Валюта бағамы: $ 386.34 427.25 5.88 ¥ 54.57

«Nur Kapital» қалай жүзеге асуда?

Маңғыстау: Бизнеске – 1% несие

Елбасы өз жолдауларында бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, елдің ішкі жалпы өніміндегі ШОБ үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50% ету жөніндегі басымдықтарға айрықша мән беріп келеді. Осы стратегиялық мақсатқа сәйкес, жеке кәсіпкерлік қазірдің өзінде еліміздің экономикалық дамуына серпін беретін қозғаушы тетік ретінде қарастырылып отыр.

Аймақ пен елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету тұтастай алғанда шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты.

Сондықтан бұл сектор мұнайға тәуелділік, ішкі сұраныстың импорт­қа мойынұсынуы, бәсекелестіктің жетілмеуі, ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің әлсіз дамуы, кредиттік ресурстар қолжетімділігінің төмендігі секілді өңірлік экономика өсіміне кері әсер ететін көптеген проблемаларды шешуге, шалғайдағы кәсіпкерлерді, мұнай саласынан босатылған қызметкерлерді, жалпы тұрғындарды жұмыспен қамтуға септігін тигізеді. Осы орайда еңбек ресурстарын экономиканың шикізат­тық секторынан шағын және орта бизнес саласына көшіруге жағдай жасау жолымен еңбек нарығын трансформациялау үшін Маңғыстау облысында кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа қаржылық құралы –«Nur Kapital» бағдарламасы жүзеге асуда. Өңір­лік бағдарлама Президенттің «Төртін­ші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру үшін әзірленіп, экономиканың басым салаларындағы жобаларды жеңілдікпен несиелеу арқылы өңірде шағын және орта бизнестің дамуына тиімді, қолжетімді және нақты қолдау көрсетуге бағытталды. Бүгінде «Nur Kapital» жобасы – мемлекет тарапынан елеулі шығындарды талап етпестен, шағын және орта бизнес арқылы салауатты бәсекелі ортаның қалыптасуына, нарықтық тепе-теңдіктің орнауына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, жағ­дайы орташа тұрғындар тобының қалып­тасуына, тұрғындардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасайтын бірегей бағдарлама болып отыр.

????????????????????????????????????

Бағдарламаны қаржыландыруға – «ӨзенМұнайГаз» ААҚ-тан қазіргі таңда 900 млн теңге және «Даму» қорынан 1 млрд 800 млн теңге қаражат бөлінді. Облыстың кәсіпкерлік саласын қолдау мақсатында жалпы құны 2 млрд 700 млн теңге болатын несие ресурстары бағытталды. Аталған қаражат екінші деңгейлі банктерде 8,5%-пен орналастырылады. Несиенің жылдық сыйақысы 8,5% болғанымен, оның 7,5%-і субсидияланып, соңында 1%-тік несие қалады. Несиелеу мерзімі – 7 жылға дейін. Соңғы қарызгерге несие жаңадан тұрақты жұмыс орындарын құрған жағдайда ғана беріледі. Сондай-ақ егер қарыз алушының кепілге қоятын мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, оған «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасы аясында «Даму» қорының кепілдемесі беріледі. «Қазақстан Халық банкі» АҚ Маңғыстау облыстық филиалымен, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Жаңаөзен өңірлік филиалымен, «ForteBank» АҚ, «Сбербанк России» АҚ ЕБ, сондай-ақ «Банк ЦентрКредит» АҚ бағдарламаның әріптестері болып табылады. Қазіргі уақытта 1847 жаңа жұмыс орнын құрумен 3,4 млрд теңге сомасына 193 жоба мақұлданды. Оның ішінде нақты 42 жоба іске қосылып, нәтижесінде 390 жаңа жұмыс орны құрылды, жалпы кредит соммасы 818,9 млн теңге.
Өңірде кәсіпкерлікті субсидиялау және кепілдеме түрінде қолдау үшін қаржы құралдарын қолданатын «Бизнестің жол картасы-2020», қалалық және ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз жаңа және белсенді кәсіпкерлерге қаржылай көмек көрсетуге бағытталған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламалары белсенді іске асырылуда. Осының нәтижесін­де соңғы жылдары орта және шағын бизнеспен айланысамын дейтін азаматтардың саны өсті. Шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асыру бұрынғы жұмыс орындарын сақтауға және жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ 2018 жылдың соңына қарай кәсіпкерлікті дамытудың негізгі көрсеткіштерінің өсуіне ықпал етті. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8,7%-ке артып, 51 мың бірлікті құрады, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны 2018 жылдың 9 айында126 мың адамды құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ке көп. Сондай-ақ өткен жылдың 9 айында шағын және орта бизнестен шығарылған өнім 792 млрд теңгені құрап, алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44%-ке өсті. Бөлінген микрокредиттердің көлемі 2,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. 2018 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша маңғыстаулық кәсіпкерлерге 30,2 млрд теңге несие берілген, яғни алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,2%-ке артық.
Атап өтерлігі, жоғарыда айтылған 193 жобаны ұсынған азаматтардың 30-ға жуығы – жастар. Облыста биылғы Жастар жылында да шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған ауқымды істер, оның ішінде жас кәсіпкерлерді қолдау жұмыстары белсенді атқарылмақ. Оның ішінде кәсіппен айналысқысы келетіндер үшін елімізде теңдесі жоқ бағдарлама саналатын «Nur Kapital» да қарқынды жалғаса береді. Сондықтан жас кәсіпкерлер осындай мүмкіндікті ұтымды пайдалана білуі қажет.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру