Валюта бағамы: $ 386.05 428.25 5.84 ¥ 54.65

Экономика мен банк секторының дамуы

Қазақстандағы өсім деңгейі ұстамды өрбиді, дейді сарапшылар

ХВҚ (Халықаралық Валюта қоры) бағалауы бойынша әлемдік экономиканың өсімі, 2015-2016 жылдардағы іркілістен кейін, 2018-2019 жж. 3,7%-ды құрайды. Мұнда негізгі үлесті, әдеттегідей, Азияның дамушы елдері қамтамасыз етеді, атап айтқанда, Қытай экономикасы 2018 жылы 6,6% өсімді көрсетеді де, бірақ 2019 жылы 6,2%-ға дейінгі іркіліс байқалады, деп атап көрсетеді Halyk Finance (HF) компаниясы жариялаған болжам ақпаратында.

Ресей ІЖӨ болжам бойынша азғантай, 1,8%-ға дейін, жеделдемек. Сонымен қатар тәуекелдік, әсіресе сыртқы, сақталады. Түйінді әсерлер қатарында – тиісінше шикізатқа бағалардың әсер етуі, Батыстың Ресейге қатысты ықпалшараларын енгізуі салдарынан – АҚШ, Қытай және Еуроаймақ экономикаларының күрт іркілуін атап айтуға болады (1-диа­грамма).
HF-тың бағалауы бойынша, шикізаттық сектордың және өңдеу­ші өнеркәсіптің солармен межелес секторларындағы, оның ішінде шикізаттық сектордың өнімдерін сату және тасымалдау да бар – осының бәрінің үлесі және экономикадағы мемлекеттік компаниялардың басым болуы Қазақстан ІЖӨ-нің 50%-дан аса өсімін қамтамасыз етіп отыр. Қазақстандағы экономикалық өсім, HF пікірінше, орта мерзімді келешекте орнықты жағымды 3,6% деңгейде болады деп болжанған. Экономикалық өсімнің біршама іркілуі – ІЖӨ 4%-ға аздап жоғарылаған, 2017-2018 жж. экономиканың қалыпқа келуінде түйінді рөл атқарған – шикізаттық сектордың үлесі төмендеуіне қатысты.

Теңіз бен Қашаған кеніштерінің кеңеюі экономиканың ішкі қозғаушы күші, 2019 жылы мұнайға орташа баға айтарлықтай өзгермейді

Теңіз және Қашаған ірі мұнай кен орындарындағы өндіруші қуатты кеңейту үдерісі инвестициялау кезеңінде де, өндірісті одан әрі ұлғайту бағытында да, экономикалық өсімге мүмкіндік береді. «Брент» маркалы мұнайдың барреліне орташа құны, 2017 жылғы бір баррельге 54 АҚШ долларынан артып, 2018 жылы барреліне 70 долларды құрады, алайда өткен жылдың желтоқсанында барреліне 50 долларға жуықтады. Халықаралық қаржы ұйымдарының болжамына сүйенер болсақ, «Брент» маркалы мұнайдың болжамалы бағасы барреліне 68 доллар деңгейінде болады деп күтілуде. ХВҚ ресми өкілдерінің пікірінше – әлемдік экономика өсіп-нығаюдың орнына әлдебір шоқыға тіреліп, сауда қырқысына душар болып, жеке адамдар арасында да, мемлекеттік секторда да қарыздың өсуіне әкеліп соқты, аса ірі орталық банктердің саясаты экономикаға жайсыз әсерін тигізетін және тиісінше минералдық шикізатқа сұраныс та артатын күйге түсті. Мұндай жағдайда мұнай өндіретін елдердің іс-қимылын реттеу мұнай нарығындағы баға белгілеуде маңызды болып табылады.

Еңбек нарығы тұрақты, бірақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үлесі жоғары

Ішкі нарықтың біртіндеп қалыпқа келуі жалғасқанымен, жалақының нақты өсуі 2% көлемінде болуы себепті, 2018 жылғы жоғары өсім деңгейі 1% деңгейінде қалуы салдарынан, нақты жалақылардың енжар артуы нарық серпінін шектейтін болады. Шикізаттық емес экономикадағы ауқымды өзгерістердің жоқтығы және де, оның ішінде еңбек өнімділігінің төмендігі де, халықтың әл-ауқатын арттыруда экономикалық өсімді түрлендіруді шектеуші болып табылады, сонымен бірге ең төменгі жалақының артуы қысқа мерзімді ғана әсерін тигізеді. Еліміздегі ресми жұмыссыздық шамамен 4,8%-ды құрайды. Республикамыздағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық саны 2018 жылдың 3-тоқсанына жұмысшы күшінің 23%-ын құраған. Жалпы алғанда, экономиканың аздаған іркілісі жағдайында халықтың нақ осы әлеуметтік тұрғыдан әлсіз бөлігі еліміздегі ресми жұмыссыздық көрсеткішін арттыруы әбден мүмкін, алайда жас мөлшерлері енді еңбекке орналасқан жастағы жұмысшы күштері толығуының қысқаруына – 90-ыншы жылдардағы бала тууының құлдырауы есебінен – бұл дәл қазіргі уақытта қомақты фактор болып табылады да, бір жағынан еңбек нарығында ұсынысты шектегенімен, тиісінше орта мерзімдегі еңбек нарығында бұл жайт жағдайды біршама тұрақтандыруға септігін тигізуі де әбден мүмкін.

Мұнайға бағалардың жоғары кезеңінде бюджеттік шығыстарды шоғырландыру мемлекеттік қаражаттың жағдайын жақсартуға әкеледі

Қазіргі кезде үкімет – шоғырлан­ды­рылған бюджетті теңгеру, 2018 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 9%-дан кейін, 2019 жылы ІЖӨ 7%-дай деңгейді құрайтын, шоғырландырылған бюджеттің мұнайлы емес тапшылығын да төмендету қажеттіліктеріне байланысты – бюджеттік шығыстарды шектеуге ұмтылуда. Мемлекеттік борыштың 2018 жылғы көлемі ШЖӨ-нің 25,3%-ын құрап, 2019 жылғы ІЖӨ 24,7%-ға дейін төмендеуі мүмкін шамасын көрсетпек. Айта кету керек, мемлекеттік органдар екінші жыл қатарынан банктік жүйеге көмек көрсету себепті бюджеттің мұнайлы емес салалардағы тапшылықты тө­мендету бойынша міндеттемелерін бұзып,мемлекет қаражатын теңгеру үдерісінен алшақтап барады. 2018 жылы мұнайға бағаның 30%-ға жуық өсуі экономика үшін де, шоғырландырылған бюджеттің кірістерін арттыруда маңызды рөл атқарды. Мұнайға бағаның бір барреліне 60–70 АҚШ доллары деңгейінде болуы, шығыстардың біртіндеп қысқаруын есепке ала отырып, мемлекеттік бюджеттің қолайлы жағдайын қамтамасыз етеді.

Ұлттық валюта әлсіреуінің 2018 жылы кейінге қалдырылған тиімділігі
есебінен 2019 жылы инфляция жоғары болады

2018 жылы инфляция әдеттен тыс ұстамды өрбіді және ол әлсіз теңгенің жайсыз әсеріне, халықтың инфляция деңгейінің рекордтық деңгейін күтуіне де, 2%-ға өскен нақты жалақыға, 7%-дан астам өскен тауар айналымына да қарамастан, инфляцияның күшті құнсыздану аясында құралған – инвестициялардың қос таңбалы сандар сипатындағы қарқынын да ескерместен жүзеге асқанын айта кеткен жөн. 2019 жылы инфляцияның ұлғаю қаупі жанармайға акциздердің құны жоғарылауынан, әлдебір деңгейде жалақының өсуінен, бірінші кезекте ең төменгі еңбекақыны көтеру есебінен де, қалыптасып отыр. Сондай-ақ, 2018 жылғы теңгенің әлсіреуі әлі де толықтай күйдегі жағдайын айқындай қойған жоқ, сондықтан да 2019 жылдың бірінші жартысында ғана оның әсерін байқай аламыз. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары қысқаруына қарамастан, Ұлттық қор трансферттері бюджеттен тыс қаржылармен – Ұлттық банктің, БЖЗҚ-нан, оның ішінде ұлттық холдингтердің шығыстары есебінен де, толықтырылуда. Соның салдарынан 2019 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 5,4%-ды құрайды.

2019 жылы ақша-кредит саясатының сипаты өзгермейді

Соңғы үш жылда ақша-кредит саясаты (АКС) ақша және валюта нарықтарындағы жағдайлардың тұрақтануымен, сондай-ақ реттеушінің ақша-кредит жағдайын – бейтарап деңгейде ұстауын сақтауы арқасында – инфляцияның біршама іркілуін де ұтымды пайдаланып, қысқа мерзімді мөлшерлемелерді төмендетумен де сипатталды. Бұл ретте реттеушінің 2018 жылдың 3-тоқсанына дейін, инфляцияның төмендеуімен қатар, базалық мөлшерлемені тегеурінді төмендеткенін де айта кету керек. Алайда, төртінші тоқсанда ҚР ҰБ 2018 жылдың көрсеткіштері бойынша 5,3%-ды құраған, инфляцияның одан арғы төмендеуі аясында, базалық мөлшерлемені арттыру туралы шешім қабылдады, бұл біздің пікірімізше, нарық қатысушыларына кредит-ақша жағдайларының қатал­дауы басталғанының айғағы ретін­де бағалануы әбден мүмкін, деп түйін­дейді Halyk Finance сарапшылары.

2019 жылдың нәтижелері бойынша тұтынушылық инфляция 5,4% деңгейінде құралады. АКС 2019 жылы ұлттық валютаның бағамы еркін құбылмалы тәртіптемемен құралады деп болжайды білікті мамандар. Келесі шолуларымызда теңге бағамының осы жылы қандай күйде өзгерері хақында және (сөз басында атап өткеніміздей) банк секторының қалай дамып-өрбитіні жайында әңгіме өрбітеміз.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру