Валюта бағамы: $ 378.9 422.74 5.87 ¥ 54.8

Орман шаруашылығы оңалып келеді

Солтүстік Қазақстан облысында орман және ағаш өңдеудің коммерциялық және экологиялық кластерін құру бойынша бірегей жоба іске асырылуда. Оның мәні – өнімділігі төмен жапырақты ормандарды ағаштың қалдықсыз өңдеуімен қылқан жапырақты түрлеріне айналдырудың жаңа технологиясында жатыр. Нәтижесінде өндіріс экологиялық таза отын мен шикізатты металлургия өнеркәсібінде қолдануға мүмкіндік алады.

Ғылым қоры қаржыландырған жобаны жүзеге асыруға өңірдегі ұзақмерзімді орман пайдаланушы «АДБ-Орманы» серіктестігі лайық деп танылды. Жоба өнімділігі төмен жапырақты ормандарды ағаштың қалдықсыз өңделуімен және аймақтың орман шаруашылығы айналымына металлургияға арналған экологиялық таза отын мен шикізатты алуымен қылқан жапырақты ағаштарға айналдыру әдісін енгізуді көздейді. Гранттық қаржыландыру көлемі 298 млн теңгені құраса, «АБД-Орманы» 40 млн теңге көлемінде қосымша қаржы бөледі.
Орман шаруашылығы жұмыс­тары мамандандырылған тың жаб­дықтармен және техникамен ат­қарылуда. Барлық технологиялық процестер ең аз еңбек тартумен авто­маттандырылған. Серіктестік ағаш өңдеу машина-трактор паркін жаңартудың жоғары сапасын қам­тамасыз етеді. Жұмыс басталған сәттен ағаш өңдеуге арналған харвестер және форвардер, отырғызу материалын өсіруге арналған тік қабырғалы туннельді жылыжай, сондай-ақ отын шығаратын «Тайфун» процессоры – барлығы жалпы құны 192 млн теңгеге сатып алынды. Словениядан жеткізілген «Тайфун» құрылғысы ағашты тез кесуге мүмкіндік береді. Заманауи технология ағаш жинау көлемін ұлғайтады. Енді компания заманауи арнайы жабдықтарды пайдаланумен ағаштарды жеткілікті жинап, жылыжайларды жабдықтап, көмір пештерін іске қосуды жоспарлап отыр. Жаңа технологиямен жұмыс істейтін мамандар да дайындықтан өтті.
Жалпы, қазіргі таңда аймақта ағаш өңдеуді жүзеге асыратын 29 орман пайдаланушылар бар. Облыста жыл сайын 80-100 мың текше метр ағаш өңделеді. 28 шеберхана, технологиялық жоңқаларды өндіруге арналған 3 желі, ағаш көмірін өндіретін 3 зауыт және Қызылжар ауданында евро ағашын өндіру бойынша бір зауыт бар. Дегенмен, облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, ағаш өңдеу жобаларының саны әлі де жеткіліксіз, ал кемшіліктердің орнын толтыру үшін шетелдік инвесторларды жұмысқа тарту қажет.
– Орман шаруашылығы – біздің аймақтың даму әлеуетінің бірі болып саналады. Жыл сайын ормандардың саны өсуде, біз қысқартуға қарағанда, ағаштарды көбірек отырғызамыз. Сондықтан осы әлеуетті одан әрі дамытып, тың технологияларды меңгеру үшін инвесторларды осы бизнеске тарту қажет, – дейді өңір басшысы.

Ботагөз ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру