Валюта бағамы: $ 377.65 427.31 5.87 ¥ 56.25

Мұқтаж жандарға көңіл бөлінуі тиіс

Елбасының төрағалығымен әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өтті. Жиынға Премьер-министр А.Мамин, Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Исекешев және Премьер-министрдің орынбасары Г.Әбдіқалықова қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев қа­зақстандықтардың әл-ау­қатын арттыруға және тұр­мыс сапасын жақсартуға бағытталған шараларды сапалы жүзеге асырудың маңыз­дылығын атап өтті.
– Жақында өткен «Нұр Отан» партиясының съезін­де әлеуметтік саясат сала­сындағы шаралардың іске асырылуын егжей-тегжейлі қарастырдық. Мен тұрмысы нашар және әлеуметтік тұрғыдан аз қам­тылған тұр­ғындарға қолдау көрсету жөнінде жаңа ауқымды шаралар ұсынған болатынмын. Біз бүгін оларды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын жан-жақты талқы­лаймыз, – деді Қазақ­стан Президенті.
Жиынға қатысушылардың есебін тыңдаған соң, Елбасы халықтың көмекке мұқтаж санатына жататындардың бәріне әлеуметтік жәрдем беру қажеттігін, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасылар мемлекеттің қамқорлығын жақын арада сезінуге тиістігін баса айтты.
– Көмекке аса мұқтаж және көп балалы отбасылар биылғы 1 сәуірден қалмай әлеуметтік көмек алуы қажет, – деді Президент.
Мемлекет басшысы өңір­­лерде жалақыны өсіру жө­ніндегі шаралардың уақ­тылы қабылдануының, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жүйелі реформалар жүргізудің, тұрғын үйлер мен ішкі аудандық жолдарды салу қарқынын күшейтудің, сондай-ақ тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығы мен экология проблемаларын шешудің маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, «Құтты мекен» и «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын әзірлеп, жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
– Ең алдымен, халықты жұмыспен қамту керек. Мемлекеттік аппараттың міндеті – шағын және орта бизнесті дамытуға, жұмыс орын­дарын ашуға күш жұмыл­дыру. Бұл жұмысты бар­лық қалаларда, аудандар мен ауылдарда жаппай жүргізу қажет, – деді Н.Назарбаев.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру