Валюта бағамы: $ 377.95 431.2 5.66 ¥ 55.93

Адамзат өмірін қалай жақсартуға болады?

Ғылым қоғамның өмірін жақсарту мақсатын әрдайым көздеп тұрған. Барлық зерттеулердің нәтижесіндегі ғылыми жаңалықтардың түпкі мақсаты болып оның деңгейінің сапалық өзгерістер табылды. Инновациялық өнертабыстардың адамның күнделікті өміріне енгізілулерінің көптеген мысалдарын келтіруге болады — тоңазытқыштар, лифтілер, қауіпсіздік белдіктері мен көпшіктері, мүгедектерге жүруге көмектесетін экзоқаңқалар. «Филип Моррис Интернэшнл» компаниясы (ФМИ) дәл осы негізгі қағидатты — адамзаттың өмір сапасын жақсартуды — өзінің шылым шегуге байланысты сырқаттардың қауіп-қатерлерін төмендететін технологияларды жұмысында пайдаланады.

ФМИ бас атқарушы директоры Андре Калантзопулос, құрамында никотин бар түтінсіз өнімдерді ойға ала тұра: «Келешекте барлық шылым шегушілер баламалы өнімдерге ауысулары тиіс», — деген пікірге сенімді. Бұл ФМИ көптеген жылдар бойы зерттеу жүргізгеннен кейін, 2014 жылы нарыққа өзінің алдыңғы қатарлы әзірлемелерінің бірі — IQOS жүйесін шығарып, пионер атанған сала. Осы әзірлеменің негізгі себебі болып денсаулыққа төнетін қауіп-қатерлерді барынша азайта алатын, және сонымен қатар, кәмелетке толған шылым шегушілерге қолайлы болатын өнімді құру ниеті танылды.
Компанияның мәліметтері бойынша, сатудың басталысынан кейін бірнеше жыл ішінде бүкіл дүние жүзі бойынша 6 миллионнан астам шылым шегуші әлдеқашан IQOS-ты пайдалануға ауысты. ФМИ-дің ғылыми және қоғамдық коммуникациялары бойынша вице-президенті, фармацевтика ғылымдарының докторы Мойра Гилкристтың бағасы бойынша, 2025 жылға қарай бүкіл әлем бойынша 40 миллионнан астам шылым шегуші сигареттерді баламалы никотинді жеткізу жүйелеріне алмастыратын болады.
«1880-ші жылдарда сигарет­терді жасап шығарудан бастап технологиялық үдерісте өте аз өзгеріс орын алған, – деп пайымдайды ФМИ-дің коммуникациялар бойынша аға вице-президенті Мариан Зальцман. – Бірақ соңғы онжылдық ішінде біздің алдымызда тұратын мәселе: технологиялар шылым шегу­шілер үшін сырқаттар қауіп-қатер­лерін азайтуға жәрдемдесіп, сонымен қатар оларға сол рахатты қалдыратын болса ше? XXI ғасыр осының мүмкіншілігін іске асырды». ФМИ зияны белгілі және әбден зерттелген дағдылы сигареттерге балама өнімдерді іздестіруде. Иә, ФМИ шылым шегудің дағдылануды тудыратынын және бірқатар елеулі сырқаттардың себебі болатынын мойындайды. Дегенмен, шылым шегу қоздыратын сырқаттардың негізгі себебі болып никотин табылатындығы ежелден келе жатқан дақпырт екендігі сөзсіз. Әлбетте, никотин зиянсыз емес, ол дағдылануды тудырады, бірақ шылым шегуге байланысты сырқаттардың негізгі себебі болып табылмайды.
Мәселе жану өнімдерінде: онжылдық ғылыми зерттеулер куәландыратындай, дәл олар шылым шегуге байланыс­ты аурулардың негізгі себебі болып танылады. Үдеріс барысында сигарет түтінінде айқындалатын белсенділігі жоғары зиянды химиялық қосылыстардың көпшілігі қалыптасады. Ком­панияның міндеті — темекі­нің жануын пайдаланбайтын никотинді жеткізу жүйелерін құрып тұру. IQOS – бұл екі элемент: тұтқыш пен қуат беру құрылғысынан тұратын электр құрылғысы, ол арнайы темекі стиктерімен қолданылады. Тұтқыш – бұл ішіне құрамында гомогенделген күйге дейін өңделген қалпына келтірілген темекісі бар темекі стигі және сүзгі салынатын қыздыру элементі бар автоқалам түріндегі құрылғы. Жұмыс істеген кезде қыздыру элементі темекі температурасын үнемі қадағалап тұрады. Ішке тартқан кезде темекі стигінен темекі буы деп аталатын аэрозоль шығады.
Ғылыми эксперименттердің көмегімен ФМИ-де IQOS-ты пайдалану кезінде темекінің жануы немесе бықсуы – органикалық және көптеген бейорганикалық қосылыстардың термиялық ыдырауы – орын алмайды, ал бұл қауіпті әрі улы газ, көміртек моно­оксидінің (СО) құрылуына жол бермеуге мүмкіндік береді. Кәдімгі сигареттің түтінінде айқындалған заттарға қарағанда, құралатын аэрозольдің құрамын­дағы зиянды заттар орташа есеппен 90–95%-ға азырақ. Бұл ретте, осындай өнімдер дәмі бойынша бірдей дерлік, олардың сезімдік қабылдауы мен салт-жорасы темекідегіге ұқсас. ФМИ-дің зерттеулер мен әзірленімдер орталығы арнайы демомашинада сигарет түтіні мен IQOS тудыратын аэрозоль арасында­ғы айырмашылықты көрнекі көрсетті. Сүзіглердің бастапқыдан абсолютті ақ түсті біріне сигарет түтінімен, ал басқасына IQOS аэрозолімен әсер етті. Сигарет түтіні әсер еткеннен кейін бірінші сүзгі мүлдем қоңыр болып кетті. «Осында сіз су мен глицериннің 50%-ын ғана байқайсыз, бас­қасы — уыттар мен көміртек не­гізіндегі қатты бөлшектер», — деп түсіндірді ФМИ қыз­меткерлері. Бірақ екіншісі IQOS аэрозолінің әсерінен түсі ақ дерлік қалып, шамалы ғана қарайды. «Бұл жағдайда су мен глицерин аэрозоль массасының бірден 90%-ын құрайды, уыттар 90%-ға төмендейді, ал қатты көміртекті бөлшектер мүлдем жоқ», — деп түсіндірді орталық қыз­меткерлері.
2008 жылдан бастап ФМИ қауіп-қатері төмендетілген темекі өнімдерінің әзірлемесіне, маркетингісіне және коммер­циаландырылуына шамамен 5 млрд. АҚШ доллары инвес­тициялаған. ФМИ-дің ғы­лы­ми қоржынында әлдеқашан 3,4 мыңнан астам патент бар, және де 5 мыңнан астамының мақұлдануы күтілуде. Бұл компанияға Еуро­одақтағы ең ірі патент ұстау­шылардың үздік жүздігіне кіруге және осы тізімде жалғыз темекі өндіруші бола тұруға мүмкіндік береді.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру