Валюта бағамы: $ 378.9 422.74 5.87 ¥ 54.8

Халыққа қызмет көрсету – басты парыз

Алматыда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қала әкімдігінің қолдауымен тағы бір мамандандырылған ХҚО ашылды Түрксіб ауданында ашылған жаңа МХҚО – мегаполистегі бесінші орталық болып отыр.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша фи­лиалының директоры Ғалым Қарқынбаевтың айтуынша, жаңа мамандандырылған ХҚО-ның орны кездейсоқ таңдалған жоқ. «Жаңа МХҚО Түрксіб ауда­нындағы «Жетісу-Семиречье» сауда орталығында орналасқан. МХҚО-ның орналасқан жері қала тұрғындары мен қонақтары үшін өте қолайлы. Мұнда Түрксіб, Алмалы, Медеу аудандарының тұрғындары, сондай-ақ Алматы облысының Талғар, Еңбекші­қазақ, Іле аудандарының тұрғын­дары көліктерін тіркеп, жүргізу­ші куәлігін ала алады», – дейді Ғ.Қар­қын­баев.
Жаңа МХҚО-ның ашылуы басқа МХҚО-лардың жүктемесін азайтып, ондағы кезек санын азайтады. Сауда үйінің екінші қабатында орналасқан МХҚО 648 шаршы метр алып жатыр. Азаматтардың қолайлығы үшін инфрақұрылым жетілдіріліп, автокөліктерге арналған көлік тұрағы ұйымдастырылды. Баждар мен төлемдерді жүзеге асыру ұшін мультикасса және Цеснабанктің кассалары жұмыс істейді.
20 жұмыс орнымен жасақ­талған МХҚО-да жинақтау және дайын құжаттарды беру секторлары жұмыс істейді. Айта кетейік, бір ай бұрын Алматының Жетісу және Наурызбай аудандарында тағы екі МХҚО іске қосылған. Аталмыш орталықтар ашылғалы бері көлік иелеріне 4 мыңға жуық қызмет көрсетілді.
Осылайша, бүгінгі күні Алматыда 5 мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді. Дей тұра, көлік жүргізушісі куәлігін алу барысында тапсырылатын емтихан бұрынғыдай Алатау ауданында орналасқан №1 маман­дандырылған ХҚО-да жүргізіледі.
Айта кету керек, №5 Маман­дан­дырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Алматы қаласы Түрксіб ауданының «Қайрат» ықшамауданы, (Құлжа трактісі, «Жетісу – Семиречье» сауда орта­лығы) мекенжайында орна­ласқан. Мәселен былтырғы жылы Алматы қаласының Ма­мандандырылған ХҚО-лары көлік құралдарын тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру бойынша 600 мыңнан аса қызмет көрсетті.

Айжан ЖАСБАТЫР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру