Валюта бағамы: $ 377.65 427.31 5.87 ¥ 56.25

Әйелдер – бизнес басында

Павлодар облысында шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы саны – 44 мыңнан асса, оның 33%, яғни 15 мыңына әйелдер жетекшілік етеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі баспасөз мәслихатында «Атамекен» Павлодар өңірлік кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Бақытжан Ілиясова айтты.

– Бизнес саласындағы әйелдердің сапалы құра­мының 50 пайызын белсен­ді жастағы азаматшалар, яғни 160 мыңға жуық әйел құрайды. 10 мыңнан астамы сәбилерінің күтімі бойынша демалыста отыр, – деді ол.
Айта кеткен жөн, былтыр ERG компаниялар тобы мен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Іскер әйел­дер республикалық кеңесі конгресінде өзара ынты­мақтастық жөнінде мемо­рандумға қол қойыл­ған болатын. Кездесу қоры­тындысы бойынша Қазақстан Халық банкіне әйелдер кәсіп­керлігін несиелендіруге 1 млрд теңге көлемінде бірінші транш бөлінді. Павлодар облысынан түскен 58 өтініштің ішінде бес жоба 30 млн теңге көлемінде несие алды. Қаражат құрал-жабдық сатып алу, инвестицияларды қайта қаржыландыру және айналым қаржысын толықтыруға жұмсалды.
Спикердің айтуынша, ауыл­­дық жерлерде бизнес­пен айналысатын әйелдер­дің саны артып келе жатқаны байқалады. Мәселен, 2018 жылдың ішінде жалпы құны 322,9 млн теңгені құрайтын әйелдер бизнесінің 113 жобасы бастау алды. Жобалар қызмет көрсету, білім беру, мал шаруашылығы және нан өндірісі салаларында жүзеге асырылды. Оның ішінде «Ясмин» жеке кәсіпкерлігі көжектерді өсіруге 3 млн теңгенің грантын алған.
Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуда мемлекеттік қолдаудың маңызы зор. Нәти­жесінде іскер азамат­шалар түрлі салада өз биз­несін дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуда. Олар аймақ эконо­микасының дамуына үлес қосып, сапалы, бәсекеге қабі­летті өнім шығарады. Бүгін­де кәсіпкерлер палатасы жанында «Бизнес кеңесші», «Бизнес өсім», «Бастау» атты тегін оқыту курс­тарына 3 мыңнан астам әйел қатысып, кеңес алған.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру