Валюта бағамы: $ 378.17 429.11 5.88 ¥ 56.48

2019: Теңге бағамына болжам

Ұлттық валютамыз өткен 2018-жылы сан құбылып, тіпті жылдың аяғында мүлде құлдырап, өзі қолданысқа енген ширек ғасыр аралығындағы рекордтық көрсеткіштен бір-ақ шыққанына да куә болдық. Ал, енді ғана басталған 2019 жылы төл теңгеміздің 1 АҚШ долларына шаққандағы бағамы 365-380 теңге дәлізінде болады, деген «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі сұрау салған сарапшылар неге сүйенгенін өз тарапымыздан таратып айтуды жөн көрдік.

Мұнай бағасының  біршама жоғарылығы  теңгені нығайтпақ

Қазақстан Халық банкінің ен­шілес Halyk Finance компаниясы Зерттеулер департаментінің бас талдаушысы Асан Құрманбеков 2019 жылы ұлттық валютаның орташа бағамы бір АҚШ долларына 370-375 теңге деңгейінде болады, деп есептейді.
«Ұлттық валютамыздың 2019 жыл бойына орнықты нығаюына көмірсутегіне бағалар деңгейінің біршама жоғары болуы мүмкіндік бермек, біздің болжауымызша, бұл Brent маркалы мұнайдың бір барреліне 68 – 70 доллар болады, экспорттық түсімнің өсуі және аса ірі мұнай жобалары аясындағы ТШИ (тікелей шетелдік инвестициялар) түріндегі капиталдың құйылуы да бұған оңды әсерін тигізеді», – деп есептейді Асан Құрманбеков.
Оның пікірінше, жылдың ортасына және соңына қарай аса ірі мемлекеттік («AirAstana» АҚ мен «Қазақтелеком» АҚ және бәлкім «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның да) активтерінің IPO-ы жүргізілуі­не байланысты инвестициялар құйылуы ұлттық валютаға қолдау көрсетпек.
«Алайда ресейлік рубльге тең­генің «әлсіздігін» Ұлттық банк­тің қолдауы бойынша жүргі­зілген саясаттың салдарынан – теңгенің орнықты шартталған бір долларға шаққандағы 320 – 345 теңге деңгейінен 2018 жылы 380 долларға дейін жеткені – қазақстандық валютаның орнықты нығаю тиімділігін айтарлықтай деңгейде жоққа шығарады», – деп шамалайды сарапшы.
Асан Құрманбековтың айтуынша, Ресейге қарсы санкциялардың жыл бойғы кеңейе түсуі және Ресей Федерациясындағы «бюд­жеттік» ережелерді қолдану ресейлік рубльдің АҚШ долларына бағамын түзуін әлсірететін әсерін тигізетін болады.
«Үйлестірушінің 2019 жылы ресейлік рубльге «әлсіз» теңге саясатының бір рубльге 5,6 теңге деңгейінде сақталуы жыл бойына USD/KZT жұбы бойынша «алмаспайтын» әлсірету әсерін танытатын болады» – деп атап көрсетті сарапшы.
Есептік мөлшерлемені одан әрі арттыруға байланысты АҚШ-тағы ақша-кредит жағдайларының қатаюы, Асан Құрманбековтың пікірінше, теңгенің АҚШ долларына бағамын қалыптастыруға, республикадан капитал жылыстауы арқылы, шектеулі ғана әсер ете алады, «бәрінен бұрын қа­зақстандық теңге бағамы амери­калық валютаның жахандық деңгейде нығаюына белгілі дәре­жеде ыңғайлануы жүзеге асады.

Алайда теңге бағамының АҚШ долларының жаһандық нығаюына түзетілуіне, тағы да «әлсіз» теңгенің рубльге қатысты әсері, ықпалын тигізбек. Осыған байланысты біздің ұлттық валютамыздың бағамы 2019 жылы бір АҚШ долларына 375 теңге деңгейінде болады деп болжаудамыз», – деп атап көрсетеді сарапшы.
2019 жылдың қаңтарынан сәуіріне шейін теңгенің 360 – 375 деңгейіне дейін нығаюын жоққа шығармаймыз, әйтсе де жылдың басқа қалған бөлігінде ұлттық валюта бір АҚШ долларына шаққанда 370 – 375 деңгейіне дейін әлсіреу сынағына ұшырайтын болады. Біздің мұндай болжамдық мәндеріміз жоғарыда суреттеген макроэкономикалық жағдайларды жүзеге асырудан өрбиді, сондай-ақ РФ-қа қарсы америкалық ықпалшаралардың «жеңіл» сценарий бойынша кеңеюі де ескерілді», – деп есептейді Асан Құрманбеков.
Халықаралық қаржылық IFC Markets компаниясының сарапшысы Дмитрий Лукашов 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында теңге бағамы тұрақты болады деп есептейді.
«Мен теңге бағамы 2019 жылдың бірінші жартысында тұрақтылық сақтайды және бір АҚШ долларына 370 теңге белгісіне таяу 3% деңгейін артық-кем толқитын болады. Қазақстанның келесі жылғы мемлекеттік бюджетіне де нақ осы валюталық бағам деңгейі жүктелгенін де атап өткен абзал», – деп есептейді Дмитрий Лукашов.
Қазақстан қаржыгерлер қауым­дастығы (ҚҚҚ) Талдау орталы­ғының сарапшысы Рамазан Досов қаржылық нарықтың кәсіби қатысушылары жалпы алғанда біркелкі девальвациялық жағдайлардың күтілуі сақталады – АҚШ доллары 2019 жылы ұлттық валютамызға қатысты 3%-ға қымбат­тап, қазіргі деңгейі бойынша 380,4 теңге деңгейінде тұрақтайды, деп атап көрсетеді.
«Сонымен бірге ұлттық валюта­мыз­дың айырбастау бағамының қа­лып­тасуы бұрынғыдай ұлттық на­рық­тағы сұраныс пен ұсыныстардың тең­герімдігі жағдайында жүзеге аспақ. Оның үстіне, соңғы жылдар көрсетіп отырғандай, валюталық нарық қатысушыларының көңіл-күйлері көбінесе сыртқы өзгерістерге, әсіресе ресейлік рубль мен мұнай бағасына аса тәуелді. Осының айғағындай, қазақстандық са­рапшылардың да, ұлттық валюта мен ресейлік рубльдің қатарлас бағыттағы қозғалысы 2019 жылы сақталатыны жайындағы болжалды айғақтап отыр», – дейді Рамазан Досов.
Сыртқы қатерлердің қатарында сарапшы Ақ үйдің әкімшілігі тарапынан болатын сауда шектеулер/ықпалшараларды және әлемдік орталық банктердің (мәселен, ФРЖ және ЕОБ) монетарлық саясатын қатайтуды, оған қоса дамушы буындардағы инвестициялаудың тартымдылығын төмендететін, жағымсыз келешекті атап айтты.
«Ішкі факторлар әсерлерінен еліміз экономикасының қазіргі жағдайын және орталық банктің ақша-кредит саясатын (АКС) атап көрсете аламыз. Қазақстан бойынша соңғы экономикалық мәліметтер айтарлықтай жағымды: ЖІӨ өсімінің біркелкі тұрақтылығы байқалады, ағымдағы операциялар шотының тапшылығы қысқаруда, тікелей шетелдік инвестициялар артып келеді, сауда теңгерімінің профициті өсуде, ал сыртқы қарыздар бойынша 2019 жылғы төлемдер 2018 жылмен салыстырғанда азырақ төмен болады. Сонымен қатар, қаржылық реттеушінің соңғы шаралары көрсеткендей, Ұлттық банк сыртқы нарықтарда жағдай нашарлайтындай болса, ұлттық валютаға қолдау көрсетіп, шұғыл өзгерістер енгізуге даяр», – дейді сарапшы.

Ұлттық банк 2019 жылы валюталық басқыншылыққа
бара алады

«Фридом Финанс» компаниясы Талдау департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімов күтпеген есеңгірету болмаған жағдайда 2019 жылдың бірінші жартысында теңге бағамы 370 – 380 теңге дәлізінде болады, деп болжайды.
«Валютамыз құбылуының, бүкіл 2018 жыл бойғы дерліктей, негізгі драйвері – рубльдің бағамы болуы әбден мүмкін. Дегенмен, іргелі жағымды факторлар болған жағдайда, бір доллар үшін 380 теңге сияқты маңызды деңгейдегі сұраныстың шұғыл секірістерін ірке алатындай күйде – Ұлттық банктің валюталық басқыншылыққа баруы бәлкімдігін де жоққа шығара алмаймыз», – деп есептейді Ерлан Әбдікәрімов.
Аналитик, өз кезегінде, рубль­дің бағамына мұнайдың бағалары, орталық банктердің монетарлық саясаттары, РФ Финанс минис­трлігінің валюталық сатып алулары және жүзеге асуы мүмкін геосаяси факторлар әсер етеді, деп атап айтты.
«Біз ағымдағы кезеңде мұнайға бағалар бұдан әрі де құлдырауын тосудамыз. Brent маркасының бағалары бәрі үшін де біршама жайлы бір барреліне 55 – 56 доллар дәлізінде құбылатын сияқты. Бұған қоса РФ ОБ-нің тарапынан инфляцияның ұлғаюы қаупіне қарай, сондай-ақ әлемнің көптеген елдеріндегі монетарлық саясаттың қатаюына да байланысты, біз рубль бойынша да, сонымен бірге теңге бойынша да, мөлшерлемелердің біршама өсуін күтудеміз, бұл бағамды аздап қолдайды және АҚШ-тағы мөлшерлемелердің өсуіне орай капиталдың жылыстауына жол бермейді», – деп болжайды Ерлан Әбдікәрімов.
Дегенмен, оның айтуынша, РФ Қаржы министрлігінің валюталар сатып алуындағы икемсіздік жағдайында, валюта нарығында рубльдің әлсіреу жағына ойысқан үйлесімсіздігін аңғаруға болады, әсіресе Ресейге қатысты жаңа жағымсыз геосаяси факторлардың қайтып оралуы немесе қайта пайда болуы жағдайында.
«DAMU Capital Manage­ment» ЖШС бас директоры Мұрат Қастаевтың айтуынша, теңге бағ­амы­ның серпіні еліміз­дегі макро­эко­номикалық көрсет­кіш­тері­мен және сыртқы жағдайлардың өзге­руімен қамта­масыз етілмек. Мұны қадағалаудың түйінді көр­сет­кіш­тері бұрынғыдай – мұнай баға­лары, ресейлік рубль­дің бағамы, төлем теңгері­мінің жағдайы.
Алғашқы екі көрсеткішке, оның айтуынша, геосаяси жағдай – мұнайға сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасы, Иран төңірегіндегі жағдай, әлемдік экономикалық өсімнің баяулау мүмкіндігі, Ресейге қатысты ықпалшаралар – әсерін тигізбек.
«Факторлар өте көп және олардың бір-біріне әсерін іс жүзінде болжап-білу мүмкін емес. Ағымдағы күн жағдайы бойынша, «осы кезге» демекші, теңгенің 2019-шы жылға орташа бағамын біз – жыл бойына 350-ден 400 теңгеге дейінгі кең дәліздегі құбылушылығымен – Қазақстан үкіметінің кепілдендіруімен бекітілген, яғни 1 АҚШ долларына 370 теңге деңгейінде болады деп күтудеміз. Біз ағымдағы бағамды бұрынғыдай асыра бағаланған және 5 – 7% (15 – 20 теңге) нығайтуға әлеуеті жеткілікті деп есептейміз», – деп есептейді Мұрат Қастаев.
«Еуразиялық Капитал» АҚ талдаушысы Әли Сағындықов, егер мұнайға бағалар нығаятын болса, жылдың алғашқы жартысында бағам бір долларға 375 – 380 теңге аумағында құбылады», деп атап көрсетті.
«Егерде Brent маркасының бір баррельге бағасы қыстың аяғына дейін 60 доллардан жоғары деңгейге оралмаса, рубль сияқты, теңгенің де, күштірек әлсіреуін күте аламыз», – дейді талдаушы.
«Теңгенің бағамына, ең алдымен, 2018-ші жыл көрсеткендей, әзірше ресейлік рубль бағамына бейімделген – Ұлттық банк саясаты әсері етеді. Сондай-ақ мұнайға бағалар үлкен рөл атқармақ. Мұнайға сұраныстан ұсыныстардың артуына Таяу Шығыс аймағындағы жағдайдың шиеленісуі әсер етуі мүмкін, нарыққа қатысушылардың негізгі назары АҚШ пен Иранның қарым-қатынасы­на тоғысады», – деп атап көрсетті Ә.Сағын­дықов.
«Альпари» компаниясының Талдау департаменті директорының орынбасары Наталья Мильчакова теңге бағамының доллар мен евроға құнсыздануы бірінші жартыжылдықта айтарлықтай кең көлемде өрбиді, деп есептейді.
«Мен доллар/теңге жұбының ауқымын бір долларға 360-400 теңге, евро/теңге жұбын – бір евроға 400-460 теңге шегінде болады деп болжаймын. Теңге бағамына 2019 жылы әсер ететін басты фактор – мұнай бағаларының серпіні», – дейді Н.Мильчакова.
«Альпари» бағалауы бойынша мұнай осы жыл бойы қарама-қайшы факторлардың (АҚШ-та қатпарлы мұнай өндіру көлемінің өсуі) әсерімен бір барреліне $50–$80 көлемінде құбылуы мүмкін, яғни, мұнаймен бірге «мұнай» валютасы да күрт құбылуларға душар болады.
«Басқа бір фактор – бұл америкалық доллар, ол АҚШ-та пайыздық мөлшерлемелердің көтерілуіне қарай өседі де, ал доллардың бекуі дамушы елдердің валюталары, соның ішінде теңгенің де, әлсіреуін аң­ғартатын болады. Ресейге қарсы жаңа қатаң ықпалшаралар, РФ экономикасының жағдайына ықпал етіп, теңге бағамының әлсіреуге қарай ойысуына әсерің тигізеді. Алайда, АҚШ санкцияларының ресейлік мемлекеттік қарыздарға немесе мемлекеттік банктердің доллармен операцияларына жайылу ықтималдығы мейлінше аз», – деп есептейді талдаушы.

Айта кету керек, 2018 жылдың бірінші күні теңге бір долларға шаққанда 332,33 теңгені құрап, сосын ұлттық валюта нығая түсті және наурыздың соңында тіпті өзінің жыл бойғы максимумына жетіп – бір долларға 318,31 теңге болған еді, қыркүйектің алғашқы онкүндігінде теңге бағамы әлсірей берді және 11 тамызда бір долларға 380,93 теңгеге шекті құлдырады да. Әйтсе де одан әрі нығаюға бет бұрғанымен, желтоқсанның соңғы күндері бір долларына 384 теңгеден асып жығылып, айды аспанға бір-ақ шығарды. Биыл қалай болар екен?
Газетімізді үзбей қадағала­са­ңыздар – бұл сұрақтың жауабын міндетті түрде өздеріңізбен үзбей бөлісіп отырамыз, ардақты оқырман қауым.

Исатай ҚАМБАРОВ


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру