Валюта бағамы: $ 377.65 427.31 5.87 ¥ 56.25

Жасанды интеллект мемлекетті алмастыра ала ма?

«Astana Hub» Халықаралық IT-стартаптар технопаркінде резиденттер мен қонақтарға арнап Қазақстандағы бизнес үдерістерді роботтандыруға арналған шешімдердің таныстырылымы өтті. «Astana Hub» Халықаралық IT-стартаптар технопаркі, Lenovo Central Asia және Microsoft Қазақстан серіктестігі ұйымдастырды.

Іс-шараға 100-ден аса қатысушы келді, олардың арасында «Astana.Hub» резиденттері – девелоперлер, стартаперлер, акселератор, Microsoft Қазақстан серіктестері де болды. Сондай-ақ, іс-шара аясында «Astana.Hub» базасында технопарк резиденттеріне арнап воркшоптар мен тренингтер өт­кізілді.
«Біз жаңа технологиялар арқа­сында Елорда тұр­ғын­дарының өмір салты қалай өзгеріп жат­қандығына куә болып отырмыз. Мәселен, біздің елорда Smart Astana тұрақты даму тұжы­рымдамасы бойынша өзгеріп келеді, бұл әрекеттер халықтың өмір сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға, инфрақұрылымды жақсар­тып, жаңғыртуға және ұлттың қоғамдық қауіпіздік дең­гейін көтеруге бағытталған», – деп атап өтті «Astana Hub» Ха­лық­ара­лық IT-стартаптар техно­паркі бас директоры Әділет Нұр­ғожин.
Кездесу кезінде Micro­soft Қазақстан, KPMG, Ernst&Yang, BCG компа­ния­ларының мамандары кездесу кезінде жасанды интеллект негізіндегі шешімдерін жүзеге асыруға арналған өз жобаларын таныстырды. Қатысушылар және акселератор қонақтары Microsoft шешімдері негізіндегі бет-әлпетті, эмоциялар мен объектілерді тану, машиналық оқыту және заттар интернеті арқылы жүргізілетін озық аналитика құралдары сынды жасанды интеллект негізіндегі шешімдермен танысты.
«Бүгінгі күні Lenovo компа­ниясының бүкіл әлем бойынша 15 зерттеу орталығы бар», – деп атап өтті Lenovo Central Asia бас менеджері Әлнұр Ермағамбетов. – «Компания жасанды интеллект саласындағы зерттеулерге 1,2 млрд АҚШ доллларынан аса қаржы құйды, жасанды интеллект технологияларын жасап шы­ғаруға арналған үш жаңа орталық салынды».
Таныстырылымдар топтамасын ашқан кезде Microsoft Қазақстан бас директоры Тибор Колеяк былай деп атап өтті: «Біздің компания Қазақстанда бұлттық есептеулер және жасанды интеллект технологияларын дамыту стратегиясын жасап шығару бағытында жұмыс жүргізуде. Оның мақсаты – осы технологиялар мен құралдарды «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында бизнес міндеттерді тиімдірек шешу үшін әрбір бағдарлама жасаушыға қажет­ті бағдарламалық жабдық­таманы қолжетімді ету. Қа­зақ­стандық девелоперлер және IT-стартаптарды дамыту үшін бұл бағыттардың келешегі зор, өйткені көптеген аналитикалық компаниялар жасанды интеллектінің бизнес ретіндегі маңыздылығын триллион долларға бағалап отыр».
«Astana Hub» Халық­ара­лық IT-стартаптар тех­но­паркінің резиденттері мен келушілер жасанды интеллект негізіндегі ше­шім­де­рін жүзеге асыруға арнал­ған Microsoft құралдарының басты тұжырымдамаларымен, қаржылық және мемлекеттік органдардың жұмыс барысын ұйымдастыру кезінде роботтандыру мүмкіндіктерін тәжірибеде қалай қолдануға болатын­ды­ғымен, мұнай-газ секторында цифр­лық көмекшілерді қолдану мүм­кіндіктерімен танысты.

Айнұр Бақдәулетқызы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру