Валюта бағамы: $ 370.11 419.37 5.58 ¥ 53.73

Азаматтардың өтініштері – басты назарда

Еліміздің әрбір азаматының Конституциямызда кепілдік берілген маңызды құқықтарының бірі – кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігі, өз мүлкін кез келген заңды қызмет үшін еркін пайдалану екені белгілі. Оның ішінде мемлекеттік сатып алулар кезінде де пайдалануына мүмкіндік берілген.

Осы орайда мемлекеттік сатып алулар саласындағы өкілетті орган ретінде ішкі мемлекеттік аудит ұйымдары мемлекеттік сатып алулардың субъектісі болып табылатын азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті де өз кезегінде мемлекеттік сатып алу шараларының заңна­маға сай өтуіне өз үлесін қосып келеді. Айталық, заңды және жеке тұлғалардың, әлеуетті жет­кізушілердің, аукционға немесе конкурсқа қатысушылар­дың мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға, конкурстық комиссияның, сарапшылардың, тапсырыс берушінің шешіміне қатысты жазбаша өтініштері болған жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.
Бұл жағдайда, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес, әлеуетті жеткізуші дегеніміз – мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарт жасауға үміткер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар мен заңды тұл­ғалар екенін айта кету орынды. Ал мемлекеттік сатып алуларға қатысушылар – мем­лекеттік сатып алуларға қаты­суға берілген өтініштерді қарау қорытындысы бойынша конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарына және біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті қатысушылар. Оның ішінде жеткізуші деп мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған келісімшартта тапсырыс берушінің контрагенті болып саналатын тұлғаны атайды.
Мәселен, Алматы қаласы Ішкі мемлекеттік аудит депар­таментінің басшылығы 2017 жылы мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан заңнамасы нормаларын сақтау мәселесіне байланысты 44 азамат пен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдады. Барлық заңды және жеке тұлғалардың өтініштері қаралды және сол берілген өтініш тілінде тұжырымды жауаптар берілді. Бұл жауаптар өтініш берушінің уәждерін растайтын немесе теріске шығаратын нақты фактілерден құралған және олардың қабылданған шешімге шағым беру құқығы түсіндірілген. Ішкі мемлекеттік аудит департаменті заңнаманы сақтауға қатысты жұмыстарды ұдайы жалғастыратын болады.

Ербол ТҰРСЫНБЕКОВ,
Алматы қаласы
Ішкі мемлекеттік
аудит департаменті
мемлекеттік сатып алулар аудиті бөлімінің басшысы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру