Валюта бағамы: $ 377.95 431.2 5.66 ¥ 55.93

Достық дәнекері

Aлматыда Кәсіби дегустация аясында Австрия Елшілігінің Сауда бөлімі бес қазақстандық импортёрлармен бірлесе отырып австриялық шараптарды ұсынды. Олардың ерекше сапасы туралы, Қазақстандағы сұраныс жоғарылап келе жатқандығын, сонымен қатар Австрияның ең маңызды кулинарлық экспорттық тауарларының бірінің халықаралық танымалдылығы жайлы хабарлады.

Австрия Елшілігінің Сау­да атташесі Филипп Винклер: «Шарап – австриялық мә­­де­ниеттің маңызды бөлігі. Біздің еліміз әлемдегі ірі шарап өндірушілерінің қатарына кірмейтін шығар, бірақ үздік­терінің қатарына кіретіндігі сөзсіз. Өткен жылы австриялық ша­раптар ие болған көптеген халық­аралық сыйлықтар осы­ның дәлелі болып табылады. 2017 жылы Австрия құны 160 миллион Еуроны құрайтын 47 миллион литр шарапты экспорттады. Бұл жаңа рекорд болды. Қазақстанда біз австриялық шарапқа сұраныстың жоға­рылауын бақылаймыз. 2016 жылы қазақ­стан­дық шарап дүкендерінің сөрелерінде тек 5 австриялық шарап түрлері болған. Екі жылдан кейін 25 көп австриялық шарап сатылады. Біз бүгін өзіміздің қазақстандық серіктестеріміз KWS, Bottle, Monte Bianco, Wine Club және Terrawinе бірге жұмыс жасай отырып, австриялық шараптың ерекшелігін ұсынуға қуаныштымыз» – деді.
Австрия бүкіл әлемге танымал, әсіресе, өзінің әртүрлі мәдениетімен, бірегей ландшафтымен, сонымен қатар ерекше та­ғамдарымен. Австрияда қо­нақ­­жай­лылыққа ерекше назар аударылады және шараптың орны өзгеше. Өзінің балғындығы мен ерекше дәмінің арқа­сында австриялық шараптар елдің көптеген кулинарлық тағамдарының оңтайлы қосым­шасы болып табылады. Сомелье және шараптар бойынша сарапшы Анастасия Наумецкаяның Австрияда сапарда болған кезде осыған бірнеше рет көз жеткізуге мүмкіндігі болды.
Австриялық шарап және онымен байланысты Австриядағы оқыту семинарлары кәсіби шарап сыншыларының және бүкіл әлемдегі сарапшылардың орталы­ғына айналып барады. 2018 жыл­дың көктемінде шарап бойынша қазақстандық сарапшылардың тобы Австрия­ның шараптық өңір­леріне сапармен барып және онда өзінің білімдерін жоғарылатты.
Импортёрлар KWS, Ecotrade/Bottle, Monte Bianco, WineClub және Wine Territory қазіргі уа­қыт­та өзінің ассортиментінде көп­теген австриялық шараптары бар. Австриялық шараптардың таны­мал­дылығының арқасында олар жақын айлар кезінде өзінің ұсыны­сын арттыратын болады.
Айтылған импортёрлардың білімі жоғары және шарап әуес­қойларына, шарап талғағыш­тарға және сарапшы­ларға кәсіби кеңес­терді ұсынады.
ADVANTAGE AUSTRIA – бұл әлем­нің 70 елдеріндегі 110 кеңсе. Басты функциялары: Австрия және Қазақстанның іскерлік ортасының ықпал етуі, ынталандыру және ынтымақтас­тықты қолдау болып табылады.

Салтанат ҚАЖЫКЕН


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру