Валюта бағамы: $ 378.87 422.4 5.87 ¥ 54.85

Экономикалық байланыс күшейіп келеді

Көршіңмен тату болсаң – ұтылмайсың

Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыс жарық жылдамдығындай шапшаң дәрежеде күшейіп келеді. Мәселен, былтыр ғана қос елдің Жаңа Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуі аясындағы «Нұрлы жол» саясаты бойынша көптеген сала бойынша өсу байқалды. Бұл екі мемлекет үшін тиімді болғаны ақиқат.

Қытай тарабының статисти­калық мәліметіне сүйенсек, был­тырғы жылдың 11 айында екі мем­лекеттің тауар айналымы 18,162 миллиард АҚШ долларын құрап, былтырғы жылға қарағанда 12,9 пайызға өскендігі байқалған. Қытайдан Қазақстан­ға жасалынған экспорт көлемі 10,535 миллиард АҚШ доллары бойынша, 0,2 пайызға, ал Қазақстан­нан импорт 7,627 миллиард АҚШ долларымен 37 %-ке өскен екен. Қазақстан Орталық Азияда бі­рінші, ал ТМД мемлекеттері ара­сында екінші болып Қытаймен тауар әріптестігін орнатқан ел атан­ды.
Қытай елшілігі еліміздің көп­теген аймақтарын, әсіресе 2 қала мен 4 облысты дамытуға ба­рынша мүдделі. Шыңжаңмен шектесетін немесе соған жақын орна­ласқан Алматы мен Шымкент ша­һар­лары, Шығыс-Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының экономикасы, өнеркәсіпті өркендету бас жоспарда тұр. Географиялық тиімділік пен дәстүрлі достық байланыстың арқасында елшілік аймағы Қазақ­стан мен Қытай арасындағы байланысты күшейтуді көздейді. Мә­селен, 2018 жылы елшілік ай­ма­ғында көптеген нәтижелі көр­сет­кіштер тіркелді.
Екі елдің сауда-саттық айналымы жоғары деңгейге жетті. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің сайтының мәліметі бойынша былтырғы жыл­дың 8 айында тауар көлемі 2,981 миллиард АҚШ долларын, соның ішінде Қытайға экспорт көлемі 669 миллион АҚШ долларын, Қытайдан Қазақстанға импорт 2,312 миллиард АҚШ долларын құрады. Импорт пен экс­порттың көлемі былтырғы жыл­мен салыстырғанда біршама өскендігі анықталған. Былтырғы жылдың күз мезгілінің алғашқы айында Қорғас-Нұр жолы бойынша қытай-қазақстандық аймақ ашылған, соның нәтижесінде көлікпен затты жылдық тасымалдау көлемі 1 миллион тоннадан 3,5 миллион тоннаға артқан. «Қорғас Халықаралық шекара орталығына» барғандардың саны 5,9 миллион адамнан асып түскен. Қытай мен Қазақстан ауыл ­шаруашалығында мол өнім өндіретін мемлекеттер. Бұл салада әріптестік ел экономикасының дамуына мол ықпалын тигізетіні сөзсіз. «Бір белбеу, бір жол» жобасы аясында ауыл шаруашы­лы­­­ғы саласындағы байланыс тиімді жа­ғынан өркендеуге қарай жол ашылды. Қазақстанның бидай, ұн, ет, май, бал және басқа да азық-түлік өнімдері Қытайға үнемі экспортталып отырады. Экологиялық таза және пайдалы, жоғары сапалы және аса қымбат емес қазақстандық ауыл­шаруашылығының өнімдері қытай тұтынушылары арасында үлкен сұранысқа ие. Сонымен қатар қытайдың сапалы да арзан азық-түліктері де қазақстан­ның нарығында жыл санап көбейіп келеді. Былтырғы жылдың көк­тем мезгілінің соңғы айында Ал­матыда «Ауылшаруашылықты дамыту және әріптестік орнату» бойынша іскерлік кездесу өткен болатын. Бұл шараға Қазақстан мен Қытайдың 100-ден астам ауылшаруашылығында жұмыс істейтін іскер адамдар қатысып өз ойларымен бөліскен еді. Алматы облысының аумағында қос мемлекеттің қаржыланды­рып, салынған ауылшаруашы­лық инновациялық паркі тех­нология­лық сала бойынша тұ­қым өсіру, жылыжай, тамшылатып суару, ауылшаруашы­лық ма­шина салу бойынша көпте­ген игі іс­терді атқаруда. Қазіргі таңда 45 ауыл­шаруашылық мәдениеттің 6 мә­дени түрі, соның ішінде бидай, жүгері, бұршақты егуде. Тәжірибе саласында жасалынатын тұқым бойынша өндіру көлемі артқаны байқалған.
Индустриалды-иннова­ция­лық сала бойынша көрсеткіш­тер оң нәтижесін көрсетуде. Қытай мен Қазақстан арасындағы 55 индустриалды-инновациялық әріптестіктің 26-ы елшілік ай­мағында орналасқан. Жалпы инвестиция көлемі 10 миллиард АҚШ доллардан асып түскен. Көптеген игі істер атқарылуда. Мәселен, экономикалық әріп­тестіктің нәтижесінде Шым­кенттегі болат зауыты, Түркістан облысындағы шұбат пен қымыз өндіретін «Golden Camel Group», Шымкенттегі «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» мұнай өндіретін зауыты іске қосылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі аталған зауыт­тардың ашылу салтанатына орай құттықтау сөзін айтып, кей­біреуіне қатысқаны белгілі. Бұл өнеркәсіп озық технологиямен қамтамасыз етіліп, одан өндірілген өнім жоғары бәсекеге қабілетті екендігін дә­лелдеуде. Бұл өнеркәсіптен ел экономикасы дамитыны сөзсіз.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру