Валюта бағамы: $ ¥

«Сыбаға» аясындағы игі істер

Мемлекет басшысы алға қойған мал шаруашылығын жандандыру, еңбек өнімділігін және қайта өңдеу өнімдерінің экспорттық көлемін арттыру міндетін орындау ауыл халқының қаржылық қызметтер мен ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз етумен байланысты.

Қаржы операторларының бірі – «Сыбаға» бағдарламасын іске асыратын Ауыл шаруашылығын қаржы­лай қолдау қоры болып табылады. «ҚазАгро» холдингі құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйым ет шаруашылығын дамытудың осы бірегей бағдарламасы бойынша несиелеу өтініштерін қабылдауды жалғастыруда. Ағымдағы жылдың қаңтарында Қор жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге 1,2 мың бас ірі қара мал мен 3,2 мың бас мал сатып алуға 42 несие берді. Өткен жылы Ауыл шаруа­шылығы министрлігі мал шаруа­шылы­ғының сапалық сипаттама­ларын өсіру және жетілдіру, қазақ­стан­дық ет экспортын ұлғайтуды көздей­­тін Мал шаруашылығын дамыту бой­ынша салалық бағдарламасын әзірледі.
Бағдарлама шарттарына сәйкес, несиелер асыл тұқымды ірі қара және ұсақ мүйізді мал басын, негізгі құрал­дарды сатып алуға және айна­лымдық қаражатты толықтыруға бері­леді. Яғни, малмен қатар фермерлер машина-трактор паркін жаңартып, қажетті жабдықтарды, мал азығын сатып алуға мүмкіндік алады.
– Өткен жылы Ауыл шаруашы­лығын қаржылай қолдау қоры 15,6 млрд теңге көлемінде 679 өтінімді қаржыландырды, – дейді «Ауыл шар­уа­­шылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несие департаментінің директоры Гер­рард Бааль. – Бөлінген қаражат 23,8 мың бас асыл тұқымды ірі қара мен 75,4 мың бас ұсақ мал сатып алуға жұмсалды. Бүгінгі күні қа­зақ­стандық шаруашылықтарға шет елде­рден 9,3 мың бас ірі қара мал жет­кізілді.
Мысалы, Батыс Қазақстан облысында орналасқан «Арғымақ» шаруа қожалығы Ресейдің Тамбов облысынан 60 симментал тұқымды сиыр сатып алды. Бұған дейін шаруашылықта 100 жылқы және еділбай тұқымының 700-ге жуық қойы болған. Бірақ шар­уа­шылық басшылары тиімді мал шар­уа­шылығын кеңейтуге назар аударды. Жазға қарай алғашқы төл күтілуде.
Ақмола облысындағы «Ел-Хан» шаруа қожалығы Бұланды ауданына 100 ангус сиырын әкелді. Олардың 60-ы, сондай-ақ жаңа «Беларусь» маркалы тракторды сатып алу Қор арқылы қаржыландырылды. Айта кету керек, бұл мал «Терра» ЖШС-нен сатып алынған. Аталған мал бордақылау алаңы АҚШ-тан америкалық ангустарды әкеліп, олардан сапалы жас төл алды. Сондай-ақ қазір асыл тұқымды малды жергілікті шаруашылықтарға сатуда.
– Шетелде мал басын сатып алған шаруашылықтар мемлекеттен әрбір сатып алынған мал басына 225 мың теңгеден субсидия алады, – дейді департамент директоры Г.Бааль. – Сонымен қатар мемлекет пайыздық мөлшерлемені жылдық 14-тен 4 пайызға дейін төмендетеді. Мемлекет тарапынан қолдаудың тағы бір тетігі – шаруашылықтарға бұқаларды бордақылау алаңына тапсырған кезде тірі салмағының әр килограммына 200 теңгеден субсидия төленеді.
«Сыбаға» бағдарламасының тағы бір маңызды ерекшелігі – кепілдік сомасының 75%-на дейін кепілдікке несие қаржысына сатып алынатын ірі қара мал алынады. Қор бағдарлама бойынша өтінімдерді қабылдауды жалғастырады. Несиелер 70 млн тең­геге дейін көлемде, 15 жылға дейін­гі мерзіммен, субсидиялауды есеп­тегенде жылдық 4% сыйақы мөл­шер­лемесімен, сондай-ақ 4,1%-дан бастап жылдық тиімді сыйақы мөлшер­лемесімен беріледі.

ӘЛИЯ ЕҢСЕБАЕВА


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру