Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

Жастардың алғашқы форумы

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының негізгі қайнар көзі

Жақында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде ауылды дамыту, аграрлық саланы өркендету бағытында тиісті салаларға нақты міндеттер жүктеді. Бұл жастардың ауыл шаруашылығын дамытуға атсалысу деңгейін арттыра түспек. «Ауыл» партиясы Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, ауыл жастарын Елбасы қойған міндеттерді орындауға шақырды.

Осыған орай, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Ауыл» ұлттық демократия­лық партиясының ұйым­дастыруымен Бірінші рес­публикалық жастар форумы өтті. Аталмыш форум «Ауыл» халық демократиялық пар­тиясының бастамасымен ұйым­­дастырылды.
Іс-шараға спорт, білім, ғы­лым, ауыл шаруашылығы сала­сында жетістікке жеткен 300-ге жуық жас қатысты. Жиын барысында аграрлық сала мамандарын жұмыспен қамту, ауыл жастарын мемлекеттік бағдарламаға тарту мәселеле­рі талқыланды. Сонымен қатар, ауыл жастарының ұсы­нысы тыңдалды. «Ауыл» партиясының Астанадағы жас­тар қанатының төрайымы Айым Беркімбаева ауыл жастарының мәселесіне кеңі­нен тоқталды.
Жиын барысында ауыл жастары елді мекендердің дамуы үшін өндіріс пен шағын кәсіпті дамытуға арналған жаңа жобаларын ұсынуға дайын екендігін жеткізді. Республиканың барлық өңірінен шақырылған 300 жас маман Қазақ ұлттық аграрлық университетінде бас қосып, өз ойлары мен тәжірбиесімен бөлісті. Жиын­ның басты мақсаты – Жас­тар жылында табысты жобалар мен жемісті жұмыстарды бірлесе іске асыру. Жастар форумы аясында ауыл шаруа­шылығына қатысты көрме ұйымдастырылды.
Форумға қатысқан жас өрен­дер өзге де жастарды ауылды дамытуға ат салы­суға шақырды. Өйткені ауыл­шаруашылығы ел эко­но­мика­сының негізгі қайнар кө­зіне айналу керек.
Жалпы ауыл жастарының жиналатын орталықтары бар. Бірақ онда атқарылатын жұмыстар алға баспай тұр. Сондықтан әлі де қолдау, мықты жоспарлар қажет.
Ауыл жастары Қазақ ұлт­тық аграрлық университетінде ғы­лыми зерттеу институттарына келіп, тәжірибесін, өзіне керекті маңызды нәрселерді, кеңестерді алса құба құп болар еді. Өйткені ғылыми-зерттеу институттарының беретін пайдасы өте көп. Қазіргі кезде жылыжаймен айналысып жатқан ауыл жастары үшін университеттің берер ақыл-кеңесі көп. Дәлірек айтқанда жылыжайдан аз шығын­мен мол өнім алуға болады екен.
Елбасының бастамасын қол­дау мақсатындағы форумға қатысқан жастар ауылды дамыту мәселесі турасындағы жоспарларын ортаға салды. «Жұмыспен қамту-2020», «Дипломмен – ауылға» және «Бинес бастау» бағдарламалары жастар үшін үлкен қолдау болып отыр. Қазіргі таңда бұл жоғары университетте көптеген талантты маман жыл сайын оқуды тәмамдайды. Осы бітірген түлектер жұмыспен қамтылса жақсы болар еді. Осыны «Ауыл» демократиялық партиясы қолға алса, нұр үстіне нұр.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру