Валюта бағамы: $ 376.73 427.36 5.75 ¥ 56.07

Еншілес компанияның үлесі артты

Алматыдағы «Rixos» қонақүйінде «Орталық-Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ («ОАОЭК») акционерлері Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен Ислам инфрақұрылым қорымен (ИИҚ) арасындағы байланыс жөнінде жиын өтті. Жиында жасалған бірнеше келісім нәтижесінде «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-дағы үлесінің 59,65%-дан 92,75%-ға дейін артқанын мәлімдеп, «ОАОЭК» АҚ-ның 2018 жылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру және қаржылық міндеттемелерді орындау бойынша атқарған жұмыстары қорытындыланды.

«ОАОЭК» АҚ келісімдер шарт­­тарын құрылымдау және мақұлдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде компания ЕҚДБ және ИИҚ-нан «ОАЭК» АҚ-ның сәйкесінше 22,60% және 10,49% жай дауыс беруші акциясын сатып алды. Компаниядан акционерлердің шығуы бойынша келісім «ОАЭК» АҚ ұзақмерзімді даму стратегиясына сәйкес жоспарлы түрде жүзеге асты. ИИҚ 2011 жылдан бері «ОАЭК» АҚ акционері болып келді. Оның қатысуымен активтерді жаңғырту және компа­ниядағы корпоративтік бас­қару деңгейін көтеру бойынша белсенді жұмыс жүргізілді. ЕҚДБ 2009 жылдан бері «ОАЭК» АҚ акцияларына иелік етіп, ком­панияның инвестициялық бағ­дарламасын жүзеге асыруға қол­дау көрсетті. Банктен тартыл­ған қаражат энергетикалық ком­панияның өндіруші және беруші активтерді жаңғырту жұмыстарына жұмсалып, бұл олардың тиімділігі, сенімділігі және өнімділігінің артуына әкелді.
«Мемлекет басшысы ел да­муы­ның басым міндеттерінің бірі ретінде республикада энер­гетикалық инфрақұрылымды дамытуды белгіледі. Бұл ретте ол ТКШ-н жаңғырту саласына инвесторлар тарту қажеттігіне жиі тоқталады. Президент тапсырмасы аясында 2009 жылы үкімет «тарифті инвестицияға айырбастау» шекті тарифтер бағдарламасын қабылдап, бұл Қазақстанның электр энергетикасы саласының инвестициялық тартымдылығын көтерді. Дәл осы кезеңде ЕҚДБ энергия өндіретін активтерді жаңғырту үшін «ОАЭК» капиталына кіру туралы шешім қабылдады. Банктің жоғары стандарттары қызметке оң ықпал етті, енді біз бұл тәжірибені алдағы жұмысымызда да қолдануға ниеттіміз», – деп атап өтті Александр Клебанов, «ОАОЭК» АҚ акционері және Директорлар ке­ңесінің төрағасы.
Өз кезегінде ЕҚДБ Тұрақты Инфрақұрылым Тобы, Еуразия, Энергоресурстар департаментінің директоры Аида Ситдикова: «ЕҚДБ 2009 жылы «ОАЭК» АҚ-ның капиталына кірген уақытта алға қойған міндеттерінің бірі – жаңа құрылған жеке компанияның қалыптасуына қолдау көрсету болатын. Ол кезде компанияда өндіріс қуаттылықтары мен желілік шаруашылықты жаңғырту және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту қажет­тілігі бар болатын. Мен ком­панияның алдына қойған мін­дет­терінің үдесінен шығып, инвес­тициялық бағдарламаны сәтті жүзеге асырғанын қуана айтқым келеді. Сонымен қатар, ЕҚДБ-нің компаниялардың акционерлік капиталына кіру бойынша кез-келген жобасы өзіндік өмірлік цикліне ие. Акционерлер құра­мынан шығу арқылы біз бұл капиталды жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін қолдануға мүмкіндік аламыз. Соған орай біздің «ОАЭК» АҚ-дағы миссиямыз аяқталды деуге болады. Ұзақ жылға созылған бұл әріптестік біз үшін үлкен мақтаныш, компанияның дамуына қосқан үлесімізге көңіліміз толады. Алдағы уақытта «ОАЭК» АҚ-на кредиторлардың бірі ретінде қолдау көрсетуді жалғастырамыз», –деп атап өтті.
«ОАОЭК» АҚ Павлодар облысы әкімдігімен жасалған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру туралы меморандум аясындағы міндеттемелерді де орындайды. 2018 жылғы желтоқсанда Павлодардың Усолка шағын ауданында жүзу бассейні ашылса, оның сыртқы инженерлік желілері – электрмен қамту, сумен қамту және су жүргізу, сондай-ақ, жылумен қамту желілерін «ОАЭК» АҚ еншілес компаниясы – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жүргізді. Жобаны жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың жалпы сомасы – 814 млн 839 мың теңге.Ме­морандумды жүзеге асыру аясында «ОАОЭК» АҚ Павлодарда 2017 жылы Павлодар монтаждау колледжінің студенттеріне арналған 200 орындық жатақхана салса, 2019 жылы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» компаниялар тобының қызметкерлеріне арналған көп­қабатты тұрғын үй құрылысы аяқ­талмақ. Әлеуметтік жобалар, сон­дай-ақ, Петропавл қаласында да жүзеге асырылуда.
«ОАОЭК» АҚ акционерлері «ОАЭК» АҚ еншілес компа­ния­ларының тұрғындарды электр және жылу энергиясымен үздіксіз қамту және Қазақстан өңірлерін дамыту міндетін орындауы үшін инвестициялық және әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру тұрғысындағы қызметіне жан-жақты қолдау көрсетеді.
«Орталық-Азия отын-энер­ге­тикалық компаниясы» акцио­нерлік қоғамы энергетика, қаржы және химия салаларындағы кәсіп­орындарды біріктіретін қазақ­стан­дық ірі көпсалалы холдинг болып табылады.
«ОАЭК» АҚ – вертикалды түрде біріктірілген жеке энергетикалық компания. «ОАЭК» АҚ-ның Қа­зақстан өңірлеріндегі еншілес компанияларының қатарына қуат­пен қамсыздандырудың барлық буындарын – өндіріс, тасымал және өткізуді қамтитын «Севказ­энерго» АҚ және «Павлодарэнерго» АҚ кіреді. Компания Астана қаласында өткізуші кәсіпорын – «Астанаэнерго­сбыт» ЖШС, Ақмола облысында «Аэүк» АҚ-на иелік етеді.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру