Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Қаламгерлер шаңғы тепті

Журналистер арасындағы алғашқы жарыс

Шымбұлақта БАҚ саласында қызмет ететін журналистер арасында шаңғы жарысынан алғашқы сайыс өткізілді. «Шымбұлақпен» бірлесіп SCIJ Kazakhstan атты журналистердің шаңғышылар клубы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстанның Халық банкі ұйымдастырған шараға 31 қаламгер қатысты.

Жарыс барысында жолдың қиындығына байланысты көптеген қаламгерлер құлап-сүрініп жатты. Дегенмен де 21 журналист мәреге жетті. Ерлер арасында Андрей Кукушкин («Информресурс» агентсттігінен) жеңімпаз атанды. Екінші орынды Егор Ильин (Prosport.kz сайты) иеленсе, алғашқы үштікке Павел Михеев ( «Литер» газеті) ілікті. Ал әйелдер арасында Анастасия Наумецкая (Тәуелсіз журналист) бас жүлдені еншілесе, Александра Гузева (Raknagore.kz интернет- журнал) екінші орыннан көрінді. «МК в Казахстане» атты газеттің қызметкері Алексей Мальченко ең табанды журналист аталымы бойынша марапатталды. Ол тау шаңғысымен айналысқанына бар болғаны 3 ай болыпты. Осыншама аз уақытқа қарамастан А.Мальченко мәре­ге жете білді әрі ең соң­ғы нәтижені көрсетпеді. Mas­saget.kz сайтының бас редак­торы Ербол Молдажанов жеңіс­ке жігерлі деген аталымы бойынша марапатқа ие болды. Ол жарыс барысында бас ай­налдырарлықтай қатты құлағанына қарамастан, сайысты аяқтай білді.

Жыл сайын әлемде БАҚ өкілдері арасында шаңғы жарысынан дәстүрлі сайыстар өткізіліп келеді. Алғашқы сайыс француздың Мерибеле қаласында 1955 жылы өткізілді. Содан бері қаламгерлер арасында әлемде жарыстар жиі өтуде. Ал Шымбұлақта тау шаңғысы бойынша өткен сайыс алдағы уақытта жалғасын тауып, дәстүрлі жарысқа айналары сөзсіз.

Нұрлан Құмар


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру