. теңгеге дейін өсті (2017 жылы 24,8 млрд. теңге). 2018 жылдың 4-тоқсанында EBITDA12,8 млрд. теңге құрады (2017 жылдың 4-тоқсанында 7,8 млрд теңге).
Компания 2018 жылдың со­ңына қарай 6380 базалық станцияны біріктіре отырып, белсенді түрде желіні салуды жалғастырды. Олардың 70%-дан астамы де­рек­терді таратудың соңғы стандарты – LTE Advanced технология­сын қолдайды. Осылайша ҚР тұр­ғындарын осы технологиямен қамту көрсеткіші 75,3 %-ға жетті.
LTE Advanced желісін кеңейту және жаңғырту деректерді тарату көлемінің айтарлықтай өсуіне алып келді, 2018 жылы ол 822 ПБ құрады ( 2017 жылы – 540 ПБ).
Былтырғы жылдың аяғынан бастап компания қазақстандық мобильдік операторлардың ішінде алғашқы болып Алматыда мобильдік желінің виртуалдық ядросын коммерциялық пайда­лануға берді. Ядроны виртуалдандыру желі өнімділігін шектемеуге мүмкіндік беріп, ең көп салмақ түсетін уақыттарда ресурстарды қайта үлестіруге және қажет болған жағдайда қосымша серверлік қуаттылықтарды қосуға жағдай жасайды. Платформа 5G желісінде қолдануға жарамды. 2019 жылы Астана, Шымкент және Ақтөбедегі ядроларды виртуалдандыру жоспарланған. Осы жоспарларды табысты жүзеге асыру желіні икемді әрі берік етуге, сондай-ақ, VoLTE технологиясын ендіруге мүмкіндік бермек.
«Tele2 және Altel бірлескен компаниясының үш жылдық қызметі ішінде біз абоненттік базаны айтарлықтай өсіріп, басты қаржылық көрсеткіштерді арттыруды жалғастырдық. LTE Advanced желісін дамыту және желідегі жобаларды жүзеге асыру аясында күш біріктіруіміз арқасында біз желі жұмысының тұрақтылығын арттырып, технологиялық көш­басшылығымызды сақтап қалдық. Біз қол жеткізілген көрсеткіштерді місе тұтпай, алдағы жылдары абоненттердің мобильдік қаржылық сервистерге және ОТТ қызметтеріне (ғаламтор арқылы бейнеқызметтерді ұсыну) деген қажеттіліктерін қана­ғат­тандыруды, сондай-ақ, 5G және IoT сервистерін іске қосу үшін желіміздің әлеуетін қолдануды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Tele2 және Altel бір­лескен компаниясы басқарма төрағасы Роман Володин.
Tele2 – жетекші еуропалық байланыс операторларының бірі. Бүгінгі күні Tele2 – 8 елдегі 15 миллионнан аса абонентке мобильдік және тіркелген телефония, кеңжолақты байланыс арқылы интернетке шығу және кабельдік теледидар қызметтерін ұсынып отыр. Altel – «ALTEL 4G» бренді арқылы LTE технологиясын коммерциялық тұрғыда іске қосқан тұңғыш қазақстандық мобильдік оператор.
Tele2 Қазақстанда 2011 жылдан бастап жұмыс жасап келеді (2016 жылдан бастап «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлескен компания ретінде қызмет етеді). 7,1 миллионнан аса абонентке 3G және 4G технологиясында мобильдік байланыс және кеңжолақты сымсыз интернет байланыс қызметте­рін ұсынып отыр. Қазақстанда қыз­мет жүргізе бастағалы бері Tele2 нарықты дамытуға 150 млрд теңгеден аса қаржы құйды. Tele2 брендінің басты артық­шылықтарына байланыстың сапасы және шынымен де тиімді бағалар айналды.

Салтанат ҚАЖЫКЕН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру