Валюта бағамы: $ 384.05 432.79 5.96 ¥ 55.46

Балалар құқығын қорғау бойынша кеңес құрылады

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Астанада болған қайғылы оқиғадан сабақ алып, алдағы уақытта осындай қасіреттің қайталанбауы үшін нақты әрекет етуге шақырды.

«Бес бірдей бүлдіршіннің қапыда қаза болуы тұтас ха­лық­тың қабырғасын қайыс­тырып жіберді. Өкініштен өзегіміз өртенеді. Бірақ амал жоқ. Енді осындай қасіреттің қайталанбауы үшін әрекет етуіміз керек. Бұл жайт қо­ғамдағы кейбір өзекті мәсе­лелердің кезек күттірмей ше­шуді қажет ететінін көрсетіп берді. Шын мәнінде, көп балалы отбасыларға жүйелі қолдау көрсету, жұмыс істейтін аналарға лайықты жағдай жасау және балалар құқығын қорғау мәселесінде әлі де болса жетілдіретін тұстардың бар екені сөзсіз. Сондықтан да халықтың жәрдемақы, баспана мәселесіне қатысты айтып, жазып жатқан сөздері орынды», деп жазды Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі аккаунтында.
Осыған орай «Нұр Отан» партиясы бұл бағыттарда нақты ұсыныстар дайындауда. М.Әшімбаевтің сөзінше, алдағы уақытта сол бойынша партия Үкіметпен бірлесіп жұмыс істеп, жағдайдың жақсаруына өз үлесін қосады.
«Сонымен бірге, партия жанынан Балалар құ­қығын қорғау жөніндегі кеңес құру туралы шешім қабылданғанын жеткізгім келеді. Осы бағытта да бүкіл қоғам болып жұмылып, өскелең ұрпақтың жарқын болашағы жолында бірлесіп жұмыс істейік», деп шақырды партия төрағасының бірінші орынбасары.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру