Валюта бағамы: $ 378.9 422.74 5.87 ¥ 54.8

Ел экспорты: Қайда, қанша жұмсалады?

Италия, Нидерланд және Франция қазақстандық мұнайдың 50%-дан астамын сатып алып отыр. Атап айтқанда, 2018 жылдың 11 айының қорытындысында тек осы үш мемлекетке ғана экспорттау 54,7%-ды құрады, деп хабарлайды Қазақстан қаржыгерлері ассоциациясының Талдау орталығы.

Қазақстан Республикасы Ұлт­тық банкінің алдын-ала баға­лауына сәйкес, төлем теңгерімінің ағымдағы шоты 2014 жылдан бері алғаш рет 2018 жылы профицит көр­сетіп, ол 0,9 АҚШ долларын құрады.
Мұндай жақсару оңды сауда теңгерімінің профициті 27,4 млрд долларды (+57,9%) құраған, айтарлықтай өсуінің арқасында жүзеге асқан. Мұнайға әлемдік бағалардың жағымды жағдаяты нәтижесінде тауарлар экспорты 25,2%-ға артып, 61,9 млрд долларға дейін жеткен. Атап айтар болсақ, мұнай мен газ конденсатының экспорты 42,2%-ға артқан.
2018 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы тауарларының экспорты 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 26,4%-ға, 54,7 млрд долларға дейін артқан. Көрсетілген өсімнің 89%-ға жуығы мұнай және газ конденсатын (+10,1 млрд$) экспорттау еншісіне бұйырыпты.
Энергетика министрлігінің алдын-ала жасалған мәліметтері бойынша, 2018 жылы елімізде осындай елеулі өсімге мұнайға бағалардың жоғарылығы (3Q17-дегі – бір барреліне $86,29 шарықтау шегіне жеткен), өндіру көлемінің (+6,3%) және экспорттың (+2,3%) артуы негіз болған.
Экспорт құрылымындағы елеулі өсімді сондай-ақ табиғи газ (+49,7%) және бидай (+48,8%) сияқты тауарлар да байқатып отыр, сөйтсе де органикалық емес химия өнімдері және басқа да қоспалар (-1,7%), сондай-ақ темір немесе болаттан жасалған жайпақ прокат (-0,4%) бойынша төмендеу бай­қалады (1-таблица).


Негізгі тауар номенклатурасы арасында мұнай мен газ конденсатын, сондай-ақ бидайды экспортқа шығару ең төменгі, бірақ та сатып алушы елдер бойынша жоғары, шоғырландыруға ие.
Мысалы, топ-5 қазақстан мұ­найының импортёр-елдері ен­ші­сіне «қара» алтынның жалпы көлемінің 68,9%-ы, бидайдың – 69,9%-ы, тиесілі болса, назар­лар­ыңызға ұсынылған тауарлар топ­тарының шоғырлануы елдер бойынша сатып алушы елдердің 80%-ынан (органикалық емес химия өнімдері) 96,9%-ға (газ) дейін тара­лады екен.
Сонымен қатар қазақстандық мұнайдың басты сатып алушысы, еншісіне барлық мұнай экспортының 30,9%-ы тиесілі, Италия болып қалып отыр. Ита­лиялық экономиканың өсу болжамының (1,2%-дан енді 0,2%-ға шейін) таяудағы құлдырауын ескерер болсақ, еуроаймақтағы көлемі бойынша үшінші экономика тарапынан біршама төмендеу қаупі бар.
Қазақстан мұнайын импортауда Голландия мен Оңтүстік Корея тұрғысынан да елеулі өсім байқа­лады (2-таблица).
Қазақстандық мұнайды тұты­ну­шы­лардың топ 10-дығы қата­рына ҚХР кірмесе де, бұл ел Қа­зақстанның мысын (54,8%), табиғи газын (47,1%), ферро­қорытпаларын (35,8%), органи­калық емес химия өнімдерін (34,2%) импорттау бойынша көштің басын ешкімге берер емес. Шайырлы таужыныстары мен ма­зутты импорттау бойынша Нидерланд (70,4% және 78,4% тиісінше), жайпақ прокаттан – Ресей (67%), бидайдан – Өзбекстан (29,1%), алюминийден – Түркия (33,8%) көш басында.
Осылайша, қазақстандық экс­порттық тауарлардың онының тоғызы қазып алынатын пайдалы табиғи байлығымыз және соларды қайта өңдеуден іске асырылатын дүниелеріміз екен. Осы ретте әлемдік тауар-шикізаттық нарықтағы жағдай, сондай-ақ жахандық сұраныс еліміздің сауда теңгеріміне шешуші әсерін тигізетінін атап айтқан жөн.
Сарапшылар 2019 жылы экс­порттың айтарлықтай өсімі бола қоймайды, әсіресе осы жыл болжамына орай жағымсыз қауіп-қатер байыпты ретпен өрбиті­нін де ескеру керек, дейді. Жалпы жаһан­дық экономика дамуының да айта қаларлықтай серпінді жағым­сыздықтарға ұрын­бауын болжаған олар дамушы елдерде шектен шы­ғатындай дүмпулер болмасына сенім­ді сияқты.

Иса ҚАМБАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру