Валюта бағамы: $ 379.86 422.97 5.85 ¥ 56.33

Төл теңгемізге халық сенімді

Ұлттық банк халықтың немен және қалай күнелтіп жатқанына сұрау салудың қорытындыларын жариялады. Іріктеуді «ГФК Қазақстан» зерттеу компаниясы 1,5 мың отандастарымыздың арасында сұрау салу негізінде жүзеге асқан.

Жалақыдан жалақыға дейін

2016 жылдың қаңтарында респон­денттердің 13% деңгейіндегі инфляцияны күткені, іс жүзінде ол 14%-дан жоғары көрсеткішті құрағаны анықталды. 2016 жылдың шілдесінде, инфляцияның нақты деңгейі соңғы 3 жылдағы максимум – 17,8%-ға жеткенінде, қазақстандықтар оны тек 13%-ға ғана бағалаған.
Халықтың болжауынша, 2019 жылдың қаңтарындағы инфляция 4,2% құрауға тиіс еді, ал нақты түрінде бұл 5,2%-ды құрады.
Өткен екі жылдағы бағалар, табыстар, шығындар мен адамдардың кредиттері туралы сұраудың қорытындылары да өте қызықты өрістеген. 50%-ға жуық респонденттер азық-түліктік тағамдарға бағалардың қалыпты түрде артатынын тұрақты айтады екен. 10%-ға таяуы ешқандай өзгерісті байқамайды. Сұрау салынғандардың 30%-дайы бағалардың аса артқанын атап көрсеткен. Нақ осындай пайыздағылар бағалардың одан әрі де өсетінін болжайды. Көпшілігі өмір бірқалыпты қымбаттайды деп есептейді.
Төмендегі кесте сұрау салынған 1,5 мыңға жуық адамдардың бәрі дерлік жалақы мен жәрдемақыға өмір сүріп жатқандарын көрсете­ді. Олардың ілуде біреулері ғана табыстың басқа да көздеріне ие болады екен (1-инфографика).


Бұған қоса сұралғандардың 20%-ға жуығы бүкіл отбасымен 70-100 мың теңге табысқа өмір сүретін көрінеді. Осыншамалары ғана отбасындағы 150 мың теңгеге дейін табыс табады екен. Респонденттердің 10%-ға таяулары ғана айына 300 мың теңгеден көбірек табатынын айтқан. Сұрау салынғандардың көпшілігі соңғы жылы өз отбастарының мате­риалдық жағдайлары бұрынғы деңгейде қалғанын атап айтқан. Бірақ сұрауға қатысқандардың 40%-ға жуығы жағдайдың жақса­ра­ты­нын болжайды (2-инфографика).

Кредитсіз өмір

Респонденттердің тек 20%-ында ғана жинақтары бар екен. Көпшілігі ақшаларын теңгелік де­позиттерде сақтайды. Басқалары үшін сақтаудың ең үздік үлгісі – қолма-қол ақша. Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті қаржы салудың құралы деп санамайтын болыпты енді.
Сұрау салынғандардың шамамен 40%-ы банктердегі жинақтары артқанын атап айтқан, алайда көпшілігі үшін ақшаларын тұрақты сақтауға қалдыру іске аса бермейтін көрінеді.
Бәлкім, таяу уақыттарда банктерден қарыз алуға ниет білдіре қоймағандар, нақ осылар да болар. Тағы бір таңқаларлығы, респонденттердің жартысынан астамында ешқандай кредит жоқ екен. Ал барлары несиеге алған тұрмыстық техника немесе жиһаздарына төлемдерімен шектелген (3-инфографика).


Кредиттер бойынша ай сайын­ғы төлемдер ауқымы да өте қызық­ты. Қарыз алушылардың 4 тобында да – 10 мыңнан 20 мың тең­геге дейін, сондай-ақ 100 мың теңге­ден жоғары да – шамамен бір­дей көлемде төлеп жатқандар тіркелген.
Қайран қалдыратыны, қазақ­стан­­дықтар теңгеге сенеді екен. Сұрау салынғандардың көпшілігі (60%-дан астамы) ұлттық валютаның АҚШ долларына қарағанда бекитінін болжайды.

Иса ҚАМБАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру