Валюта бағамы: $ 377.95 431.2 5.66 ¥ 55.93

Кәсіпкерлердің салық мәселелері бойынша мүдделері қорғалды

Бұл туралы Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Санат Түсіпов хабарлады. 2018 жылы салықтық қатынастар мәселелері бойынша 110-нан астам өтінім келіп түскен.

Мәселен, «Я Лан Ган Су» жа­уап­кершілігі шектеулі серіктес­тігінің өтінімі оң шешілді. Бұған дейін Мемлекеттік кірістер басқармасы компанияға 2017 жылға дейін 151,2 млн теңге сомасында кірістерді ұлғайту туралы хабарландыру жасап, оларды жасырын кірістер деп таныды.
Компания Алматы облысы кәсіпкерлер палатасына өтінім жа­саған соң «Я Лан Ган Су» ЖШС бухгалтер мамандарымен бірлесіп, қажетті құжаттарды беру арқылы басқармамен жұмыс кездесуі ұйым­дастырылды. Кездесу бары­сы­нда 151,2 млн теңге – өнім өндірісін төмендету салдарынан пайда болған 2016 жыл және 2017 жыл­дың арасындағы салыстырмалы жыл­дық кіріс айырмашылығы екені анықталды. Мемлекеттік кірістер басқармасы ЖШС берген құжаттарға және келтірілген дәйектерге тексеру жүргізді, нәтижесінде хабарламаны алып тастау туралы қорытынды жасалды.
Сонымен қатар 2018 жылы Ең­бек­шіқазақ ауданында «Экстремал Спорт-туризм» ЖШС мен Жер қатынастары бөлімі арасындағы дау шешілген болатын. Мемлекеттік орган жерге 17,3 млн теңге көлемінде салық салған. Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан болған қолдау, сондай-ақ, бірлескен кездесулер, инвестициялық жобаны растайтын құжаттар беріліп, Салық кодексі бойынша жеңілдіктер көрсетілген соң тағайындалған салық алынып тасталды. Осылайша салынған соманы төлеу қажеттілігі жойылды.
Нәтижесінде 2018 жыл ішінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің салықтар бойынша мүддесін 65,6 млн теңге көлемінде қорғады.
«Мемлекеттік кірістер депар­та­менті «Атамекеннің» стратегиялық серіктестерінің бірі. Департаменттің басшылығы мен мамандарының белсенді атсалысуын ерекше атап өткен жөн. Олар кәсіпкерлерге қол ұшын созуға дайын әрі орын алған мәселені тез шешуге ынталы. Бірлескен түсіндіру жұмыстар Бухгалтерлер клубы және «Салық қызметкері сағаты» жобасы шеңберінде жүр­гізіледі», – деді ӨКП сарапшысы Санат Түсіпов.
Өткен жылы Алматы облысы Бухгалтерлер клубының 9 отырысы өтті, онда Мемлекеттік кірістер департаменті, Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және «Жетісу» автоматтандыру орталығының қатысуымен 30-дан астам мәселе қаралды.

Диас БЕЙСЕНБЕК


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру