Валюта бағамы: $ 378.56 424.44 5.91 ¥ 56.36

Теңге нығайғанмен, қоры бекімей тұр

Қазақстан 2018 жылдың қорытындысы бойынша, сыртқы саудада жұмсағанынан, көбірек табыс тапқан. Төлем теңгерімінің ағымдағы шоты 0,9 млрд доллар профицитімен құралған. Алдын-ала жасалған бағалаулар бойынша, бұл 2014 жылдан бері қол жеткізілген оңды көрсеткіш, дейді Халық банктің баспасөз қызметі.

Ағымдағы операциялардың шоты Қазақстан мен оның сауда әріптестері арасындағы тауарлар, қызметтер көрсету, пайыздар мен дивиденттер төлеу үшін жүзеге асырылған барлық төлемдерді айқындайды.
Түпкі нәтижесінде 57,9%-ға артып, 27,4 млрд долларды құраған көрсеткіштің осыншама жақсаруына оңды сауда теңгерімінің айтарлықтай өсуі себеп болып отыр. Төлем теңгері­мінің профициті елімізге түс­кен жалпы таза валюта түсімінің мемле­кеттен тысқары кеткен жалпы жылыс­тау­лардан артық болғанын біл­діреді.
Мұнайға әлемдік бағалардың қолайлы жағдайларына орай, тауарлар экспорты 25,2%-ға артып, 61,9 млрд долларды құраған. Мұнай мен газ шы­ғын экспортқа шығару 42,2%-ға артқан.
Тауарлар импорты 34,5 млрд дол­ларға немесе 7,5%-ға өскен. Ин­вес­тиция­лық тауарларды енгізу бойынша неғұрлым (16,9%-ға) арту жүзеге асқан. Тұтыну және аралық тауарлар им­портының өсімі, тиісінше, 4,7%-ды және 4,1%-ды құраған.
Төлем теңгерімінің жақсаруына – 27,3%-ға артып, 20,9 млрд долларды құраған – тікелей шетелдік инвес­тор­ларға төлемнің табыстары тежеу болған.
Құбылмалы айырбас бағамының режимі теңгенің сыртқы факторлар­дың өзгеруіне әрекет ете алуына мүм­кіндік берді. 2018 жылы нақты айырбас бағамының болмашы әлсіреуі (2,1%-ға) қазақстандық тауар өндірушілердің бағаға қатысты бәсе­ке­лестігін қолдай алды.
«Жалпы алғанда ағымдағы шоттың оңды болуы теңгенің атаулы баға­мы­ның нығаюға әлеуеті барын бай­қатады», – делінген баспасөз қызметі­нің хабарламасында.
Қаржы шоты (Ұлттық банктің сақтық қордағы активтерімен операцияларды есепке алмағанда), алдын-ала мәліметтер бойынша, 4,5 млрд доллар оң сальдо құрады, бұл көбінше резиденттердің сыртқы міндеттемелері төмендеуіне байланысты болып отыр.
Тікелей шетелдік инвестиция­лардың ағылып келуі 9,8%-ға өсіп, 4,1 млрд долларды құрады. Резидент еместердің табыстарын қазақстандық кәсіпорындар капиталына қайта инвестициялау ағылып келудің негізгі көзіне айналды.
ҚР Ұлттық қоры активтерінің өсуі, сондай-ақ қазақстандық банктер мен кәсіпорындардың міндеттемелерін өтеу портфельдік инвестициялар бойынша (5,8 млрд доллар) бойынша капиталдың таза жылыстауына әкелді. Сонымен қатар 2018 жылдың IV тоқ­санында ҚР Қаржы минстрлігінің жаңа еурооблигацияларын шығаруы резиденттер міндеттемелері төмендеуі­нің орнын толтырды.
Сақтық қордағы активтер (ҚР Ұлттық қорының активтерін есептемегенде) 2019 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша 30,9 млрд долларға бағаланған, ал бұл – тауарлар мен қыз­меттердің қазақстандық импортын 8,1 ай қаржыландыру қажеттілігін жабатындай мөлшердегі көрсеткіш.
2018 жылдың III тоқсанында ағымдағы операциялар шоты 0,2 млрд доллар профицитпен құралды, деп түйін­дейді informburo.kz сайтында. Сарап­шылар мәлімдеуінше, 2018 жылдың соңында Ұлттық банк төр­ағасы Данияр Ақышев 2018 жылдың қоры­тындысы бойынша төлем тең­гері­мінің ағымдағы шотының про­фи­цитті көрсеткіші күтілуде, алайда әзірге ол шамалы дефицитпен құра­лып отыр, деп хабарлаған болатын.
Бұл жерде мына мәселеге де назар аударуға мәжбүрміз. Әлдеқандай дең­гейде ұлттық валютамыз нығая түс­кенімен, экономикалық байла­ныс­­тар себебінен шетелдерге түрлі себеп­термен ағылып жатқан қаржы­лары­мыздың күйі толғандыр­май қой­майды.
Атап айтқанда, өткен аптадағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасыға ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев мемлекеттен несие алған көптеген компанияның ақшаны уақытында қайтармай отырғанын, проблемалық несиелер көлемінің өсіп бара жатқанын ашық айтқаны есімізде.
«Жағдайы жоқ компанияларға ақша берсеңдер, сол! Ақша желге ұшады. Дұрыс басқара алмаған, құрып бара жатқан компанияларға неге бересіңдер ақшаны? Мұны істеп отырған Үкімет пен банктер. Басқа ешкім емес. Кім көрінгенге береді. Несиені алып алды, енді отыр қайтара алмай. Бұлай кім жұмыс істейді», – деп ашығын айтқан болатын сонда Елбасы.
«Олар ешқайда қашып кеткен жоқ. Жұмыс істеп жатыр. Бірақ, несиені жаппайды. Өсімі өсіп жатыр», – деп жауап берді Ақышев.
«Мен жеке қадаға­лаушы комитет құрайық дедім. Бірақ өзің айттың ғой, бұл біздің өз қолымыздан да келеді деп. Заңды шығардық. Енді істе жұмысты. Әр акционер өз банкін тонайды. Содан соң жүргенің артынан салпаңдап. Білмеймін, ақшаны орнына қайтар, керек болса, қылмыстық іс қозға үстерінен. Жұмыс істе», – деп қатты айт­ты Мемлекет басшысы.
Жоғарыда аталған сайтта білдірген пікірінде халықаралық экономика сарапшысы Алғатбек Қыдырбекұлы мұның бәрі шетелдік және отандық инвесторлардың отандық банк секторына сенімін ұялату үшін жасалып жатқанына тоқталды. Акционерлер өз банкін өзі тонаса, мұндай банкке қандай инвестор өз ақшасын сеніп тапсырады?
Жалпы алғанда, шетелде жатқан қозғаусыз қаражатты жандандыруға көңіл бөлетін кез келіп жеткен сияқты. Мұны Елбасы тағы да жыл соңында, нақтырақ айтқанда, индустрияландыру күні батырып әңгіме қылған болатын. Мәселен, 18 отандық компанияның 12,5 млрд доллары шетелде жатыр, деп айтты Нұрсұлтан Назарбаев.
Демек, отандық компанияларға тиесілі осынша табыс шетел банк­терінде жатқаны ғой сонда. Енді неге біздің сол банктерде жатқан қыруар қаржымызды өзіміздің экономикамызға жұмылдырып, пайдасын өз елімізде көрмеске?
Едәуір қаражаты шетелдерде жат­қан компаниялар қатарында «ҚазМұнайГаз» да бар. Ал бұл – ұлт­тық компания және қазір нақ осы отандық алпауытымыз 3 млрд долларын шетелдік банкте ұстап отырған көрінеді. Сонымен бірге «Теңіз­шевройл» компаниясы да 4,5 млрд долларын шетелге жөнелткен. Бұларда да шетелде ұстайтын ақшалар күн өткен сайын өсуде.
Шын мәнінде, Елбасының ашуланатындай жөні бар. Түптеп кегенде, шетелдерде қордаланған қаражаттың бәрі – Қазақстанның ақшасы, неге олар ең болмаса Ұлттық қорға құйыл­майды? Неге Қазақстан экономикасына жұмыс істемеске? Елбасы Үкіметке, Ұлттық банкке осылардың бәрін ретке келтіруге тапсырма берді.
Тиісінше, олар енді заңға өзгеріс енгізуге тырысып, өз беттерінше қаре­кетке кіріскен сыңайлы. Ал оның қандай нәтиже береріне – алдағы уақыт сыншы. «Бұл арада Ұлттық банк мықты болуы керек қой. Банк секторын халықаралық стандартпен жүретіндей қыла алса, соған қауқары жетсе, онда күніміз жақсарады. Бұл барлық жағынан алғанда жақсы нышан. Бірақ, әзірге күмәніміз көп», – дейді сарапшы.
Қорыта келе айтарымыз, Ұлттық банк өз тарапынан мәлімдегендей, теңгенің атаулы бағамы нығаю­ға әлеуеті жеткілікті болғанымен, бас­қа валюталарға қарағанда әлсізді­гі, ірі компаниялардың көлемді қаржыларын шетелдерден елге қай­таруға асықпауы да – теңге қорын бе­кітіп, елдегі қолданысын кеңейтуге көлденең болып отырған факторлар. Бірақ сең қозғалды, енді келешекте төл валютамыз сенімді қаражат көзіне айналатынына да сеніміміз ұлғая түсті. Ләйім, солай болуына жазғай.

Иса ҚАМБАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру