Валюта бағамы: $ 370.11 419.37 5.58 ¥ 53.73

«Теңізшевройлдың» болашағы жарқын

 Компанияның бас директоры ауысты

Алматыдағы «Intercontinental» қонақүйінің «Абылайхан» мәжіліс залында «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) кәсіпорынның басшылық құрамындағы жаңа басшылығын таныстыру мақсатында БАҚ саласының мамандарына арналған жиын өткізді.

«Теңізшевройл» ЖШС-нің бас директоры Тед Этчисон Шеврон корпорациясындағы 38 жылдық еңбек өтілінен кейін зейнетке шығып отыр. Т.Этчисон Индонезия, Нигерия, Қазақстан және АҚШ-тың түрлі бизнес бөлімшелерінде жобалау, өндіріс, басқару салаларында әр алуан басшылық қызметтерді атқарды. Тедтің басшылығымен ТШО қауіпсіз және сенімді өндіріс екенін дәлелдеп, 1993 жылдан бері көлемі 3 миллиард баррель мұнай өндіріп, маңызды межеге қол жеткізді. Журналистермен болған кездесу барысында Т.Этчисон: «Мен және жұбайым Сюзан үшін шамамен 8 жылдай Алматы мен Атырауда жұмыс істеп, осынау тамаша елдің бір бөлшегі болу зор құрмет болды. Бірнеше жыл бойы ТШО сияқты әлемдік деңгейдегі кәсіпорынды басқарып, Қазақстан Республикасының дамуына және де Теңізшевройлдың тамаша қызметкерлерін шыңдауға үлес қосқанымды мақтан тұтамын. ТШО-ның 25-жылдық мерейтойы жылы кәсіпорын тізгінін Имерге тапсыра отырып, мен оның басшы­лығымен кәсіпорынның одан әрі дами түсетінін сеніммен айта аламын», – деп атап өтті. Шара аясында Т.Этчисон «Теңізшевройлдың» 2017 және 2018 жылдары компанияның атқарған жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар ол «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) бас директоры болып тағайындалған тағайындалған Имер Бонерді журналистер қауымына таныстырды.
Имер Боннер 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Теңіз­шевройл» ЖШС (ТШО) бас директоры болып тағайындалды. Кә­сіпорынның жаңадан тағайын­далған бас директоры И.Боннер: «ТШО Келешек кеңею жобасымен дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Кәсіпорын мен ел үшін осынау маңызды кезеңде осында болу мен үшін зор құрмет», – деді. БАҚ саласының өкіл­дерімен болған кездесуде И.Бонер жур­на­лис­тердің сұ­рақтарына жауап берді.
Бұған дейін 2015 жылдың аяғынан бастап Боннер ханым ТШО-ның өндіріс жөніндегі бас менеджері қызметін атқарды. Бұл қызметте ол кәсіпорынның өндірістік қызметінің барлық қырына, атап айтқанда, өндіріске, бұрғылауға, қауіпсіздікке, ақпараттық технологияларға, кеніш игеруді нормативтік құқықтық қамтамасыз етуге және материалдық-техникалық жабдықтауға жауапты болды.
Имер өз мансабын Ұлыбрита­нияда, Солтүстік теңіздегі кеніште мұнайшы – инженер ретінде бастап, Ұлыбританияда, Тайландта, Қазақстанда, сондай-ақ Калифорния штатының Сан-Рамон қаласындағы «Шеврон» корпорациясының бас кеңсесінде жауапкершілік деңгейі арта түскен техникалық қызметкерден басшылық лауазымға дейін көтерілді.
Оның Қазақстандағы алғашқы қызметі 2012-2013 жылдары «Шеврон» корпорациясының Еуразия бөлімшесіне басқарушы директордың орынбасары болып тағайындалудан басталды. Ол бұл қызметте NOJV компаниясының Әзірбайжан мен Қазақстандағы қызметіне басшылық етті. Сондай-ақ, Имер өндіріс пен қайта инвестиция жасау портфеліне, өндірісті оңтайландыру жөніндегі функционалдық топтар қызметіне, маркетинг пен өнім өткізуге, барлау жұмыстарына жауап берді.
Бұның алдында ол «Шеврон Тайланд» бөлімшесі нысанында менеджер міндетін атқарып, үш теңіз кешеніндегі өндіріске жауап берді және де ірі күрделі жобаны табысты жүзеге асыруға, «Шеврон» компаниясының Тайландтағы активтерін ұлғайту үшін инвестиция портфелін дайындауға басшылық етті.
Ол Белфасттағы Квинс универси­тетінде «Химия инженері» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін, ал Лондондағы Империялық колледжден «Химия өнеркәсібі технологиясы», «Мұнай-газ өндірісі технологиясы» мамандықтары бойынша екі магистрлік дәреже иеленді. Қазір Имер Майкл Боннер атты жұбайымен және екі қызымен Атырау қаласында тұрады.
«Теңізшевройл» ЖШС жайғас­тыру, өндіру және мұнай, газ және күкірт өткізу жұмыстарымен айналысады. Барлық жұмыстар қауіпсіздік техникасы мен экология жөніндегі әлемдік стандарттар талаптары­на сай жүреді. «Теңізшевройл» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» корпорациясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: Шеврон – 50%, Қазмұнайгаз – 20%, ЭксонМобил – 25% және «ЛукАрко» – 5%.
Келешек кеңею жобасы (ККЖ) және Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – бір уақытта ТШО-мен жүзеге асырылған екі интеграциялық жоба. ККЖ-ны іске асыру Теңіз кен орнында мұнай өндіру көлемін жылына 12 млн. тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге дейін арттыруға мүмкіндік береді, нәтижесінде жылына 39 млн. тоннаны немесе күніне 850 мың баррельді құрайды. ККЖ-ны іске асыру өндірістік қуаттарды кеңейтуге бағытталған, ал ҰЕҚБЖ Теңізде жұмыс істейтін зауыттардың технологиялық мүмкіндіктерін толық пайдалануды қамтамасыз етіп, ұңғымалардың қысымын төмендету және алты интеграцияланған өнді­рістік желіге қысымның күшей­тілуі.
1993 жылдан бері ТШО Атырау облысы халқы мен өз қызметкерлері үшін түрлі әлеуметтік жобаларды қар­жыландыруға 1,4 миллиардтан астам АҚШ долларын жұмсады. «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасы арқылы ТШО Атырау облысында 84 жобаны жүзеге асырды.
ТШО «Игілік» бағдарламасы аясында 2017 жылы мектеп, балабақша, мәдениет үйі, спорт кешені және тағы да басқа әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға 25 миллион АҚШ долларын жұмсады.
Сонымен бірге, ТШО Атырау облысында тоғыз маңызды әлеуметтік инфрақұрылым жобасын, соның ішінде арнайы техникалық гимназия және Ретро-саябақ құрылысын аяқтады. «Игілік» бағдарламасының 2017 жылы аяқталған жобалары жергілікті әкімдік пен жұртшылықтың жоғары бағасына ие болды.
2017 жылы Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жергілікті және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта ТШО әлеуметтік салағы 1,06 миллион АҚШ доллары көлемінде жалпы инвестициямен Атырау облысында білім беру, денсаулық сақтау және кәсіпкерлікті дамыту салаларын жақсарту жобаларын қаржыландырды. Осы ұйымдардың қатарында «Қазақстанның тәуелсіз буыны» ЖҚҰ, Қазақстанның отбасылық дәрігерлер ассоциациясы (ҚОДА), «PYXERA Global» – «Ынтымақ Атырау» ҮЕҰ, Орта Азияның Еуразия қоры (ОАЕҚ), Британдық кеңес, «Жаңа ақпараттық серпін» және «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестіктері бар.
Бірақ, сонымен бірге, әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының негізгі мақсатынан бөлек, ТШО жер­гілікті ҮЕҰ-дардың да әлеуетін дамытуға ықпал етіп отырғанын атап өту қажет. Халықаралық ҮЕҰ-дар ТШО-ның серіктесіне айналып, артынан алдағы грант конкурсына қатысу үшін білімі мен тәжірибесін үйретіп, жергілікті ҮЕҰ құруға көмектескен табыс тарихының үлгілері де жоқ емес.
2010 жылдан 2017 жылға дейін ТШО ҮЕҰ-дармен бірге жалпы сомасы 6 миллион АҚШ доллары болатын 57 жобаны жүзеге асырды. Бұл жобаларда білім беруге, денсаулық сақтауға, жергілікті кәсіпорындарға қолдау көрсетуге және экологиялық сауаттылықты арттыруға назар аударылды.

Нұрлан ҚҰМАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру