Валюта бағамы: $ 370.11 419.37 5.58 ¥ 53.73

Баспанамен қамтамасыз ету – тұрмыс сапасын көтерудегі басты қадам

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында өндірісті өңір орталығы – Қарағанды қаласында бірқатар отбасы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында баспаналы болып, қоныстойын жасады.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының сатып алу құқымен жалға берілетін баспана бағыты бойынша жаңа пәтерлерге ие болған азаматтарға салтанатты кілт тапсыру рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі Нұржан Нұрланов, сондай-ақ холдингтің еншілес ұйымы, бағдарлама операторларының бірі – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ басқар­ма төрағасының орынбасары Айсұлтан Ақшөриндер қатысты.
Қарағанды қаласында баспаналы болған отбасыларына жаңа қоныстарының кілттерін тапсыру барысындағы құттықтау сөзінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бас­қарушы директоры – басқарма мүшесі Нұржан Нұрланов аза­маттардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін барынша қолайлы мүмкіндіктер жасауға бағытталған бағдарламаларды іске асырудың аса маңызды және ауқымды міндет болып саналатынын атап өтті.
– Біз бірінші кезекте көңіл бө­лген мәселе – баспанаға мұқтаж қазақстандықтар үшін тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесу болды. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының «Сатып алу құқымен жалға беру» бағытының жүзеге асырылу кезеңінде Қа­зақстанның барлық өңірлерінде жаңа үйлер салынып, 18 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді. Бұл дегеніміз 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй жалға беріліп, мыңдаған адам жаңа баспанаға қоныстанды деген сөз. Осынау айшықты деректер – жоспарланған жұмыстың тиімділігі мен табысты іске асырылуының айқын дәлелі, – деп нақтылады «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі Н.Нұрланов.
Жаңа үйлерден қоныстану­шыларға барлығы 58 бір бөлмелі, 125 екі бөлмелі, 39 үш бөлмелі және 4 төрт бөлмелі пәтер бө­лінген. Барлық пәтерлер кезекте тұрған адамдарға таза әрленген, бірден көшіп-қоныстануға дайын күйінде берілді. Жалға берілетін баспананың бір шаршы метрінің орташа құны 750 теңгені құрайды. «Сатып алу құқымен жалға алу» бағыты бойынша алдын ала төлем мен бастапқы жарна көз­делмеген. Жалдау ақысын өтеп тұрған 20 жылдан кейін пәтерлер азаматтардың меншігіне өтеді.
Жаңа баспаналы болғандар қатарында көпбалалы отбасылар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын өзге де азаматтар бар.
Индустриялық орталық тұр­ғындарына «Нұрлы жер» мем­ле­кеттік бағдарламасының аталған бағыты іске асырыла бастағаннан бері соңғы кезеңді есепке алғанда жалпы ауданы 31 521 шаршы метр болатын 500 пәтердің кілті тапсырылған екен.
Сонымен қатар, айтулы мереке қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының орталығы – Петропавл қаласының тұрғындары да жалға берілетін баспана кілттерін алды. Қазақстан ипотекалық компаниясы «Нұрлы жер» бағ­дарламасының жалға берілетін тұрғын үй бағытын іске асыру кезінде Петропавл қаласында жалпы ауданы 22 150 шаршы метр болатын 410 пәтер салып, кезекте тұрған отбасылар баспаналы болды.

Рымтай САҒЫНБЕКОВА  


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру