Валюта бағамы: $ 370.11 419.37 5.58 ¥ 53.73

Кредит беру былтырғыдан асып түскен

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) ҚР Ұлттық банкінің банктер бойынша 2018 жылдың 1 қарашасы жағдайындағы жиынтық есеп-қисабының талдауын жариялады.

ҚҚҚ-ның Талдау орталығы ха­­бар­лағандай, қыркүйектегі айтар­лық­тай өсімнен кейін ЕДБ-дің (екін­ші деңгейдегі банктер) жиын­тық актив­тері қазан айында (-0,003%) іс жү­зінде нөлдік көрсеткішті айқын­даған. Сонымен бірге, жаңа кредиттер беру қыркүйекпен (1,1 трлн теңге) бір деңгейде сақталып, қарыз қоржынының қалыпты өсімін (+1,0%) көрсетеді. Сондай-ақ банктік сек­тордың қарыз қоржынының сапасы одан әрі жақсару серпінімен (-0,6%) жалғасқан, бұл негізінен Халық банктің NPL-дері (жағымсыз кредиттер) азаюының септігі тиген.
Осы сектордың басқа да актив­те­рінің төмендеуі міндетте­мелердің тиісті серпіні (-0,2%) аясында жүзе­ге асқан. Бұл ретте корпоративтік кли­ент­­тердің қаржылары молаюы аясын­да депозиттік база (+0,9%) да арт­қан. Сонымен қатар сектордағы жеке капитал (+1,3%) өскен, бұл негізінен Халық банктың капиталы өсуінің (+27,8 млрд теңге) арқасында іске асқан. Сектордағы таза табыс көрсеткіші өсуінің (+12%) жалғаса түсуі – таза пайыздық табыстардың (Халық банк), комиссиялық кірістердің (Kaspi) артуы және бұрынырақ (мәселен, Сбербанк ЕБ – еншілес банкінде) байқалған резервтердің құнсызданған кре­диттік қоржынға жұмсалып келген айтарлықтай аударымдардың жоқтығы аясында – жалғасын тапты.
Осы ретте аталып отырған кредиттеудің өсуі ҚР ҰБ-ның қысқа мерзімді ноттарына сұраныстың айтарлықтай артуымен қосарлана іске асты. Мәселен, ноттар эмиссиясы қазанда 2,4 есе, 7,2 трлн теңгеге дейін артқан, ал айналымдағы ноттар көлемі – 12,2%-ға, 3,8 трлн теңгеге дейін (ағымдағы кезеңде 4,2 трлн) артыпты. Атап айту керек, дейді ҚҚҚ сарапшылары, жыл басынан бері 10,7 трлн теңге (+25%) сомасында жаңа кредиттер берілген, бұл іс жүзінде былтыр бүкіл жыл бойына (10,9 трлн теңге) берген көрсеткішпен теңдей дерлік деңгейде.
Сонымен бірге жыл басынан бері кредиттеу үдерісінің валюталық заемдардан (-408,1 млрд теңге) теңгелік кредиттермен (+479,1 млрд теңге) айырбасталғаны туралы дәлелдейді. Осының аясында шетелдік валютадағы кредиттердің үлесі 26,3%-дан 22,9%-ға дейін (қазан айында -0,1%-ға) төмендеген. Сондай-ақ корпоративтік кредиттеудің (-568,7 млрд теңге), оның ішінде Цеснабанктен ауыл шар­уашылығы кредиттерін сатып алу ар­қылы, есебінен де азаюы қарыздық қор­жын құрылымында бөлшек сауда заем­дарының артуға қарай ойысуы өзгерістері байқалады. Дегенмен де, кредиттік қоржын құрылымындағы заңды тұлғалардың 59,4% заемдары – басым күйінде қалып отыр (1-диаграмма).

Міндеттемелер азайып, депозиттік база өскен

Депозиттік база (+152,7 млрд теңге) бойынша, көрсетілген төмендеу басқа да міндеттемелер есебінен болып отыр. Атап көрсету қажет, банктердің міндеттемелері құрылымында клиенттердің – 77,8% (+0,9%) салымдарының үлесі жоғары, айналымға шығарылған бағалы қағаздар – 6,8% (+0,2%), банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын басқа да банктер мен ұйымдардан алған заемдар – 3,7% (өз­гермеген) үлестері мейлінше жоғары орында.
Валюталық нарықта (қазанда USDKZT жұбы бойынша бағам 1,6%-ға өсті) сақталып отырған жоғары құбылмалылыққа қара­мас­тан депозиттерді долларландыру өткен айда 47,5%-дан 46,9%-ға дейін төмендеген. Аталған дол­лар­лан­дырудың төмендеуіне – шетелдік валюталарға бөлшек сауда салымдарының (-1,9%) төмендеуімен қатарлас – заңды тұлғалардың теңгелік депозиттері өсуі (+1,6%) негізгі әсерін тигізген. Дегенмен, халық әлі де болса өз жинақтарының жартысын шетелдік валютада (49%) сақтауда, сөйте тұра, заңдық тұлғалардың салымдарын долларландыру 44,9% құрап отыр (2-диаграмма).

Сектордағы таза пайда шұғыл өсе  түсуді көрсетуде

Октябрьдің қорытындысы бойынша таза табыс 11,9% (+60,4 млрд теңге) құрап, 566,5 млрд теңгеге дейін артқан. Бұл ретте аталған өсімнің 75%-ы Халық банктың (30,5 млрд теңге), Kaspi-дің (8,7 млрд теңге) және Сбербанк ЕБ (6,2 млрд теңге) еншісінде екен. Өзекті корпоративтік есеп-қисапқа сәйкес табыстың артуы таза пайыздық пайдалардың (Халық банк), комиссиялық кірістердің (Kaspi) өсуі және бұрын байқалған ре­зервтердің құнсызданған кредиттік қоржынға жұмсалып келген айтар­лықтай аударымдардың жоқтығы (Сбербанк ЕБ) аясында болып отыр.
Сонымен қатар ЕДБ-лер актив­терінің табыстылығы мен жеке орташа көрсеткіштері кіріс өсімі аясында одан әрі жақсара түскен. Активтер тиімділігінің (ROAA) орташа көрсеткіші 2,3% (01.11.2017 жылы 0,04%) құраған, сонымен бірге өз жеке капиталының тиімділігі (ROAE) 18,9% (0,4%) құраған, яғни, инфляцияның ресми деңгейінен бес еседен аса артық (2018 жылдың қаңтар-қазаны қорытындысы бойынша 3,7%) (3-диаграмма).

(Диграммалар ҚР Ұлттық банкі сайтынан алынды).

Иса ҚАМБАР


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру