Валюта бағамы: $ 377.65 427.31 5.87 ¥ 56.25

Фермерлерге көмекқаржы толық көлемде жетпей жатыр

Қазақстандық фермерлер субсидияларына (көмекқаржы) толық көлемінде жете алмай жүр. Аграрлық саясат Ауыл шаруашылығы министрлігінің пәрменімен жүргізіледі, алайда қаражатты бөлумен – кімге қанша ақша беруді шешетін – аймақтардағы әкімдіктер айналысады, деп хабарлайды kapital.kz сайтынан.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (МҚІСЖҚІА) бизнесті қорғау аясында «жауыр» болған жүйені күйретуге тырысуда, сөйтсе де бұл салада тіпті ұғынықты статистика да жоқ. Фермерлердің көп­шілігі жергілікті билікпен керіс­кілері келмейді, ең болмаса олардың ұсынғандарын алуды місе тұтып, арызданбайды да, деп көрсетеді «Ка­питал» іскер ақпарат орталығы.
Атап айтқанда, Ақмола облысын­дағы «Ak-Hilal» ЖШС директоры Магомед Экажев 2018 жылы 60 млн теңгеге жуық сомаға ресейлік тұқым сепкіш (сеялка) сатып алғанын айтады. Қолданыстағы заңдылыққа сәйкес, мемлекет жұмсалған қара­жат­тың 25%-ының (бұл осындай жағдайда 14 млн теңгені құрайды) орнын толтыра алады. Алайда, Ақ­мола облысы ауыл шаруашылығы бас­­қар­масы тек 5 млн теңгенің орнын тол­тыруға шешім қабылдайды.
«Осы 25%-дың есептеуін жүргізген шенеуніктер өздерінше шешкен және біздің дәлелдеулеріміз бен факті­лерімізге назар аударғылары келмеді. Нәтижесінде біз мемлекеттен 25% емес, 7 – 8%-ға ғана ие бола алдық. Жыл бойы біз өз көзқарасымызды дәлелдеумен болдық, бірақ ештеңеге де қол жеткізе алмадық. Ақыр аяғында Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүгініп, өз есептеулеріміз бен дәйек­терімізді ұсындық. Ауыл шаруашы­лығы министрлігі Ақмола облысына хат жолдап, есептеулерді тәртіп бойынша жүргізуге ұсыныс берді. Тіпті осыдан кейін де облыстық басқарма орнын толтыруды түзетпеді», – деп хабарлады фермер Астана­дағы мемқызмет және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес агент­тігіндегі (МҚІСЖҚІА) брифингте.
Айналып келгенде фермер МҚІСЖҚІА-ға жүгінген. Ведомство қызметкерлерінің Ақмола облысы агенттігіне баруынан кейін басқар­мадағылар есептеулерін қайта қарап, бір айдың ішінде жетіспейтін 9 млн теңге соманы төлеп берген. Бұған қарап, басқа да фермерлер күн сайын осындай мәселелермен бетпе-бет келеді деп айтуға әбден болатын сияқты.
«Олар (әкімдіктің жанындағы ауыл шаруашылығы басқармасында) үш жыл бойы барлығына да тең көлемде көмекқаржылар беріп келдік, дейді. Яғни, бізге сияқты тиісті орнын толты­руды толықтай бермеген. Мақсаттары не – онысын білмедік. Бәлкім, мемле­кеттің ақшасын үнемдеуді ойла­ған шығар, бірақ сөйте тұра олар есептеу­лерді дұрыс жүргізбей отыр ғой», – деп түсініктеме береді Магомед Экажев.
Бұл ретте МҚІСЖҚІА ауыл шар­уашылығы басқармасының ше­неу­­ніктері тәртіптік немесе әкім­ші­лік жазаларын алады дейді, өйткені мем­лекеттік қызмет көрсету тәртібі бұзылған. Ал, егерде бұған қоса сы­байлас жемқорлық көрінісі анық­талар болса, соңы елеулі қиындықтар туғызады.
«Мәселе – бизнесмендердің көпшілігі әкімдіктің талаптарымен келісуінде. Олармен керіспей, не берсе, соны алғандарына риза. Бұл психологияны күйрету қажет. Ауыл шаруашылығы саласына мил­лиардтаған сомада қаржы бөлінеді. Егер фермер Экажевпен жағдайды бүкіл елімізге бөліп қарастырар болсақ, ауыл шаруашылығының сапасын жақсартуға жұмсалуы тиіс миллиард­тар тиімді пайдаланылмайтынын аңғара аламыз. Бірақ, тағы да мұндай статистика жоқ, бизнесмендер бізге хабарласпайды. Біз жеке жайттармен жұмыс істейміз де, соларды ғана ше­ше­міз», – деп атап көрсетті төраға ке­ңесшісі, МҚІСЖҚІА «Бизнес және инвес­тицияларды қорғау» жобасының жетекшісі Нұрлан Жақсымбетов.
«Бірақта, сіздер тексерумен аймақ­тарға шыға аласыздар ғой?» деген сұраққа ол:
– Мұндай тексерулерді про­кура­тура органдары жүргізе алады. Біз сыбайлас жемқорлық қауіптеріне талдау жасай аламыз. Соның негізінде белгілі деңгейде ұсыныстар жасаймыз. Бұл бағытта біздің қолымыз байлаулы. Таяу кезеңде, біздің жобалық офисіміз іске қосылған, салалық сарапшы­лармен тиімді жұмыс құра отырып, біз кезеңдік негізде мемлекеттік көмек­қаржылар аясында реттеуші ортаны жақсы жағына қарай өзгерту бойынша үкіметке нақты ұсыныстар енгізбекпіз, – деді жоба жектекшісі.
Н. Жақсымбетов 2018 жылдың шілдесінде іске кіріскен жоғарыда аталған Protecting business and investments жобасының нәтижелері туралы әңгімелеп берді. Осы уақыт аралығында МҚІСЖҚІА-ға 395 бизнесмен шағымданған, шағым­дардың 90%-ы шешімін тапқан. Осы ретте инвесторлар мен кәсіпкерлер мәселелерінің басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласына, жер қатынастарына, сондай-ақ табиғи монополистер көрсететін қызметтерге қатысты екен.
МҚІСЖҚІА мәліметтері бой­ынша, сегіз айда әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке 57 мемлекеттік қыз­меткерлер тар­тылған, олардың арасында әр­түр­лі аймақтардың басшы­лары мен әкімдері бар. Қорыта айта­рымыз, бұл тек бір ғана агент­тік аясын­да жүргізіліп отырған жұмыс­тардың бірқатары, ал өзге салаларда да осындай кемшіліктер бары жасы­рын емес. Демек, қолға алынған мұн­дай шаралар, түптеп келгенде, халқымыз үшін басты сала – ауыл шаруашылығын өркендетуге жәр­демін тигізеді деп үміттенеміз.

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру