Өткен 22 жылда халықтың кедей бөлігін кем дегенде 30%-ға қысқартып, Қазақстан үлкен табыстарға қол жеткізді. Бұл – бұлтартпас ақиқат. Олай болатын жөні де бар, кедейшілікпен күрес бағдарламасы іске қосылған – 1995 жылдан бастап, экономика өсе түсті. Әйтсе де, еліміз байығанымен (ІЖӨ – ішкі жалпы өнім – өсуде), халықтың әжептәуір бөлігінің нақты табыстары артпай отыр, деп түйіндейді сарапшылар.
Алдымен ресми өкілдер мен олардың уәжіне зер салсақ. 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындылары бойынша Қазақстандағы кедейшілік деңгейі 1996 жылдан бері 34,6%-ға қысқарды, деп әңгімеледі осы қараша айының басында үкімет алдында берген есебінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова. Бұл цифрлар нақты жағдаймен әбден үйлеседі, деп атап көрсетеді «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының президенті Гүлмира Илеуова да. Осы жылдың тамыз айында қор әлеуметтік зерттеулер өткізіп, нәтижесінде азық-түлік сатып алуға ақшалары жетпейтін қазақстандықтар саны 1,2% құрайтынын анықтаған. Бұндай көрсеткішке, сонау 1990-ыншы жылдары бастау алған, экономиканың дамуы арқасында қол жеткізіп отырмыз, деп атап өтті әлеуметтанушы.
«Осы жылдары ІЖӨ өсті, гиперинфляцияны ауыздықтап, еңсере алдық. Қазақстанның экономикасы ашық өркендеп, бұл инвестициялар ағымына жол ашты», – дейді Гүлмира Илеуова.
Статистика жөніндегі комитеттің мәліметтері бойынша, 1996 жылдан бастап Қазақстандағы ІЖӨ тұрақты өсіп отырған (1-инфографика).
Сонымен бірге соңғы жылдары үй шаруашылықтарының табыстары өспей келеді, дейді Г. Илеуова.
Бұл жерде биліктен тысқары салалар өкілдерінің пікірлеріне де көңіл аударып көрелік.
1998 жылдан бастап, өнімдері экспортқа жөнелтіліп келген экономиканың шикізаттық салаларындағы компаниялардың іс-қимылдары есебінен, көбінесе экономиканың өсімі қалыптасты, деп хабарлайды Halyk Finance инвестициялық компаниясынан. ІЖӨ-ге экспорттың үлесі 1998–2011 жылдары орта есеппен 42,1%-ға жетті, ал кейбір жылдары ІЖӨ-нің жартысынан астамын құрады (2008 жылы 53,3%).
Елімізге сыртқы сауда мен шикізаттық сектордан түскен ақшалар ішінара Ұлттық қорға зарарсыздандырылды. Мұндай іс-шаралар, атап айтқанда, 2001 жылдан бастау алған болатын, сол кезде қордың активтері 660 миллион долларды (96,85 млрд теңге) құрады, қазіргі кезеңде бұл 56,5 млрд долларға (21 трлн теңге) дейін өскен.
«Шикізаттық сектордан табыстар заңдық тұлғалардың (шикізат секторындағы компаниялардың және шикізат секторына қызмет көрсететін компаниялардың) депозиттері түрінде еліміздегі қаржылық жүйелерге түсіп отырған және экономикаға кредиттер түрінде қайта бөлініп келген. Ұлттық қорға салықтар түрінде және экспорттық баж салықтары түрінде түседі де, олар бюджет арқылы экономиканың басқа салаларына нысаналы, кепілденген трансферттер түрінде және бюджеттегі қызметкерлерге еңбек ақы түрінде бюджет арқылы қайта бөлініп отырады»,а – деп түсіндіреді Halyk Finance компаниясының сарапшылары.
Экономикадағы табыс пен оны қайта бөлудің механизмі арасындағы сәйкессіздік шикізаттық және шикізаттық емес секторлардың еңбекақылары арасындағы табыстардың алшақтығын туғызды. 2017 жылғы экономика салалары тұрғысындағы орташа еңбекақылардың талдауы тау-кен қазу өнеркәсібі мен карьерлерді пайдалану саласындағы ең жоғарғы мөлшердегі жалақы 341 775 теңгені (1998 жылы 20 317 теңге), қаржылық және сақтандыру қызметінде 298 725 теңге (1998 жылы 19 324 теңге) құрағанын көрсеткен.
Әйтсе де, егер қайта өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын есепке алсақ, бұл салалардағы жалақы 166 739 теңге (1998 жылы 11 357 теңге) және 91 084 теңгені (1998 жылы 9 683 теңге) құрапты, ал бұл шикізаттық сектордан екі есеге жуық төмен, деп атап көрсетеді инвесткомпания сарапшылары.
«Осылайша, егерде экономиканы шикізаттық секторды есепке алмай қарастырар болсақ, халықтың жалақы түріндегі табыстары бұдан да төмен болып шығады. Сондықтан экономиканың нақты өсімі, жоғарыда атап өткен қайта бөлу және табыстарды зарарсыздандыру механизмдері себебінен, осылайша өсу динамикасында – экономиканың жалпы дамуымен үйлесуі – мүлде мүмкін емес», – деп түсінік береді инвестиция компаниясынан.
80%-ы жалақының өзгерістеріне тәуелді – халықтың табыстары өзгеруінің қарқыны – экономиканың өсімінен едәуір деңгейде ажырап қалды. Мәселен, 2015 – 2017 жылдары халықтың нақты еңбекақылары 3% қысқарды, сөйте тұра, экономиканың нақты өсімі 6%-дан асып түсті. Бұл ретте көрсеткіштердің мұндай айтарлықтай деңгейдегі алшақтығы – жұмысшы күші әжептәуір деңгейде едәуір дәрежедегі мемлекеттік сектор үлесті, тиімділігі төмен сектор және артта қалған ауыл шаруашылығына тәуелді – отандық экономиканың шикізаттық үлгісімен түсіндіріледі. Тұтас алғанда, нақ осы салалар халықтың 70%-ын жұмыспен қамтып отыр.
«Мұндай үлгінің беки түсуі – ішкі сұраныстың ауқымды бөлігін қарпып алған, нәтижесінде жеке белсенділікті шектеп отырған – экономикадағы мемлекет үлесінің аса жоғары болуының да салдарынан», – деп қорытады инвестициялық компания сарапшылары.
Исатай ҚАМБАРОВ