Валюта бағамы: $ 378.9 422.74 5.87 ¥ 54.8

Нарыққа негізделген сайт іске қосылды

Қазақстанда жетекші ақпараттық порталдардың басты көрсеткіштерін өлшеуге арналған сайт жұмыс жасай бастады. Алматыда olshem.kz сайты іске қосылды. Жаңа ресурс – бұл жобаға қатысып отырған 25 порталдың Қазақстанда кәсіби және ашықтық деңгейі жоғары нарықты құру бағытындағы ұмтылысының нәтижесі.

Отандық нарық үшін жаңа аталмыш ресурс – olshem.kz сайты деректер аналитикасы саласындағы Chartbeat атты озық компаниямен бірлесе отырып жүзеге асырылды. Компанияның қызметтерін АҚШ медиа на­рығының 75%-ы қолданады. Ашық, айқын әрі кәсіби медиа нарығын қалыптастыру мақса­тында жетекші қазақстан­дық интернет-басылым­дардың бір­лескен шешімі ретінде құрыл­ған бұл веб-сайт өз жұмы­сында ең үздік халықаралық стандарттарды қолданатын болады.
Chartbeat технологиялары отан­дық БАҚ-қа өз оқырман­дары­ның шынайы қажеттіліктерін ескере отырып, бизнес үдерістерді орнату арқасында жарнама берушілерді кеңінен таратуға мүмкіндік бермек. Заманауи құралдар мен озық технология­ларды қолдану журналистика сапасын көтеріп, отандық БАҚ нарығының кәсіби деңгейінің өсуіне әкелмек.
«Қазақстан тарихында тұңғыш рет 25 отандық интернет БАҚ оқырмандармен және жарнама берушілермен өз қатынасында адалдықты ұстанатындығын ашық түрде көрсету жөнінде өз еркімен шешім қабылдады. Chartbeat тех­нологиялары арқасында олар өз статистикасының көрсеткіштерін, соның ішінде бұған дейін жария­ланбаған көрсеткіштерді ашып көрсетпек. Бұл оқырмандар­дың қажет­тіліктерін тереңірек түсініп, аудиторияны тарту, қазақ­стан­дықтар үшін шынымен де ма­ңызды әрі қажетті репортаждар мен лонгридтерді дайындауға бағытталған көбірек контентті жасап шығару үшін қазақстандық журналистерге арналған бірегей мүмкіндік», – деп өз ойымен бө­ліс­ті Chartbeat жобасы Қам­қор­шылар кеңесінің төрағасы Михаил Дорофеев.
Сайт Қазақстандағы Chart­beat апталығы аясында іске қосылды. 4 наурыздан бастап білім беру бағдарламалары жөніндегі аға басшы Джилл Николсон және клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі менеджер Кара МакКлоуски Алматы және Астана қалаларында білім беру тренингтерінің топтамасын өткізіп, жоба қатысушыларының редакцияларында болып қайтты. Сондай-ақ, сапар аясында жарнама нарығының қатысушылары үшін Chartbeat сервисінің құралда­рына арналған семинарлар және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен кездесу өткізілді.
«Қазақстандағы АҚШ елшілігі Қазақстан халқы мен Үкіметі үшін маңызды бірқатар бастамаларға үлкен мақтанышпен қолдау көр­сетуді жалғастырып келеді. Осындай бастамалардың бірі – ел ішінде мықты әрі кәсіби журналистиканы ілгерілету. Қазақстан Үкіметі және қазақстандық қоғам АҚШ-та қолданылатын инновациялар мен технологияларға қызығушылық танытып отыр. АҚШ бас консулы ретінде мен бұл жоба осы технологиялардың кейбіреуін ендіріп, осылайша Қазақстандағы мықты журналистиканы дамытуға өз үлесін қосады деп үміттенемін», – деп атап өтті АҚШ бас консулы Эрик Мэйер.
Оlshem.kz ресурсы жарнама нарығына жобаға қатысатын порталдардың оқырмандар аудиториясы жайлы шынайы ақпарат алуға мүмкіндік бермек. Бұл БАҚ-та жарияланатын материалдардың мақсатқа бағыттылығын арттыр­мақ. Chartbeat сервистерін қолда­натын медиа ресурстар жарнама нарығымен толық әрі нақты аналитикамен бөлісетін болады. Олар контент сапасын жақсартып, редакциялық саясатты жаңа жағ­дайларға сәйкес бейімдейтін болады. Сервис қатысушылар ара­сында кәсіби қатынастарды құруға көмектесіп, редакциялық саясатта метрикалардың кеңінен қолда­нылуына жағдай жасамақ.
«Chartbeat компаниясы қазақ­стандық БАҚ-қа бүкіл әлемдегі ең ірі редакцияларда табысты түрде қолданылып отырған дерек­терді талдау саласындағы озық технологиялардың артық­шы­лықтарын қолдануға көмектесе отырып, олармен жұмыс жасауға мүмкіндік алып отырғанына қуанышты. Қазіргі таңда журналистика сапасы бұрынғыдан аса үлкен маңызға ие, сондықтан осы серіктестік аясында ірі не шағын болсын, 25 басылым­ның әрқайсысына өз оқырмандары­на ерекше деңгейде әсер етуге және жұмыс сапасын көтеруге көмектеспек», – деп атап өтті Джилл Николсон.

Нұрлан Құмар


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру