Валюта бағамы: $ 378.56 424.44 5.91 ¥ 56.36

Қайырымдылық керуені

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы және «Хабар» Агенттігінің бірлескен «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы жалғасуда. Ақпараттық қолдаушы – «КТК» телеарнасы.

Жобаның мақсаты – қайы­рым­дылық идеяларын дәріптеу, белсенді азаматтық бастамаларды дамыту.
Байқауға әлеуметтік, қоғам­дық проблемаларды шешуге және өздерінің жомарттығымен басқаларды мейірімділікке ынта­лан­дыруға үлес қосып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
2018 жылғы қарашадан бас­тап 2019 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде еліміздің барлық өңірін­де конкурсанттарды іріктеу жұмы­сы жүргізіледі. Конкурс же­ңім­паздарының есімдері ақпан­ның соңында – Алғыс айту күні мере­ке­сінің қарсаңында белгілі болады.
Лауреаттар бес номинация бойынша анықталады:
– «Асар» (номинация халық­тың салт-дәстүрімен байланысты қайырымдылық қызмет көрсететін адамдарға қолдау көрсетуге бағыт­талған);
– «Туған жер» (білім беру, экология және көріктендіру саласында туған өлкеге көмек көрсететін адамдарға беріледі);
– «Мейірім жолында» (ата­лымға ерікті негізде және тегін көмек көрсететін, игі істер атқара­тын адамдар ие болады);
– «Батыл жүрек» (номинация ерлік іс жасаған, жанкештілік та­нытқан адамға қолдау көрсету мақ­сатында тағайындалады);
– «Қайырымдылық тари­хы»(номинация БАҚ-та қайы­рым­­­дылық тақырыбын қозғайтын, қо­ғамның назарын әлеуметтік проблемаларға аудартатын мате­риал­дар­дың жариялануынын қам­тамасыз ететінжурналистерге немесе шығармашылық ұжымға бері­леді).
Конкурсқа кәсіпкерлік суб­ъ­ек­ті­лері және қайырымдылық қызметті мемлекеттік қол­дау ар­қылы жүргізетін тұлғалар (мем­лекеттік грант, мемлекет­тік тапсырыс және т.б.) қатыстырыл­майды.

Айнұр Бақдәулетқызы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру